Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры и ветеринарии которым установлено повышение к должностным окладам за работу в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры и ветеринарии которым установлено повышение к должностным окладам за работу в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 91
- Қабылданған күні
- 27.02.2013
- Көрсетілген редакция
- 19.01.2016 71889_273813.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13VR002925
- ЭКБ идентификаторы
- 71889
- Редакция идентификаторы
- 71889_273813
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:35
0 Ауылдық жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18 бабы 2) тармақшасына, 238 бабы 3 тармағына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 2 тармағына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауылдық жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) 1, 2, 3, 4 қосымшаларға сәйкес айқындалсын.
2 2. Тізбе келісуге Үржар аудандық мәслихатына ұсынылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Сейітқановқа жүктелсін.
4 4. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Үржар аудандық
мәслихатының хатшысы М. Бітімбаев
2013 жылғы 05 наурыз
5 Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Үржар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесі
Үржар аудандық әкімдігінің
2013 жылғы 27 ақпандағы
№ 91 қаулысына № 1 қосымша
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Үржар ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық
айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету
мамандары лауазымдарының тізбесі
1 1. Үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелерінің меңгерушілері.
2 2. Әлеуметтік қызмет мамандары.
3 3. Әлеуметтік қызмет кеңесшілері.
4 4. Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер.
10 Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Үржар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесі
Үржар аудандық әкімдігінің
2013 жылғы 27 ақпандағы
№ 91 қаулысына № 2 қосымша
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
«Үржар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын
көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары
лауазымдарының тізбесі
1
1. Мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын (әкімшіліктік шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарын қоспағанда), орталық, мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары, лагерь бастығы, оның ішінде: кітапхана, интернат, шеберхана, өндіріс, кабинет, оқу - өндірістік пункт, әдістемелік кабинет меңгерушісі.
2
2. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдары: барлық мамандық мұғалімдері, аға тәрбиеші, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, аға шебер, шебер, аға тәлімгер, оқытушы, концертмейстер, әдістемеші, көркем жетекші, музыкалық жетекші, нұсқаушы, әлеуметтік педагог, педагог–ұйымдастырушы, қосымша білім педагогы, педагог–психолог, логопед-мұғалімі, дефектолог мұғалімі, бастауыш әскери дайындықтың оқытушы–ұйымдастырушысы, аккомпаниатор, зертханашы (физика, химия, биология, информатика кабинеттері).
3 3. Мамандар (бас, аға) оның ішінде: кітапханашы, тәлімгер, хореограф.
14 Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Үржар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесі
Үржар аудандық әкімдігінің
2013 жылғы 27 ақпандағы
№ 91 қаулысына № 3 қосымша
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Үржар аудандық мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ауылдық
(селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру
белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының
тізбесі
1 1. Мәдениет саласы мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорынның басшылары («Аудандық орталық кітапхана» Мемлекеттік мекемесінің, аудандық «Мәдениет үйі» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның директорлары).
2 2. Мәдениет саласының мамандары: клуб меңгерушісі, мәдени шараны ұйымдастырушылар, әртістер, бишілер (хореограф), музыкалық оператор, менеджер, көркемдік жетекшілер, экскурсия жетекшісі, музыканттар, қоюшы-режиссер, костюмер, кітапханашылар, суретші, клуб жөніндегі маман, үйірме жетекшісі.
17 «Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесiнiң ауылдық жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген ветеринария мамандары лауазымдарының тiзбесi
Үржар аудандық әкімдігінің
«27» ақпан 2013 ж
№ 91 қаулысына № 4 қосымша
«Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық ауыл шаруашылығы және
ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесiнiң ауылдық жердегі
жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген
ветеринария мамандары лауазымдарының тiзбесi