Құжат мәтініне өту

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для кандидатов в депутаты районного маслихата вместо выбывших

Қаулы · № 99 · қабылданған 19.02.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-71753/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для кандидатов в депутаты районного маслихата вместо выбывших Күшін жойған Қаулы ·№ 99 ·19.02.2013
17.06.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для кандидатов в депутаты районного маслихата вместо выбывших

Күшін жойған Қаулы ·№ 99 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для кандидатов в депутаты районного маслихата вместо выбывших
Атауы (қаз.)
Шығып кеткендердің орнына аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
99
Қабылданған күні
19.02.2013
Көрсетілген редакция
17.06.2013 AI71753_2.kaz
Соңғы өзгеріс
17.06.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13VI002920
ЭКБ идентификаторы
71753
Редакция идентификаторы
AI71753_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:41

0 Шығып кеткендердің орнына аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, кенттер мен ауылдық округ әкімдерінің және тиісті сайлау комиссияларының ұсыныстарын қарап, Глубокое аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, шығып кеткендердің орнына аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

2 2. Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері тиісті сайлау комиссияларымен бірлесіп насихат баспа материалдарын орналастыратын орындарды хабарландыру орналастыратын стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары С.С. Жұмаділовке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілген:
Глубокое ауданының
аймақтық сайлау
комиссиясының төрайымы Н. Грохотова

5 Шығып кеткендердің орнына аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Глубокое аудандық әкімдігінің
2013 жылғы 19 ақпандағы
№ 99 қаулысына қосымша
Шығып кеткендердің орнына аудандық мәслихаттың
депутаттығына кандидаттардың үгіт баспа материалдарын
орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
Глубокое кенті – Ленин көшесі № 64 үй, «Грета» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанында; Берестов көшесі № 12 үй, № 5 дүкен жанында; Пирогов көшесі № 15 үй, «Элегант» базары жанында;
Верхнеберезовский кенті – Школьная көшесі 10, «Бастауыш мектеп – бала бақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанында, соңғы аялдама; кен байыту фабрикасының бас корпусы жанында;
Секисовка ауылы - Совхозная көшесі 6, кітапхана ғимараты жанындағы алаңда; Шоссейная көшесі 18/1, автобекет жанында; Чапаев көшесі 52, наубайхана жанында; Шоссейная көшесі 36, ауыл орталығындағы алаңда; Новостроевская көшесі мектеп маңында;
Белокаменка ауылы – Центральная көшесі, әкімдік жанында;
Ново-Михайловка ауылы – Л.Г. Бердиникованың № 42 үйдің жанында;
Перевальное ауылы – Садовая көшесі № 22 үй, «Тройка» дүкенінің жанында;
Быструха ауылы – Новостройка және Советская көшелерінің қиылысқан жерінде, «Хуторянка» дүкенінің аумағында; Ленин көшесі «Нива» дүкенінің жанында.

Қолданыстағы