Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
- Атауы (қаз.)
- Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 114
- Қабылданған күні
- 05.03.2013
- Көрсетілген редакция
- 05.03.2013 AI71868_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.03.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13NF004076
- ЭКБ идентификаторы
- 71868
- Редакция идентификаторы
- AI71868_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:32
0 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Аманкелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1 1) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, нақты шығындар бойынша жедел емделуге, біржолғы, бірақ 50 айлық есептік көрсеткіштен көп емес;
2 2) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, біржолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3
3) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, қайтыс болған күні "Аманкелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген болса, біржолғы 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4 4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, біржолғы, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5 5) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға, біржолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6
6) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушыларды, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастарына техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге;
7 7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын, 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8 8) мүгедектерге шипажай немесе оңалту орталықтарына жол жүруге байланысты шығындарды өтеуге бір жолғы, нақты шығындар бойынша;
9
9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, бір жолғы, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
2 2. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Аманкелді аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________________ М. Тобағабулов
"Аманкелді ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________________ М. Сакетов
13 Мәслихаттың
2013 жылғы 5 наурыздағы
№ 114 шешіміне
қосымша
"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері
бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына
әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік
қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі
1 1. Міндетті құжаттар:
1 1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;
2 2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған алушылар үшін – туу туралы куәлік;
3 3) алушының тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
4 4) алушының банктік шоты бар болуын растайтын құжат;
5 5) алушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат және заңды өкілдің өкілеттігін растайтын құжат қоса беріледі.
2 2. Қосымша құжаттар:
1 1) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, нақты шығындар бойынша жедел емделуге:
алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
емделу нақты шығындарын растайтын құжат;
2 2) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге:
өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
қайтыс болуы туралы куәлік;
3
3) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғалары үшін, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күні жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса:
өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
қайтыс болуы туралы куәлік;
туыстық қатынастарды растайтын құжат;
4 4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай:
егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
5 5) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға:
емделуде болғанын растайтын, тиісті медициналық ұйымнан анықтама;
6
6) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушыларды, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастарына техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге:
өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға алушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
тиісті оқу орнымен берілген, оқу жылына оқу төлемінің мөлшері мен оқу орнын растайтын құжат;
оқу төлемін растайтын құжат;
7 7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін тұрмыстықтық қажеттіліктерге:
егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат.
8 8) мүгедектерге шипажай немесе оңалту орталықтарына жол жүруге байланысты шығындарды өтеуге, нақты шығындар бойынша:
алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді;
шипажай-курорттық картасынан немесе медициналық картасынан үзінді;
жол жүру билеттері (тұрғылықты орнынан жетуге және кері қайтуға);
9 9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай:
егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат.