Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Қаулы · № 245 · қабылданған 14.03.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-71660/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О некоторых вопросах Министерства внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 245 ·14.03.2013
02.05.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 245 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах Министерства внутренних дел Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
245
Қабылданған күні
14.03.2013
Көрсетілген редакция
02.05.2013 AI71660_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.05.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000245
ЭКБ идентификаторы
71660
Редакция идентификаторы
AI71660_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:28

0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті таратылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 жыл, № 25, 311-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Министрлiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда, қалалардағы аудандарда және көлiктегi аумақтық органдары, сондай-ақ Iшкi әскерлер комитетi, Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетi, Тергеу комитетi, Криминалдық полиция комитетi, Әкiмшiлiк полиция комитетi, Жол полициясы комитетi және Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ведомстволары бар.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiкті сақтау, қылмысқа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес, есiрткi мен қару-жарақ айналымын бақылауды қамтамасыз ету, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, қылмыстық жазаларды орындау, қылмыстық-атқару жүйесіндегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету, сотталғандардың түзелуін ұйымдастыру, күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталғандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, ішкі істер органдарының құзыретіне жататын қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды жүзеге асыру және заңнамалық актілерге сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу болып табылады.»;
12-тармақта:
116), 118), 120), 121), 129), 130), 132) тармақшалар алынып тасталсын;
119) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«119) босқындар мәселелері бойынша жұмысты үйлестіреді;»;
131) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«131) босқындар мәселелері бойынша заңнаманы сақтауда мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
133), 134) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«133) босқындарды тіркейді және есепке алуды жүргізеді;»;
«134) аумақтық органдардың босқын мәртебесін беруден бас тартуы туралы шағымдар жөніндегі шешімдер қабылдайды;»;
19-тармақтың 11-1) тармақшасы алынып тасталсын;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Мемлекеттік мекемелер» деген 1-бөлімнің 98, 99, 100, 101-тармақтары алынып тасталсын;

2 2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
2-бөлімде:
мына:
«
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі, оның аумақ­тық ор­ган­да­рын және оған ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­ді ес­ке­ре оты­рып, оның ішін­де:
128398
Об­лы­стар­дың бюд­жет­те­рі мен рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның бюд­жет­те­рі есе­бі­нен ұста­ла­тын іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­ның әкім­ші­лік по­ли­ци­я­сы, оның ішін­де:
45739
Аста­на қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
2573
Ақ­мо­ла об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
2706
Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
2313
Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
4405
Ал­ма­ты об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
2903
Аты­рау об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
1862
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
4434
Жам­был об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
2315
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
1938
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
5037
Қы­зы­лор­да об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
1728
Қо­ста­най об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
2818
Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
1866
Пав­ло­дар об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
2352
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
2147
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
4342
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі, оның аумақ­тық ор­ган­да­рын және оған ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­ді ес­ке­ре оты­рып, оның ішін­де:
128255
Об­лы­стар­дың бюд­жет­те­рі мен рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның бюд­жет­те­рі есе­бі­нен ұста­ла­тын іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­ның әкім­ші­лік по­ли­ци­я­сы, оның ішін­де:
45596
Аста­на қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
2566
Ақ­мо­ла об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
2697
Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
2306
Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
4396
Ал­ма­ты об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
2894
Аты­рау об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
1855
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
4426
Жам­был об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
2307
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
1931
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
5027
Қы­зы­лор­да об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
1721
Қо­ста­най об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
2811
Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
1849
Пав­ло­дар об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
2345
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
2140
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
4325
»;
7-бөлімде:
мына:
«
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі, оның аумақ­тық ор­ган­да­рын және оған ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­ле­рін ес­ке­ре оты­рып, оның ішін­де:
1290
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі, оның аумақ­тық ор­ган­да­рын және оған ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­ле­рін ес­ке­ре оты­рып, оның ішін­де:
1433
».

2-1 2-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы