Құжат мәтініне өту

Об установлении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Южно-Казахстанской области

Ереже · № 12/112-V · қабылданған 28.03.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-71981/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Южно-Казахстанской области Күшін жойған Ереже ·№ 12/112-V ·28.03.2013
26.06.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Южно-Казахстанской области

Күшін жойған Ереже ·№ 12/112-V · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Южно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
12/112-V
Қабылданған күні
28.03.2013
Көрсетілген редакция
26.06.2013 71981_177841.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13U0002259
ЭКБ идентификаторы
71981
Редакция идентификаторы
71981_177841
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:24

0 Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 4) тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Оңтүстік Қазақстан облыстық

мәслихатының 2013 жылғы
«28» наурыздағы № 12/112-V
шешімімен бекітілген
Оңтүстік Қазақстан облысы қалалары және елді
мекендерінің аумақтарын абаттандыру
ҚАҒИДАСЫ

1 1-бөлім. Жалпы ережелер

1

1. Осы Оңтүстік Қазақстан облысы қалалары және елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
Қағида абаттандыру (көріктендіру), санитарлық ұстау, аумақтардың тазалығын сақтау және жиналуын ұйымдастыру, облыста инфрақұрылым нысандарын ұстау және қорғау саласындағы қатынастарды реттейді және меншік түрлеріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар үшін қажетті.

2 2. Осы Қағидада пайдаланатын негізгі ұғымдар мен түсініктемелер:

1

1) абаттандыру - адамның өмір тіршілігіне ыңғайлы, жайлы және қауіпсіз ортаны қамтамасыз ететін жұмыстар мен элементтердің кешені, аталған жұмыстар кешені аумақта тазалау жұмыстарын ұйымдастыруды, абаттандыру (көріктендіру) нысандар мен элементтерді ұстау, пайдалану, жөндеу мен қорғау мына негізгі бағыттар бойынша қарастырады: инженерлік абаттандыру (көріктендіру), үй маңындағы аумақтарды абаттандыру(көріктендіру) және тағы басқа;

2 2) ақпараттық қамтамасыздандыру – абаттандыру (көріктендіру) кезінде жергілікті қаражаттың есебінен жүргізіледі;

3

3) бекітілген аумақ – бекітілген аумақ субъектілерімен түзетілген келісім бойынша қаланы, ауданды және елді мекендерді абаттандыру (көріктендіру) және санитарлық ұстау бойынша жұмыстарын ұйымдастыру кезінде уәкілетті органымен берілетін аумақты абаттандыру (көріктендіру), тазалау мен ұстау төлқұжатында көрсетілген жер телімі;

4 4) бөлінген аумақ - заңнамада қарастырылған, құқықтарымен жеке және заңды тұлғаларға берілген (бекітілген), қала құрылысы құжаттарында және Мемлекеттік жер кадастрда белгіленген ауданы, шекарасы, тұрған жері, заңдық мәртебесі және басқа сипаттарға ие болатын қала аймағының бөлігі;

5

5) жол жүрісіне қатысушыларды ақпараттық қамтамасыз ету құралдары - жарнамалық ақпараттық элементтері бар ҚР 1125 «Жол белгілері» стандарты бойынша ақпараттық-көрсеткіш жол белгілері 5.20.1, 5.20.2, 5.21.1, 5.21.2, 5.27 және жол жүрісіне қатысушыларды олардың тұрған жері, объектілерді, тұрған жері мен жүріс бағыттары туралы хабарлауға арналған жарнамалық-ақпараттық белгілер;

6

6) жолға бөлiнген белдеу – автомобиль жолдары алып жатқан, автомобиль жолының тиiстi құрастырмалы элементтерi мен инженерлiк құрылыстарын, сондай-ақ оларды пайдалану үшiн қажеттi ғимараттарды, құрылыстарды, қорғаныштық және әсемдiк орман екпелерiн отырғызуға және жол байланысы құрылғыларын орналастыруға арналған көлiк жерлерi;

7 7) жолдарды күтіп ұстау – көлік жолдарын пайдалану ережесінің талаптарына жауап беретін жолдарының, жол имараттарының көліктік-пайдалану жағдайлары ұсталатын нәтижесіндегі жұмыстар кешені;

8

8) жөн-жосықсыз төгілетін қоқыстар үйінділері - заңды және жеке тұлғалардың қызметі кезінде пайда болған қатты тұрмыстық қалдықтар (әрі қарай – ҚТҚ), ірі көлемді қоқыс (әрі қарай – ІКҚ), өндіріс және құрылыс қалдықтары, басқа қоқыстар, өз еркімен (жөн-жосықсыз төгілетін) шығару (орналастыру) немесе үю;

9 9) көшелердің санаты – көлік қозғалысының қарқындылығына және олардың пайдаланылуы мен күтіп ұсталуына қойылатын ерекшеліктерге байланысты жергілікті магистральдарының, көшелерінің және өтпе жолдарының жіктеуі;

10 10) қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) тұтынылған тұрмыстық қалдықтар;

11

11) маңайдағы аймақ – жер телімінің меншіктенушінің немесе жер пайдаланушының шекарасына тікелей жанасқан аймақ, жер теліміне құқық белгілеу құжаттары жоқ болған жағдайда жеке және заңды тұлғалардың меншігінде, пайдаланымда, жалға алынған ғимарат, құрылыс, құрылыс алаңдарының шарбақтарының шекарасына шектесіп тұрған сауда нысандарының, жарнама немесе басқа нысандардың шекарасына тұтасатын аймаққа, жоқ болған кезде, нысанның периметрінің 10 метріне дейін;

12 12) өкілетті орган – тиісті әкімдіктің өкілеттігімен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында функцияларын орындайтын мемлекеттік орган;

13 13) өтпе жол - тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және басқа да аудандар, шағын аудандар, орамдар ішіндегі қалалық құрылыс нысандарына көліктердің кіруін қамтамасыз етуші жол элементі;

14 14) сыртқы (көрнекі) жарнама - жылжымалы және жылжымайтын объектілерде орналастырылған, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылған жарнама;

15 15) сыртқы (көрнекі) жарнама құралдары - жарнаманы стационарлық аумақтық орналастырудың техникалық құралдары;

16 16) сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру - кеңістіктік жылжуы жоқтығымен сипатталатын жарнаманы стационарлық орналастыру объектілері көмегімен жарнаманы тұтынушы мәліметіне дейін жарнамалық ақпаратты жеткізу;

*Ескерту – жарнаманы стационарлық орналастыру объектілеріне стендтер, жарықтық таблолар, билбордтар, транспаранттар мен басқа ұқсас құралдар жатады;

17 17) тротуар - жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолға жалғасып немесе одан көгалдармен немесе арықпен бөлініп жатқан жолдың бөлігі;

18 18) шағын сәулеттік пішіндер – декоративтік сипаттағы және іске жарамды нысандар-мүсіндер, субұрқақтар, оймабедерлер, гүлдерге арналған құмыралар, павильондар, сәкілер, орындықтар, қоқыс жәшіктері, балалардың ойындарына және ересек тұрғындардың демалуына арналған жабдықтар мен конструкциялар;

19 19) ірі көлемді қоқыс (ІКҚ) - өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан және өздерінің көлемі бойынша арнаулы қоқыс жинайтын машиналармен тасымалдау мүмкіндігін қоспағанда тұтыну және шаруашылық қызметінің қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз және тағы басқалар).

3 3. Бекітілген аумақтар:

1 1) бөлінген және маңайындағы аумақ;

2 2) инженерлік желілерінің қорғалатын аумақта;

3

3) кіші сәулет түрлерін орнату үшін, балалар, кір жаятын, қоқыс жәшіктері алаңдарын, автокөлік тұрақтарын, сәндік бағаналарды орнату үшін қолданылатын, үйге кіретін жолдар, аулаға кіретін жолдар үшін пайдаланылатын (бір аулада бірнеше жер пайдаланушылар болса, онда бекітілген аймақ тең көлемде бөлінеді, немесе келісім бойынша белгіленеді) жерлер;

4 4) қала көшелері жанындағы бөлінген телімдер шекарасынан, өтпе жол шетімен шектелген аумақ;

5 5) орам ішіндегі аумақтарында ішкі аулалық аумақтар;

6 6) сақтау, жинақтау үшін және басқа да мақсаттар үшін уақытша пайдаланылатын аумақ.

4 4. Аумаққа бекітілген субъектілер жеке тұлға сияқты, заңды тұлғалар болып табылады:

1 1) жер телімдері уақытша немесе тұрақты пайдалануға берілген ғимараттар мен ғимараттардың иелері;

2 2) пәтер иелері кооперативтері (бұдан әрі - ПИК).

2 2-бөлім. Көгалдандыру

1 1-тарау. Аумақты көгалдандыру

5

5. Көгалдандыру - аумақтың ландшафтты ұйымдастырылуы мен кешендік абаттандырудың (көріктендірудің) элементі, елді мекеннің ортасының өсімдік құраушыларын белсенді қолданумен қалыптастырылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ қала аумағында алдындағы болған немесе ертеректе жасалған табиғи ортасын сақтап тұруын қарастырады.

6

6. Көгалдандыру мен отырғызудың негізгі түрлері: массивтер, топтар, солитерлер, тірі шарбақтар, кулисалар, боскеттер, ағаш қатарлары, көгал алаңдары, гүл бақшалары, отырғызудың түрлері (аллеялар, қатарлық, гүл шоқтары және тағы басқа) болып табылады. Отырғызу түрлерін таңдау отырғызудың ауқымдық-кеңістіктік құрылымын анықтайды және қала салуы мен өзара көгалдандырылған аумақтар арасындағы телімдердің функционалдық және көрнекі- композициялық байланыстарын қамтамасыз етеді.

7 7. Облыстың аумағында көгалдандырудың түрлері мен түрлі әдістер қолданылады: стационарлы (өсімдіктерді топыраққа отырғызу), мобильді (өсімдіктерді арнайы жылжымалы ыдыстарға отырғызу: контейнерлер, вазондар және тағы басқа ), жинақты (тік, көп деңгейлі көгалдандыру және т.с.с) және т.б.

8 1-кесте. Ағаштар мен бұталарды отырғызу үшін кесектерінің, шұңқырлардың, траншеялардың мөлшерлері

8. Көгалдандыруды жобалау кезінде мынаны қамтамасыз ету керек: ғимараттар мен имараттар, инженерлік желілерге дейін шіліктер және талдар мен бұталарды отырғызудың минималды қашықтықтары, кесектерді отырғызу үшін орлар мен траншеялардың өлшемдері (1-кесте). Облыстың түрлі аумақтарында отырғызулардың максималды санын түрлі функционалдық белгілеуі бар көгалдандырылатын аумақтардың шамамен алынғандағы пайызын отырғызу материалын сұрыптау үшін талаптар мен параметрлерді сақтау ұсынылады.
1-кесте. Ағаштар мен бұталарды отырғызу үшін кесектерінің, шұңқырлардың, траншеялардың мөлшерлері
Отырғызылатындардың атауы
Кесектің өлшемі, м3
Өлшем бірлігі
Отырғы-зылатын шұңқырдың көлемі, м
Шұңқырдың көлемі, м3
Шұңқырдың аумағы, м2
Ауыстыру кезінде өсімдік жердің шығыны
50%
100%
1
2
3
4
5
6
7
8
Топырақ кесегі жоқ көшеттер
қылқан жапырақты
-
дана
1,0х1, 0х0,8
0,63
0,79
0,25
0,565
жапырақты
-
дана
0,7х0, 7х0,6
0,27
0,38
0,11
0,241
Топырақ кесегімен ағаштар
0,8х0,8х0,5
0,25
дана
1,5х1,5х0, 85
1,50
1,76
0,48
1,08
1,0х1,0х0,6
0,6
дана
1,9х1,9х0,85
3,07
3,61
0,99
2,23
1,3х1,3х0,6
1,01
дана
2,2х2,2х0,85
4,11
4,84
1,24
2,97
1,5х1,5х0,6
1,46
дана
2,4х2,4х0,85
5,18
5,76
1,49
3,35
1,7х1,7х0,6
1,88
дана
2,6х2,6х0,85
6,08
6,76
1,68
3,79
2,0х2,0х0,6
3,20
дана
2,9х2,9х1,05
8,83
8,41
2,25
5,06
Бұталар
Топырақ кесегі жоқ бір қатарлы тірі қоршауға
ш.м
0,5х0,5
0,25
0,5
0,1
0,225
Топырақ кесегі жоқ екі қатарлы тірі қоршауға
ш.м
0,7х0,7
0,35
0,7
0,14
0,315
Топырақ кесегі жоқ топты бұталарға
дана
0,5х0,5
0,14
0,29
0,057
0,127
Бұталарға топырақ кесегімен
Д-0,5 Н-0,4
0,08
дана
1,0х0,65
0,51
0,79
0,17
0,39
Д-0,8 Н-0,5
0,25
дана
1,5х0,85
1,50
1,76
0,48
1,08
Д-1,0 Н-0,6
0,6
дана
1,9х1,9х0,85
3,07
3,61
0,99
2,23

9

9. Облыс аумағында көгалдандыруды жобалау мен қала аумағында көк көшеттер жүйесін қалыптастыруды жергілікті экожүйелердің өздігінен реттелуге және антропогендік басқару рөлін арттыру қабілеттілігін жоғалту факторларын ескере отырып жүргізу қажет. Облыстың көгалдандырылатын аумақтары мен көшеттерінің тіршілік қабілетін қамтамасыз ету үшін:

1 1) қала құрылысы қызметін реттеудің белгіленген режимдеріне (әрі қарай - ҚҚРР), рекреациялық жүктеменің нормативтік мүмкін мәнінің шамасына сәйкес табиғи кешен (әрі қарай - ТК) аумағында кешенді абаттандыру (көріктендіру) жұмыстарын жүргізу;

2 2) іргелес жатқан аумақтардың техногендік жүктемелерінің деңгейін ескеру;

3 3) отырғызулар үшін антропогендік факторлардың әсеріне беріктігі сипаттамасын ескерумен отырғызатын материалдың бейімделген жыныстарын таңдауды жүзеге асыру;

4 4) ТК аумағында көгалдандыруды жобалау кезінде ландшафтылардың типтік аймақтылығын, үзілістік және ассимиляциялық потенциалын ескеру қажет.

10 10. Облыс аумағында топырақтың құрамын физикалық-химиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және радиологиялық қауіпсіздікке тексеру жүргізу, ластанудың параметрлерінен артқан жағдайда оның рекультивациясын қарастыру қажет.

11

11. Қоғамдық кеңістіктер мен рекреация нысандарының аймақтарын көгалдандыру кезінде гүлдермен безендіруді, көгал алаңының орналасуын, автоматты суару жүйесі мен суландыруды алдын-ала ескеру ұсынылады. Сыртқы беті ылғалданған үлкен көлемді, жоғары тығыздықта салынған және жер асты қатынас жолдары бар облыс аумақтарында көгалдандырудың жинақты және ұтқыр әдістерін қолдану ұсынылады.

12

12. Жылу жолдарының әсері бар аймақтарда ағаш еккенде, жылу жолдарының екі жағындағы бөлігінен топырақтың жылыну факторының қашықтығын: қарқынды жылыну – 2 метр. дейін, орташа - 2-6 метр., баяу - 6-10 метр. ескеру қажет. Жылу жолдарына; жөке, үйеңкі, сирень, үшқат ағаштарын - 2 метрден, терек, долана, қызыл ағаш, дерен, балқарағай, қайың ағаштарын - 3-4 метрден жақын орналастырмау керек.

13 13. Облыстың түрлі аумақтарындағы жағымсыз техногендік және климаттық факторлары әсер еткенде, қорғаныш отырғызуларын қалыптастырып, бірнеше факторлар әсер етсе, аумаққа функционалды тағайындау үшін, ішінен басты қарқындысын немесе аса елеулісін таңдау керек.

14 14. Желден қорғау үшін, тігінен қабысқан жабындығы 60-70%, жұқа құрылғылы жасыл көшеттерді пайдалану керек.

15

15. Шудан қорғайтын көшеттерді 7 метр. төмен емес, ересек ағаштардың діңдерінің арасында 8-10 метр. (жалпақ басты), 5-6 метр. (орташа басты), 3-4 метр. (жіңішке басты) қашықтықты сақтап, бір қатарлы немесе көп қатарлы көшеттеу түрінде жобалау қажет, бастарының астындағы бос кеңістікті бұталар қатарымен толтыру керек.

