Құжат мәтініне өту

Об оказании единовременной материальной помощи

Өзге акт · № 118 · қабылданған 27.03.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-71931/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об оказании единовременной материальной помощи Күшін жойған Өзге акт ·№ 118 ·27.03.2013
31.05.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании единовременной материальной помощи

Күшін жойған Өзге акт ·№ 118 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании единовременной материальной помощи
Атауы (қаз.)
Біржолғы материалдық көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
118
Қабылданған күні
27.03.2013
Көрсетілген редакция
31.05.2013 71931_171126.kaz
Соңғы өзгеріс
31.05.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13LG004427
ЭКБ идентификаторы
71931
Редакция идентификаторы
71931_171126
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:25

0 Біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:

1 1. 2013 жылдың 1 маусымына дейін облыстық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерден біржолғы материалдық көмек көрсетілсін:

1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 68 000 теңге мөлшерінде;

2 2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға 25 000 теңге мөлшерінде;

3

3) 1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 46 122 теңге мөлшерінде.

2 2. 2013 жылдың 1 маусымына дейін аудандық бюджеттен біржолғы материалдық көмек көрсетілсін:

1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 69 240 теңге мөлшерінде;

2 2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға 51 930 теңге мөлшерінде;

3 3) жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлерге 51 930 теңге мөлшерінде;

4 4) 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға 51 930 теңге мөлшерінде;

5

5) бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге 51 930 теңге мөлшерінде.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы