Құжат мәтініне өту

Об оказании единовременной материальной помощи

Өзге акт · № 14/4 · қабылданған 26.02.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-71732/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об оказании единовременной материальной помощи Күшін жойған Өзге акт ·№ 14/4 ·26.02.2013
22.05.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании единовременной материальной помощи

Күшін жойған Өзге акт ·№ 14/4 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании единовременной материальной помощи
Атауы (қаз.)
Біржолғы материалдық көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
14/4
Қабылданған күні
26.02.2013
Көрсетілген редакция
22.05.2013 AI71732_2.kaz
Соңғы өзгеріс
22.05.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13LA004424
ЭКБ идентификаторы
71732
Редакция идентификаторы
AI71732_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:38

0 Біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. 2013 жылдың 31 мамырына дейін біржолғы материалдық көмек көрсетілсін:

1

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 68 000 (алпыс сегіз мың) теңге мөлшерінде;

2 2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға 25 000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде;

3

3) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 49 720 (қырық тоғыз мың жеті жүз жиырма) теңге мөлшерінде;

4

4) жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге, ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілеріне, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге, 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға 25 000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қалалық мәслихаттың кезектен
тыс ХІV сессиясының төрағасы               Ғ. ИБРАЕВ
Қызылорда қалалық
мәслихатының хатшысы                       И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ

Қолданыстағы