16 16. Ауаның жоғары деңгейде ластану жағдайында, ағашты-бұталы көп қатарлы көшеттер: жақсы желдетілетін тәртіпте-жабық түрде (бастары қабысқан), нашар желдетілетін тәртіпте – ашық, фильтрлі түрде (бастары қабыспаған) қалыптастыру қажет.

3 3-бөлім. Облысты санитарлық ұстау

1 1-тарау. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету

17

17. Заңды және жеке тұлғалар облыстың бүкіл аймағында тазалық пен тәртіпті қолдауға, оның ішінде жеке меншік үйлердің аумақтарында абаттандыру (көріктендіру) элементтеріне (жолдарды, тротуарларды, көгалдарды, шағын сәулет түрлерін, жарықтандыруды, субұруларды) зақым келтіруге немесе бұзуға жол бермеу керек.

18 18. Аумақты ағымды санитарлық ұстауды мамандандырылған кәсіпорындармен жүзеге асырады және мынадай іс-шараларды өткізуге жұмылдырылады:

1 1) автомагистральдарды, жолдарды, көшелерді, инженерлік құрылымдарды (көпірлер, бөгеттер, жол өткізгіштер және тағы басқалар), көше жарықтар нысандарын, шағын сәулет пішіндерін және басқада нысандарын күтіп ұстау және қалпына келтіру;

2 2) зираттарды күту;

3 3) жасыл көшеттерді көгалдандыру және күту;

4 4) қала аумағын қоқыстан, қалдықтардан жинау және оларды уақытылы шығаруды ұйымдастыру;

5

5) аумақты тиісті санитарлық жағдайы: тұтынылған қалдықтарды жинауға арналған, қалдықтар үшін контейнерлер (арнайы көліктермен шығаруға арналған) қоятын, кір кептіретін, үй жануарларын серуендететін алаңдарды абаттандыру (көріктендіру) , нормативтік талаптарға сәйкес қоқыс жәшіктерін көпшілік пайдаланатын орындарға орнату;

6

6) жергілікті аумағын тазалау, суару, қоқыстарды жинау, қысқы мезгілде - қарды жинау және шығару, өтпе жолдарды және жаяу жүретін тротуарлар тайғаққа қарсы қоспалармен өңдеу, белгіленген және көметін орындарға тұтыныс қалдықтарын шығару, өзендерді, бұлақтарды, шұңқырларды, лотоктарды, нөсер суларының канализацияларын және басқа су өткізетін құрылғыларды қоқыстан тазарту;

7 7) санитарлық қорғалатын аймақтардың нормативтік шегінде жүйелі түрде аумақты күтіп ұстау жұмыстары;

8 8) қалалық көпшілік іс-шаралар өткізу кезінде жекелеген жұмыстарды атқарады.

Зираттарды күтіп ұстау және пайдалану Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері комитетінің 2004 жылғы 26 мамырдағы № 251 бұйрығымен қабылданған 1.04-05-2003 ҚР БҚҚ сәйкес жүргізілуі қажет.

19 19. Осы Қағиданың талаптарына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар, соның iшiнде барлық ұйымдық-құқықтық түрдегi нақты және уақытша нысандардың иелерi:

1 1) өздігінше өзінің қаржысына немесе мамандандырылған кәсіпорындармен шартқа отыру жолымен бөлінген және бекітілген аумағын санитарлық ұстау мен абаттандыруды (көріктендіруді) қамтамасыз етеді;

2 2) түрлі меншік нысандарына ұқыпты қарау, тиісті органдарын мемлекеттік меншік нысандарына зиян келтірген жағдайлар туралы хабарлау;

3 3) көше аты мен үй нөмірі көрсетілген аншлагтарды техникалық дұрыс жағдайда және таза ұстауға;

4 4) қоршауларды (дуалдарды) және шағын сәулет нысандарын қалыпты жағдайда (бояу, қоршаудың (дуалдың) сыртқы жағынан әктеу) ұстауға;

5

5) іргелес аумақты абаттандыруды (көріктендіруді) және тазалауды (нысанның периметрі бойымен 10 метр аралықта), сондай-ақ, гүлзарларды, гүлкестелерді, басқа да жасыл желектерді, абаттандыру (көріктендіру) элементтерін күтіп ұстауды сәулет, санитарлық және экологиялық талаптар негізінде қолданыстағы заңнамаларға сәйкес аталған нысандардың меншік иелері және (немесе) пайдаланушылары жүргізеді.

20 20. Барлық ұйымдық-құқықтық түрдегі заңды және жеке тұлғалардың құқығы бар:

1 1) аумақты күтіп ұстау және абаттандыру (көріктендіру) жұмыстарын жүргізу үшін бірігуге;

2 2) аумақты күту мәселелері бойынша күтімі туралы уәкілетті органдардан ақпарат алуға;

3 3) аумақты күту бойынша өтетін байқауларға, басқа көпшілік іс-шараларға қатысуға.

21 21. Көшелерде, алаңдарда, жаға жайларда, саябақтарда, скверлерде және басқа қоғамдық орындарда жол берілмейді:

1 1) тұрмыс және құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, ыдыстарды, кесілген ағаштарды, жапырақтарды, қарды тастауға;

2 2) кәсіпорындар мен жеке үйлердің ішкі аулаларын қоса алғанда қоқыстарды, жапырақтарды, ыдыстарды, өндіріс және тұрмыстық қалдықтарын өртеуге, от жағуға;

3 3) қоқыс (ҚТҚ) жинайтын контейнерлерде және олардың тұратын алаңшаларында ҚТҚ өртеуге;

4 4) үйлердің ішкі орамдарында және жалпы пайдаланатын жерлерде су бөлетін колонкаларда, су айдындарында, көпшілік демалатын орындарда, тұрғын үйлердің кіре берістерінде көліктерді жууға, тазалауға және жөндеуге;

5 5) су айдынына өндірістік кәсіпорындардан шыққан тазаланбаған суды жіберуге;

6

6) меншік иесінің келісімінсіз және (немесе) осы мақсаттар үшін бөлінген жерлерден тыс орындарға, Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген белгіленген тәртіп бойынша қажетті рұқсатсыз және келісімсіз хабарландырулар, плакаттар, үндеулер, түрлі ақпараттық материалдарды, жазу-сызулар мен кескіндемелер орналастыруға;

7 7) автомобиль жолдарының бөлігіне қозғалысқа қауіп төндіретін қоқыстарды, заттарды лақтыруға;

8 8) ғимараттардың, орын-жайлардың және тұрғын үйлердің терезелерінен қоқыстарды лақтыруға;

9 9) жаяу жолдарға, тынымбақтар, саябақтар аумағына және басқа да қоғамдық орындарға қоқыстарды лақтыруға;

10 10) жергiлiктi атқарушы органдары арнайы белгiлеген жерлерден тыс жерлерге жергілікті аумақта тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, өндiрiстiк қалдықтарды, жәшiктердi, ағаш үгiндiлерiн, жапырақтарды, қарды, сұйық қалдықтарды тастауға;

11 11) жалпы пайдаланылатын орындарда, балалардың ойын алаңдарында, көшелерде, алаңдарда үй жануарларымен серуенге шығуға және адамдар шомылуға арналған жерлерде жануарларды жуындыруға;

12 12) киім-кешек жууға және киімді кептіруге.

22 22. Нөсер сулары канализацияларына жер үсті суларын кәсіпорын аумағынан және инженерлік жүйелерден жіберу үшін канализациялық желілерді пайдаланатын кәсіпорындарының келісімі және келісім-шарты болуы керек.

23

23. Автокөлiк кәсiпорындары және автокөлiк иелерi қала көшелерiне көлiктердi таза қалпында шығаруы керек. Топырақты, қоқысты, шашылатын құрылыс материалдарын, жеңіл ыдыстарды, жапырақтарды, кесілген ағаштарды жолдарды ластауға жол бермейтін брезентпен немесе басқа материалмен жабылмаған күйінде тасмалдауға жол берілмейді.
Жол берілмейді:

1 1) көгалдарда, гүлзарларда, балалар ойнайтын, кір жаятын және қоқыс контейнерлері алаңдарында, ғимараттардың қақпаларына әртүрлі бағыттағы нысандарды орналастыруға, сондай-ақ автокөліктерді қоюға;

2 2) аула аумағының ішіндегі жолдарда арнайы көліктің өтуіне тосқауыл болатын балкаларды, блоктарды және аумақтарды оқшалайтын өзге қоршауларды тұрғызуға және орнатуға, сондай-ақ олардың орналасуына қарамастан бөлшектенген көлік құралдарын қоюға, арнайы бөлінген тұрақтардан басқа жерлерде тұруына.

