Құжат мәтініне өту

Об установлении единых ставок фиксированного налога

Өзге акт · № 5С-13/5 · қабылданған 28.02.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-71867/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении единых ставок фиксированного налога Күшін жойған Өзге акт ·№ 5С-13/5 ·28.02.2013
30.03.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении единых ставок фиксированного налога

Күшін жойған Өзге акт ·№ 5С-13/5 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении единых ставок фиксированного налога
Атауы (қаз.)
Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5С-13/5
Қабылданған күні
28.02.2013
Көрсетілген редакция
30.03.2017 71867_182089.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13BB003698
ЭКБ идентификаторы
71867
Редакция идентификаторы
71867_182089
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:34

0 Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Степногорск қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2

2. Степногорск қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы № 4С-18/8 "Степногорск қаласы және кенттерде бір жолғы талондардың құнын және тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-2-111 тіркелген, 2009 жылғы 29 мамырда "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" газеттерінде жарияланған), 2011 жылғы 4 қарашадағы № 4С-45/4 "Степногорск қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы № 4С-18/8 "Степногорск қаласы және кенттердегі бір жолғы талон мен белгіленген салық мөлшерлемесінің құн көлемін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-2-150 тіркелген, 2011 жылғы 8 желтоқсанда "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" газеттерінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Степногорск қаласының әкімі М. Тақамбаев
"Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Ақмола облысы
бойынша Салық департаментінің
Степногорск қаласы бойынша
Салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы С. Қойшыбаев

4 Степногорск қалалық мәслихатының

2013 жылғы 28 ақпандағы
№ 5С-13/5 шешіміне
қосымша
Салық салынатын объектінің бірлігіне айына бірыңғай тіркелген салық ставкалары
№ р/р
Салық салу объектісінің атауы
Айына тіркелген салық базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіштерінде)
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
2
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
1
4
Ойын жолы
15
5
Карт
2
6
Бильярд үстелі
5

Қолданыстағы