Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные постановления Верховного Суда Республики Казахстан

Қаулы · № 2 · қабылданған 04.04.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-71916/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные постановления Верховного Суда Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 2 ·04.04.2013
29.06.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные постановления Верховного Суда Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 2 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные постановления Верховного Суда Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2
Қабылданған күні
04.04.2013
Көрсетілген редакция
29.06.2017 AI71916_4.kaz
Соңғы өзгеріс
29.06.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P130000002S
ЭКБ идентификаторы
71916
Редакция идентификаторы
AI71916_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:20

0 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:

1 1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-1. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 29.06.2017 № 5 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
1-2. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
1-3. "Соттардың қылмыстық істер бойынша жеке қаулылар шығару тәжірибесі туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 11 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 18 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге):
1) 3-тармақтағы "мен соттардың" деген сөздер алып тасталсын;
2) 5-тармақтағы "немесе төменгі саты сотының қарауы кезінде" деген сөздер алып тасталсын және аталған тармақтағы "ҚІЖК-нің 446-8-бабының 6) тармақшасына" деген сөздер "ҚІЖК-нің 446-8-бабының 8) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) аталған нормативтік қаулы 15-1-тармақпен толықтырылып мынадай редакцияда жазылсын:
"15-1. ҚІЖК-нің 59-бабының 4 және 5-бөліктеріне сәйкес, қадағалау сатысындағы сот ҚІЖК-нің 387-бабында көрсетілген мән-жайларды анықтаған кезде ҚІЖК-нің 448-бабының 6-бөлігіне сәйкес орындалатын жеке қаулы шығарады.";
1-4. "Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы" 2005 жылғы 20 маусымдағы № 1 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 10 нормативтік қаулысымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге):
1) 39-тармақтың екінші абзацындағы "575" деген цифрлар "575-1" деген цифрлармен ауыстырылсын, "қадағалау тәртібінде ғана" деген сөздер "талап қараусыз қалдырылған жағдайларды қоспағанда, кассациялық және қадағалау тәртібінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
1-5. "Жеке айыптау істері бойынша сот тәжірибесі туралы" 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 13:
1) 9-тармақтың үшінші абзацы "сотталушымен" деген сөзден кейін "соның ішінде медиация тәртібімен" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 12-тармақтағы "391" деген цифрлар "393" деген цифрлармен
ауыстырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-тармағына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі және жалпыға бірдей міндетті болады әрі жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Жо­ғар­ғы Со­ты­ның Тө­ра­ға­сы Б. Бек­на­за­ров
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Жо­ғар­ғы Со­ты­ның су­дья­сы,
жал­пы оты­рыс хат­шы­сы Д. Нұ­ра­лин

Қолданыстағы