2 2-тарау. Облыс бойынша аумақтарды тазартуды ұйымдастыру

24 24. Аумақтарды тазарту жұмыстарының шекарасын анықтау, заңды және жеке тұлғаларға бекітіліп берілген аумақтарға сәйкес, осы Қағида негізінде:

1 1) көше-жол желілері, алаңдар, қоғамдық орындар (жалпы пайдаланудағы демалыс аймақтары, саябақтар, жағалаулар) бойынша - өкілетті орган арқылы;

2 2) ішкі орамды және басқа да аумақтарды тазартудың шекарасы аудандық әкімдер беретін көріктендіру, жинау және ұстау төлқұжаты бойынша жүзеге асырылады.

3 3-тарау. Облыс бойынша аумақтарды тазалау тәртібі

1 1. Көшенің өтпе жолдарын тазарту

25 25. Көшенің көлік жүретін бөлігінің барлық ені бойынша, алаңдардың, көшелердің және көше желілерін, сондай-ақ жағалаулар, көпірлер, жол желілерін, автобус маршруттарының соңғы аялдамаларындағы бұрылу алаңдарын күту мен тазалау жұмыстарын тиісті мердігер-кәсіпорындар жүргізеді.

26 26. Магистральдардың, көшелердің және өтпе жолдарының жол төсемдерін осьтік және резервтік жолақтарын, жиектемелерін сыпыру жұмыстары, алдын ала суланғаннан кейін, өкілетті органмен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

27 27. Жолдың жүргін бөлік жағы қандай да болмасын ластан толығымен тазартылуы тиіс. Қозғалыс сызығымен белгіленген. Осьтік және резервтік жолақтары тұрақты түрде құм мен әр түрлі ұсақ қоқыстардан тазартылуы қажет.

28 28. Бөлу жолағының көгал алаңын тазалау, жолдардың жүргін жағындағы, тротуарлардың және көгал алаңдардың қоршауларын, жолды көріктендірудің басқа да элементтерін ұстауды осы аумақтар балансына кіретін кәсіпорындар жүргізеді.

29 29. Жолдардың жиектері ірі көлемді және басқа қоқыстардан тазартылуы қажет. Жұмыстарды жүргізу кезінде қоқысты көшелердің жүргін бөлік жағына және өтпе жолдарға шығаруға жол берілмейді.

2 2. Көпшілік пайдалану жаяу жүргіншілер жолдары мен аумақтарын тазарту

30 30. Көшелер мен тротуарлар бойымен орналасқан немесе жол жағынан көгалмен бөлінген тротуарлар, сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолдарын, жағалаулар қоршауына іргелес жатқан жаяу жүргіншілер жолдарын жинау аумақты көріктендіру, жинау және ұстау төлқұжаты бойынша жүргізіледі.

31 31. Көпірлердегі, жол желілеріндегі тротуарларды, сондай-ақ инженерлік құрылғыларға және баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық тротуарларды (кіре беріс жолдарын) жинауды, осы инженерлік құрылғылардың иесі болып табылатын кәсіпорындар жүргізеді.

32 32. Саябақтар, скверлер, бульварлар, су айдындары, жаға жайлар, зираттар, соның ішінде осы жерлердегі тротуарлар, жаяу жүргіншілер аймақтары, баспалдақтар алып жатқан жалпы пайдаланудағы жерлерді жинауды осы аумақ бекітілген және пайдалануды қамтамасыз ететін мекеме жүргізеді.

33 33. Көшелер мен өтпе жолдардың бойында орналасқан басқа тротуарларды жинау жұмыстары жүретін жолдарды күтуге жауапты немесе конкурсты ұтып алған кәсіпорындар жүргізеді.

34 34. Тротуарлар толығымен топырақ-құмнан, әр түрлі қоқыстан тазартылуы қажет.

Аялдама және отырғызу алаңдарын тазарту жұмыстарын атқарушы субъектілер қоқысты (аула аумағынан сыпырылған қоқысты, қырқылған талдардың шыбықтарымен ) шығаруды қамтамасыз етеді.

3 3. Аялдама және отырғызу алаңдарын тазарту

35 35. Жолаушылар көлігінің аялдама алаңдарын жинауды жолдарға тазарту жұмыстарын жүргізуші ұйымдар атқарады. Аялдама алаңдары толығымен топырақ-құмнан, әр түрлі қоқыстан тазартылуы қажет.

36

36. Қоғамдық көліктердің отырғызу алаңдарын жинауды иелері, сауда-аялдама кешендерін жалға алушылар жүргізеді, ал олар жоқ болса жақын арада орналасқан (бекітілген маңайдағы аймақ шегінде) жалға алушылар, сауда кешендерінің, тұрғын емес жайлардың, ғимараттардың иелері, жолдарды тазалайтын кәсіпорындар жинауды жүргізеді. Отырғызу алаңшаларын тазарту жөніндегі жұмыстардың шекаралары уәкілетті органмен белгіленеді.

37 37. Жолаушылар павильондарын және оларға іргелес жатқан қоғамдық жолаушылар тасымалдау көлігі аялдамаларын жинау мен жуу жұмыстары олардың иелерімен немесе көшенің жүргін жолдарын жинауды жүзеге асыратын кәсіпорындармен жүргізіледі.

Аялдама және отырғызу алаңдарын тазарту жұмыстарын жүзеге асыратын субъектілер қоқысты шығаруды қамтамасыз етеді.

4 4. Өзге аумақтарды тазарту

38 38. Бекітілген және бөлінген аумақтарды, оларға кіретін жолдарды заңды және жеке тұлғалар, меншігінде және пайдалануында ғимараттары бар, аумақтарды тазарту мен күту жұмыстары өз күштерімен немесе шарт бойынша мамандандырылған кәсіпорын арқылы жүргізеді.

39 39. Автотұрақтарды және қалташаларды тазалау мен күту жұмыстарын осы аумақ бекітілген субъекті жүзеге асырады.

40 40. Жеке тұрған жарнама объектілеріне іргелес жатқан аумақты, жарнама құрылғысынан радиусы бес метрдей жерді тазарту жұмыстарын, жарнама құрылғысының иелері немесе жарнама құрылғыларының иелерімен шарт бойынша тазарту жұмыстарын жүргізуші мамандандырылған ұйымдар орындайды.

41 41. Сыртқы жарықтандыру бағаналарының құрылғысы мен діңгегі аумағын және тротуарларда орнатылған байланыс желілерінің маңайын жинау жұмыстарын тротуарларды жинауға жауапты кәсіпорындар жүргізеді.

42 42. Жаяу жүргіншілердің жер асты және жер үсті жолдарының кіре берісінен жер үсті жолы бөлігіне немесе баспалдақтан периметр бойынша бес метрлік арақашықтықты (аумақты жинау, ұстау және көріктендіру төлқұжатына сәйкес) осы нысандар балансына кіретін кәсіпорындар жүргізеді.

43 43. Жанар-жағар май құю стансасына, автожуу бекеттеріне, құю кешендеріне және іргелес жатқан аумақтарға (өту жолына дейін) кіретін және шығатын жерлеріне жинау мен тазалығын сақтау жұмыстарын осы объектілерді өз балансында ұстаушылар жүргізеді.

44

44. Трансформаторларға немесе бөліп бергіш шағын станцияларға, автоматты түрде жұмыс істейтін басқа инженерлік орын-жайларға (қызмет көрсететін құрамсыз), сондай-ақ тоқ беру желілерінің бағаналарына іргелес жатқан аумақтарын жинау жұмыстарын осы объектілердің иелері жүргізеді. Жер үсті құбырларының астындағы қорғалатын аумақтарды тазарту мен күту жұмыстары желілердің иелерімен жүргізіледі.

45

45. Сауда нысандарына іргелес жатқан, уақытша көшедегі сауда жасау аумағының орындарын (базарлар, сауда павильондары, жылдам салынатын сауда кешендері, шатырлар, дүңгіршектер және тағы басқа) радиусы 10 метр қашықтықта және көшедегі жүргін жолдарға дейін сауда нысандарының иелері, жалға алушылары немесе уақытша пайдаланушылар тазартады. Іргелес жатқан көгалдарға, шатырларға, сауда шатырларына, дүңгіршектерге және басқа сауда нысандарына жәшіктерді үюге жол берілмейді.

46 46. Ақылы автотұрақтардың, гараждардың және де кіре беріс жолдың, 10 метр радиустағы аумақтарды тазартуды иелері мен осы нысандарды пайдаланушы ұйымдар жүргізеді.

47 47. Көп уақыт бойы пайдаланылмаған және игерілмеген аумақтардағы ғимараттарды бұзғаннан кейінгі 10 метр. радиустағы аумақтарды жинау мен күту жұмыстарын, осы аумақ бөлініп берілген жер пайдаланушылар немесе жер иелері жүргізеді.

48

48. Жапырақ түсетін уақытта бекітіліп берілген аумақтарды жинауға жауаптылар, көшелер мен магистральдар бойындағы, аула аумақтарындағы түскен жапырақтарды жинап шығару жұмыстарын жүргізеді. Ағаштар мен бұталардың түбіне жапырақтарды жинауға жол берілмейді. ҚТҚ арналған алаңшаларға және контейнерлерге түскен жапырақтарды жинауға жол берілмейді.

49 49. Тастанды сулар (шұңқырлардан су сору, инженерлік желілердегі апат жағдайлары және тағы басқа) салдарынан пайда болған су басу жағдайлары болғанда, ал қыста қатып қалған қарлар мен мұздар пайда болғанда оларды жоюдың жауапкершілігі осы су басуға жол берген ұйымдарға жүктеледі.

50 50. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кездегі қоқыстарды, осы жұмыстарды жүргізуші ұйымдар: қаланың бас магистральдарынан - тез арада, басқа көшелер мен аулалардан - тәулік мерзімінде шығарады.

51

51. Алаңдардағы, магистральдардағы, көшелердегі және өтпе жолдардағы қарды және ернеудегі сметаларды (ал қыс мезгілінде қар мен мұз үйінділерінің қалыптасуы) механикалық жинаудан кейін қолмен тазалау жұмыстарын жақын жерде орналасқан (бекітілген маңайдағы аймағының шегінде) кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, сауда кешендері мен павильондардың, тұрғын емес жайлардың, ғимараттардың иелері жүргізеді, ал бұндай кәсіпорындар болмаған жағдайда механикалық жинау жасаған кәсіпорын тазалайды.

52 52. Механикалық тәсілмен жинауға қолайсыз (көлемінің тарлығына немесе қиын құрылымына байланысты) нысандарды жинау қолмен жүргізілуі тиіс.

5 5. Жер үсті және жер асты инженерлік коммуникацияларын күтіп ұстау

53 53. Су ағатын желілерге қоқыспен бітеліп қалуын болдырмау үшін су ағатын коллекторларға сыпырғыны және тұрмыстық қоқыстарды тастауға жол берілмейді.

54 54. Су ағатын желілердің нөсер суларын қабылдайтын құдықтарға профилактикалық тексеруді және оларды жинауды бекітілген кесте бойынша, айына бір реттен кем емес мамандандырылған кәсіпорындар немесе балансында осы құрылғылар бар басқа ұйымдар жүргізеді.

Нөсер суларын қабылдайтын құдықтардың торлары үнемі жұмыс істейтін жағдайда болу керек. Торлардың және құдықтардың өткізу қабілетін шектейтін бітелуге, лайлануға жол берілмейді.

55 55. Жер асты инженерлік коммуникацияларының иелері:

1 1) жер асты коммуникацияларының жөндеуді және күтіп ұстауды жүзеге асырылады, сондай-ақ құдықтар мен коллекторларды тазалайды;

2

2) жолдардың төсемдерімен, тротуарлармен, көгалдармен және құдықтардың люктарымен бір деңгейде, қалыпты жағдайда ұстауды, сонымен қатар коммуникациялардың қанағаттанарлықсыз жағдайынан пайда болған жолдарды бұзылған шегінде төсемдерін қалпына келтіріп жөндеуді қамтамасыз етеді (өз қаржыларымен немесе мамандарылған мекемелермен келісім шартқа отыру негізінде);

3 3) құдықтардың люктары бар болуын және қалыпты жағдайда болуын бақылау және оларды уақытында ауыстыруға және жоғалған кезде орнына (тәулік ішінде) қоюды жүргізеді;

4 4) коммуникацияның (қар үйінділері, мұз, лай, сұйықтықтар және басқалар) жұмысын реттеумен байланысты апатты жоюды бір тәулік ішінде қамтамасыз етеді.

56 56. Жер үстi құрылғыларының иелерi мен пайдаланушы ұйымдары инженерлiк қорғалатын желiлер шекарасына іргелес аймақтардың санитарлық күтіп ұстауын қамтамасыз етеді.

57

57. Жол асты инженерлік коммуникацияларды, кабельді, трубаларды жүргізу мақсатында жол төсемінің, жасыл желектердің, аумақтың абаттандырылуының (көріктендірілуінің) бұзылуы жоспарланған жағдайда аталған жұмыстардың жүргізілу жобасын ұсына отырып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті органның келісімі және осы органмен келісім шарт жасасу қажет.

4 4-тарау. Қыс кездегі аумақтардың тазарту ерекшеліктері

1 1. Жалпы ережелер

58 58. Аймақтарды тазалайтын ұйымдар (тапсырыс берушілер қызметі және мердігерлік ұйымдар) 1 қазанға дейін мерзімде тайғаққа қарсы материалдар қажетті мөлшерде тасып жеткізуі, дайындауы және жинауы керек.

59 59. Көшенің жүргін бөлігінің жағалауындағы қарды жинауды және тасып шығаруды осы көшенің жүргін бөлігін немесе өтпе жолдарды тазалайтын кәсіпорынның күшімен жүргізеді.

60

60. Саябақтардағы, орман саябақтарындағы, бақтардағы, скверлердегі, бульварлардағы жолдарды және басқа жасыл аймақтарда тазалау кезінде жасыл желектердің жойылмауын және еріген суды қайтаруды қамтамасыз ету шартымен құрамында химиялық реагенттері жоқ қарды уақытша жинауға арнайы алаң дайындалып, жинауға жол беріледі.

61 61. Қыс кездегі жолдар, бақ орындықтары, қоқыс салатын жәшіктер және басқа да элементтер мен кіші сәулет пішіндері, сондай-ақ олардың алдындағы және бүйірлеріндегі жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздақтардан тазартылуы керек.

62 62. Тротуарлар мен жолдың жүргін бөлігіндегі, инженерлік желілерде апаттан пайда болған мұзды желі иелері уатып жинайды. Уатылған мұздар белгіленген орындарға шығарылады.

63 63. Көшелердің көлік жүретін бөлігін, және өтпе жолдарды, тротуарлар мен аула аймақтарын тазалау жұмыстарының технологиясы және режимі ауа райы жағдайына қарамастан көліктердің және жаяулардың қозғалысына бөгет болмауы тиіс.

64 64. Жол берілмейді:

1 1) магистральдардың, көшелердің жүргін бөлігіне және өтпе жолдарға, тротуарлар мен көгалдарға, ішкі орамдардың өтпе жолдарынан, аула аймақтарынан, кәсіпорындар, ұйымдар, құрылыс алаңдарынан, сауда нысандарынан және басқаларынан жиналған қарды жылжытуға немесе орнын ауыстыруға;

2 2) тротуарларда, қалалық жолаушылар тасымалдайтын көліктердің мінгізу алаңдарында, саябақтарда, скверлерде, аулаларда және басқа жаяу жолымен жасыл желек аймақтарында көктайғақ реагенті ретінде техникалық тұзды және сұйық хлорлы кальциды пайдалануға;

3 3) көгалдарға, гүл алаңдарына, бұталар және басқа да жасыл желектерге лас және тұз араласқан қарды, сонымен қатар мұз үйінділерін роторлық лақтыруға және орынын ауыстыруға.

2 2. Көшелер мен магистральдарды қыс кезінде тазарту

65 65. Тазалаудың бірінші кезектегі қысқы операцияларына кіреді:

1 1) жолдардың көлік жүргін бөлігін тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу;

2 2) қардан тазалау;

3 3) күрелген қарды тасып шығару үшін жинастыру;

4 4) жол тораптарын, қалалық жолаушылар тасымалдайтын көлік аялдамаларын, әкімшілік және қоғамдық ғимараттардың кірме жолдарын, аулалардан шығатын және тағы басқа жолдарды күрелген қардан тазарту.

66 66. Екінші кезектегі операцияларға кіретіндер:

1 1) қарды шығару (тасу);

2 2) қар шығарылғаннан кейін жол жағалауын тазарту;

3 3) мұзды уату және қар-мұздан құралған үйіндіні шығару.

67 67. Жолдардың жүргiн бөлiгiн тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу қар жауа бастағаннан кейiн, аралығы 20-40 минут ұстап жүргізіледі.

68 68. Метеорологиялық қызметтерден күні бұрын тайғақ болатыны туралы ескерту алған жағдайда, эстакадалардың, көпірлердің жүргін бөлігін өңдеу жұмыстары қар жауа бастаған кезден жүргізіледі.

69 69. Қысқы мезгілде қатты реагенттерді шашуымен айналатын щеткалы қар тазалағыш машиналардың тәулік бойы кезекшілігін қарастыру.

70 70. Барлық тайғаққа қарсы материалдарды шашуға арналған машиналар тәулік бойы кезекшілікте белгіленген көшелер мен өтпе жолдарда (жұмыс кестесінің бағытымен) жұмыс істеуге бекітіледі; маршрут кестесінің көшірмесі жолдама қағазбен бірге жүргізушіге береді.

71

71. Қар жауғаннан бастап ең алдымен көлік бағыты үшін ең қауіпті магистральдар және көшелер учаскелерін, яғни тік түсетін және көтерілетін жолдарды, көпірлерді, эстакадаларды, тоннельдерді, жол тораптарын және қоғамдық көлік аялдамаларын, сондай-ақ төтенше және басқа кедергілер болатын және тағы басқа жерлерді тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу.

72 72. Көлік қозғалысы үшін ең қауіпті орындарды өңдеуді аяқтағаннан кейін көлік жүретін бөлікті тайғаққа қарсы материалдармен жаппай өңдеу қажет. Бұл операция алдымен жағалаудағы тастан бастап жолаушылар тасымалдайтын көлік қозғалысы жолағына дейін жүргізіледі.

Барлық аумақты тайғаққа қарсы материалдармен жаппай өңдеу уақыты - қар жауа бастағаннан кейінгі төрт сағаттан асырмай жауапты жол тазалаушы кәсіпорындар жүргізуі қажет.

73 73. Жолдың жүргін бөлігі механикаландырылған сыпырудан кейін оның көлденең бойында қар, мұз қалдықтарынан тазалануы тиіс.

74 74. Көшелердің жүргін бөлігінен және өтпе жолдардан, сонымен қатар тротуарлардан тазаланған қар көшелердің жүргін бөлігінің және өтпе жолдардың шетіне уақытша жиналады.

75 75. Қар үйіндісін жинауға жол берілмейді:

1 1) барлық бір деңгейдегі жолдардың, көшелердің және өтпе жолдардың тоғысуында және теміржол өтетін аймақтың көрінетін үшбұрышты жерлердің маңына;

2 2) жаяу жүргіншілер өтпе жолдарына 5 метр жақын жерде;

3 3) қоғамдық көлік аялдамаларына 20 метр жақын жерде;

4 4) көлік қоршаулармен немесе бордюрлармен қоршалған жолдардың учаскелерінде;

5 5) тротуарларда.

76 76. Жол жағасына күрелген қарды жинау кезінде қарды тротуарларға және көгалдарға орынын ауыстыруға жол берілмейді.

77

77. Бір жақты көлік қозғалатын көшелер мен өтпе жолдардан, оның ішінде гүлзарлар, көгалдар және бетонды блоктар, аймақтар түрінде бөлініп тұратын жолақтары бар магистральдар жағынан қарды сыпыруды бастап, қыс бойы тұрақты түрде көлік жүретін бөлік жағалауындағы тасқа дейін қардан және мұздан тазалануы тиіс.

78 78. Қар үйіндісін уақытша жинау кезінде және жылымықта еріген сулардың ағыуы үшін жолдың жиек тастарындағы еріген су ағатын шұңқырлар тазаланып, жиектегі таспен қар үйіндісі арасында көлденең 0,5 метрден кем емес ара қашықтық болуы керек.

Нөсер суларын қабылдаушыларға қар үйінділерін жинауға жол берілмейді.

79 79. Жергілікті жолаушылар тасымалдайтын көлік аялдамалары және жер үсті жаяу өтпе жолдары қар үйінділерінен тазартылып, жол салынуы керек:

1 1) аялдамаларда: 30 метрден 50 метрге дейін;

2 2) жаяу өтпе жолдары белгісі бар жолдарда, белгінің көлеміне қарай, ал белгісі жоқ жерде 5 метрден кем емес.

Аулаларға және ішкі орамдарға кіретін, шығатын жолдар, ауланың ішкі жолдары өтпе жолдарды механикалық қардан тазалаудан кейін бірінші кезекте тазалануы тиіс.

80 80. Көшелерден және өтпе жолдардан қарды шығару екі кезеңде жүзеге асады:

1

1) бірінші кезекте (таңдап) қар жауып біткеннен кейін жергілікті жолаушылар тасымалдайтын көлік аялдамаларындағы, жаяу өтпе жолдардағы, көпірлердегі және жол өткелдеріндегі, көпшілік баратын орындардағы (ірі әмбебап дүкендер, базарлар, қонақ үйлер, вокзалдар, театрлар), ауруханалардың аумағына және басқа әлеуметтік маңызды нысандарға кіретін жолдардағы қарды шығару 24 сағат ішінде жүзеге асырылады;

2 2) соңғы (жаппай) қарды шығару бірінші кезекті шығару аяқталғаннан кейін кезекпен, уәкілетті органмен берілген кезектілікке сәйкес шығарылады.

81 81. Қар тасушы көліктің әрбір өтуінен кейін жол жиегіндегі және жағалаудағы тас төсемдердіндегі қар қалдығынан және мұздан тазартылып, шығарылады.

Арнайы дайындалған алаңдарға көшелердегі және өтпе жолдардағы қар тасып шығарылуы тиіс. Белгіленген тәртіп бойынша келісілмеген орынға қарды тасып шығаруға жол берілмейді.
Қар үйінділерін шығару орындарын табиғатты қорғау органдарының келісімі бойынша өкілетті орган анықтайды.

82 82. Қар ерігеннен кейін қарды уақытша жинайтын орындар қоқыстан тазаланып, көріктендірілуі тиіс.

3 3. Тротуарларды, жердегі жолаушылар көліктері аялдамаларындағы отырғызу алаңдарын, жаяу жүргіншілер жолдарын тазарту жұмыстары

83 83. Қар жауған кезде және тайғақта:

1 1) тротуарлар, аялдамалардағы отырғызу алаңдары және басқа жаяу жүретін аймақтар тайғаққа қарсы материалдармен (құм, ұсақ қиыршық тас) бүкіл көлемі бойынша өңделуі және жаңа жауған және тапталған қардан тазартылуы тиіс;

2

2) тротуарларды, жаяу жолдарын және жолаушыларды отырғызатын алаңдарды қардан тазалау жұмыстары (механикалық сыпыру және қолмен тазарту) қар жаууы тоқтағаннан кейін бірден жүргізіледі. Ұзақ қарқынды қар жауғанда қардан тазарту және тайғаққа қарсы материалдармен (құм, ұсақ қиыршық тас) өңдеу жиілігі әрбір 5 сантиметр қар түскен сайын қайталануы тиіс.

4 4. Үйлердің аулаларын қысқы тазалау жұмыстары

84 84. Тротуарлар, үйлердің аулалары және өтпе жолдар асфальтқа дейін қардан және мұздан таза болу тиіс. Мұз қалыптасқан жағдайда (тайғақ) құм және қиыршық ұсақ тастармен өңдеу жүргізіледі.

85 85. Үйлердің аулаларынан және орам аралығындағы жолдардан тазаланған қарды автокөліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысына кедергі жасамайтын орындарға жинауға жол беріледі.

86 86. Қар жинау кезінде жасыл желектерге зақым келтіруге жол берілмейді.

87 87. Ішкі үй аулаларында қарды жинағанда еріген қар суының қалай ағатынын алдын ала ескеру керек.

88 88. Қыс мезгiлiнде ғимарат, құрылыс пен имараттар иелерi шатырларды қар мен мұздан, сүңгiлерден уақытылы тазарту жұмыстарын ұйымдастыру керек.

89 89. Ғимараттың жаяу жүргіншілер жағындағы шатырын тазарту жұмыстары жедел түрде қатерлі учаскеге қоршау орнату арқылы жүргізілуі керек.

90

90. Көше жағына қараған шатырлардан қар мен мұздан жаяу жүргіншілер жолдарына түсіріп тазарту жұмыстары тек күндізгі уақытта жүргізілуі қажет. Ал қарды шатырдың басқа жақтарынан, сондай-ақ жазық шатырлардан сырғанатып ауланың ішкі аумағына түсірілуі керек. Қарды түсірер алдында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жасау қажет. Ғимараттардың (құрылыстардың және имараттардың) шатырларынан түскен қарлар, мұздар мен сүңгілер жедел түрде өтпе жолдың шет жағына қарай көшені тазалаушы ұйымдар шығарып әкеткенше орналастырылады.

91 91. Қар, мұз және қоқыстарды сарқынды су құбырларының аузына, сондай-ақ ҚТҚ үшін арналған контейнерлер мен контейнер алаңшаларына тастауға жол берілмейді.

5 5-тарау. Жаз мезгілінде аумақтарды тазалау

1 1. Жалпы ережелер

92 92. Жолдық төсемдерді (осьтік және резервті жолақты) магистральдарды, көшелерді және өтпе жолдарды алдын ала дымқылдап сыпыру күндізгі уақытта сағат 8-ден 21 сағатқа дейін, ал қатты қарқындағы көлік қозғалысы бар магистральдарда және көшелерде түнгі мезгілде жүзеге асырылады.

93 93. Магистральдардың, көшелердің жүргін бөлігінің жолдық төсемдерін және өтпе жолдарды, трамвай төсемдерін жуу түнгі (сағат 23-тен сағат 6-ға дейін ) және қажетіне қарай күндізгі уақытта да жүргізіледі.

94 94. Жолдың жүргін бөлігін жуған кезде лайлы суды және қоқысты тротуарларға, көгалдарға, жолаушылар тасымалдайтын көлік аялдамаларының павильондарына, отырғызатын алаңдарына, жақын жерде орналасқан ғимараттардың, сауда нысандарының қасбеттеріне шашыратуға жол берілмейді.

95 95. Ыстық күндері (ауа температурасы +25 С градустан жоғары болса) жолдардың төсемдерін сулау сағат 12-ден сағат 16-ға дейінгі мезгілде жүргізіледі (аралығы екі сағат сайын).

2 2. Жаз мезгілінде жолдарды тазалаудың талаптары

96 96. Жолдың жүргін бөлігі барлық ластану түрлерінен жаппай тазаланып және жуылуы тиіс. Реттеуші сызық болып табылатын - осьтік, резервтік жолақтар құмнан және әртүрлі ұсақ қоқымнан тұрақты тазаланып тұруы тиіс.

97 97. Екі метрлік жол жағалауындағы аймақта және ернеуінде, сондай-ақ тротуарлар және онда орналасқан жолаушылар тасымалдайтын көлік аялдамаларының отырғызу алаңында топырақ-құмды қоқымдардан және әртүрлі қоқыстардан толық тазаланып және жуылуы тиіс.

98 98. Жолдың жағасы ірі көлемдегі және басқа да қоқыстардан таза болуы тиіс.

99 99. Темір-бетоннан құралған бөлу жолақтары құмнан, батпақтан және ұсақ қоқыстардан тұрақты тазаланып тұруы тиіс. Шудан қорғайтын қабырғалар, металл қоршаулар, жол белгілері және жол көрсеткіштер жуылуға тиісті.

100 100. Көгал ретінде орналастырылған бөлу жолағында, қалалық, аудандық жолдардың жағалау бөлігінде шөп төсемдерінің биіктігі 15 сантиметрден аспау керек. Әртүрлі қоқыстармен жолақтың ластануына жол берілмейді.

3 3. Жаз мезгілінде үйлердің аулаларын тазалау

101 101. Үйлердің аулаларын, аула ішіндегі өтпе жолдарды және тротуарларды қоқымдардан, шаңнан және ұсақ тұрмыстық қалдықтардан тазалауды, сондай-ақ күні бойы тазалықты қолдауды аулаға бекітілген субъектілер қамтамасыз етеді.

102 102. Үйдің ауласын жуу үшін суару шүмектер және шланга арқылы суғару әрбір үй маңында жабдықталған және пайдалануға жарамды күйде болу тиіс.

103 103. Капиталды емес нысандардың иелері (автотұрақтар, көлік жөндейтін орындар, ангарлар, қойма түріндегі құрылымдар, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету нысандары) санитарлық тазалық және бөлінген аумақтың тазарту бойынша келісім-шартқа отырады, немесе оны өз күшімен ұйымдастыруы тиіс.

6 6-тарау. Аумақтарда қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және шығару

104 104. Заңды және жеке тұлғалар тұрмыстық қалдықтарды ҚТҚ арналған контейнерлерге тастауы тиіс.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды салатын контейнерлер қақпақтармен жабдықталады. Контейнерлер мен алаңшаның шетіне дейінгі ара қашықтық 1 метрден кем болмайды. Алаңшаларды тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, барлық саладағы ұйымдардан, спорт алаңдарынан және тұрғындардың демалатын орындарынан 25 метрден кем емес және 100 метрден артық емес арақашықтықта орналастырады. Осындай контейнерлер үш жағынан биіктігі 1,5 метр болатын қоршаумен қоршалуы тиіс.

105

105. Уәкілетті органдарының белгіленген мерзімінде ҚТҚ шығару қоқыс шығарушы ұйымдармен жүзеге асырылады. Қоқыс шығару ұйымдары қоқыс шығару және қоқысты мамандандырылған кәсіпорындарына жеткізу, ҚТҚ-ны сұрыптайтын, залалсыздандыратын, қайта өңдейтін және ҚТҚ-ны одан әрі кәдеге асыру бойынша қызмет көрсетеді.

106 106. ІКҚ, металдық қалдықтарды, құрылыс қоқысты, қырқылған талдардың шыбықтарымен талдарды (қалдықтарды) шығару жұмыстары кәсіпорындармен, мекемелер және жеке тұлғалармен немесе шарт негізінде қоқыс шығарушы ұйымдармен шарт негізінде жүргізіледі.

107 107. Жылжымайтын нысандарды салу және (немесе) жөндеу жұмыстарымен айналысушы жеке және заңды тұлғалар құрылыс қоқыстарды жою үшін келісім шарттар жасау қажет немесе оны өздігінен шығаруға немесе шығару жөніндегі қоқыс шығарушы ұйымдармен келісім шарттар жасау қажет.

108

108. Үй-жайлардың аумағында көлік өтуге ыңғайлы жолдары бар контейнер орнататын арнайы алаңшалар бөлінуі қажет. ҚТҚ-ны жинау үшін 0,75 метр.куб мөлшері және жергілікті атқару органына қарасты жауапты мемлекеттік мекемемен келісілген өзге көлемді стандарттық металдан жасалған контейнерлерді қолдану керек.

109

109. Аумақтарында (бөлініп берілген, бекітілген, аула ішілік) контейнерлік алаңшалары бар кәсіпорындар, ұйымдар, өзге де шаруашылық етуші субъектілер келесі талаптарды орындаулары қажет - қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қоқыстарды шығаруға уақытында шарт жасасуға және контейнерлердегі тұрмыстық қалдықтарды жағуға жол бермеуге.

110 110. Контейнерлік алаңшаларды және контейнерлерді пайдаланатын және күтіп ұстаумен шұғылданатын ұйымдардың орындауы қажет:

1 1) контейнерлік алаңдар мен оның аулаларының маңайын 20 метрге дейін тазалығын қамтамасыз ету;

2 2) контейнерлерді уақытында жөндеуге және одан әрі пайдалануға, жарамсыздарды ауыстыруы;

3 3) қоқыс қабылдағыш камераларды, алаңшаларды және жинағыштардың астауын, сондай-ақ қалдық салғыштардың тұрақты жуылып тұруын, залалсыздандырылуын және шыбындарға қарсы дезинсекция және егеуқұйрықтарға қарсы дератизация жасауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдануы.

111 111. Контейнерлер орнату алаңшалар тұрғын-жай және қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңдарынан және халықтық дем алатын орындарынан қашықтықта болуы керек. Алаңшаның көлемі орнататын контейнерлер санына есептелуі қажет.

112 112. Контейнерлік алаңдарды орналастыру сәулет, жер қатынастары, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісу қажет.

113 113. Контейнерлердегі қоқыстарды тиеу кезінде түсіп қалған қоқыстарды жинау жұмыстарын ҚТҚ, ІКҚ шығаратын ұйымның қызметкерлері жүзеге асырады.

114 114. Қоқыс қабылдағыш камера құлыпқа салынуы қажет, бөтен адамдардың қоқыс қабылдағыш камераға кіруіне жол берілмейді.

115 115. Қоқыс шығару құбырын пайдалануды иелігінде тұрғын үй орналасқан пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.

116 116. Пайдаланушы ұйым қамтамасыз етуі керек:

1 1) қоқыс шығару құбырының және қоқыс қабылдағыш камерасының дұрыс жұмыс істеуін;

2 2) қоқыс шығару құбырының шусыз жұмыс істеуін, ол үшін баспалдақ алаңындағы қоқыс шығару құбырына салатын қақпақтарының саңлаусыз, тығыз жабылатын резеңке төсемдерімен жабдықталған болуын;

3 3) қоқыс қабылдағыш камераның және бағаналарын профилактикалық дезинфекциялық шараларды (дезинфекция, дезинсекция және дератизация) ай сайын жүргізуге.

117 117. Жөнсіз үйінділерге жауапты тұлғаларды анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, қалдықтарды шығару және жөнсіз үйінділер орнын қалпына келтіру жұмыстары өкілетті орган белгілеген мерзімде аумақ иесінің немесе жер пайдаланушы қаражаты есебінен жүргізіледі.

118

118. Вокзалдар, базарлар, әуежайда, демалыс бақтар мен аймақтарда, алаңдарда, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерде және басқа да халық көп шоғырланатын жерлерде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлiк аялдамаларда, сауда нысандарының кіреберістерінде қоқыс үшiн урна орнатуы керек. Урналардың ара қашықтығы адамдар көп шоғырланатын жерлерде бір бірінен кемiнде 50 метр қашықтықта; аулаларда, бақтарда, алаңдарда және басқа да аумақтарда 10 метрмен 100 метр аралығында орнатылады.
Жолаушылар көлiк аялдамаларында және сауда нысандарының кіре берістерінде екi урнадан орнатылады.

119 119. Урналарды қою, тазарту және жуу аумақты пайдаланатын мердігер мекемелермен, немесе шаруашылық ететін субъектілермен, иелігінде немесе пайдалануындағы аумақта. Урналар толу деңгейіне қарай тазартады.

120 120. Урналар ластану деңгейіне қарай жабылады, бiрақ аптасына бір реттен кем емес.

7 7-тарау. Ұсақ бөлшек сауда үшін уақытша құрылғыларды орнату, сондай-ақ жалпы пайдаланудағы демалыс аймағын күтіп ұстау

121 121. Ұсақ бөлшектік уақытша сауда нүктелерінің нысандарын (павильондар) орнату қолданыстағы нормаларға және ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

122

122. Ұсақ бөлшектік сауда нысандарын сәулеттік және декоративті-түсті безендірілуі сәулет және қала құрылысы саласындағы қалалық, аудандық уәкілетті органмен келісіледі. Ұсақ бөлшектік сауда объектілерін декоративті безендіру жұмыстары олардың иелерінің қаражаты есебінен, сәулет және қала құрылысы саласындағы қалалық, аудандық уәкілетті органмен келісілген сыртқы түрі мен түсі шешімін сақтауды ескере отырып, орындалады.

123

123. Ұсақ бөлшектік сауда нысандары мен кешендеріне көліктік қызмет көрсету, маңайында жатқан магистральдар мен жаяу жүргіншілер бағыттарындағы, көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне кедергі келтірмеуі қажет. Тауар жеткізуді жүзеге асыратын автокөліктің тұрағы, сауда нүктелеріне тауар артуды тек осылар үшін арналған орындардан жүзеге асырылады. Осы мақсаттарда тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолы мен гүлзарларды пайдалануға жол берілмейді.

124

124. Сауда нүктелерінің иелері маңайында жатқан аумақтық көркейтілу жұмыстарының бұзылмауын қадағалауы керек. Маңайында жатқан көріктендіру нысандарына, жасыл желектерге, гүлзарларға және тағы басқа зиян келтірген сауда нүктелерінің иелері, көріктендіру нысандарын өз қаражаты есебінен алғашқы қалпына келтіруі қажет.

125 125. Көкөніс, жеміс-жидек және бақша дақылдарын нысаннан тыс жерде сатуға жергілікті атқарушы органмен бекітілген орындарда рұқсат беріледі.

126 126. Ұсақ бөлшектік сауда нысандарында жуынатын орын, қоқыстар мен қалдықтарды салатын қақпағы бар ыдыс, сатушының жеке мүлігін сақтайтын орын орнатылады.

127 127. Ұсақ бөлшектік сауда нысанының сатушысы нысанды, іргелес аумақты тазалықта ұстайды, өнімдерді ластанудан сақтайды, таза арнайы киімдерін киеді (халат, қолғаптар, қалпақ).

128 128. Нысан аумағы тазалықта ұсталуы қажет. Күн сайын жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін негізгі, күн ішінде ағымдағы тазалау жүргізіледі. Қысқы кезеңде аумақ, кіре беріс жолдар және павильон алдындағы алаңдар қар мен мұздан тазартылып, тайғаққа қарсы құм себіледі, жаз мезгілінде су себіледі.

Сауда нысанына іргелес аумақта ыдыстар мен тауарлардың қорын текшелеуге жол берілмейді.

129 129. Базар аумағында келушілер мен персонал үшін әжетханалар, 50 сауда орнына бірден кем емес шүмектер саны есептелген қол жуу, сауда құрал-жабдықтарын, жеміс-жидектер мен көкөністерді жуатын қондырғылар орнатылады.

130 130. Санитарлық желілер мен жуынатын орындар базарларда қалыпты, тазалықта ұсталып және күн сайын дезинфекцияланады.

131 131. Көпшілік пайдаланатын демалу аймақтары - саябақтар, скверлер, бульварлар, жаға жайларды осы нысандар бекітілген өкілетті органдар күтеді.

Көпшілік пайдаланатын демалу аймақтарын тазалау және ағымдағы күту жұмыстарын бюджеттік бағдарламалар әкімшісі отырған келісім шарт негізінде мамандандырылған кәсіпорындар жүргізеді.

132 132. Көріктендірудің, ғимараттардың және шағын сәулеттік пішіндердің элементтеріне, көпшілік демалатын аймақтардың құрылымына сәулеттік және түстік шешімдеріне өзгерістерді Қала, елді мекендердің сәулет органымен және уәкілетті органмен келісіліп, жүргізіледі.

133 133. Саябақтарда және жаға жайларда орнатылған қоқыс жәшіктерінен басқа арнайы контейнерлер қоятын алаңдар болуы керек.

134 134. Саябақтардың және жаға жайлардың аймақтарында нормалар мен ережелер талаптарына сәйкес қоғамдық әжетханалар болуы керек.

135

135. Көпшілік демалатын аймақтарды қолданыстағы нормативтік талаптарға сай қоғамдық тамақтану нысандары және ұсақ бөлшекті сауда нүктелері орналасуына болады. Бұл нысандардың иелері бөлінген және бекітілген аумаққа санитарлық тазалау мен жинау үшін арнайы кәсіпорындармен келісім шартқа отыру керек, немесе қолданыстағы талаптарға сәйкес өзі жүргізеді. Осы нысандарды жөндеу және сырлау жұмыстары олардың иелері есебінен орындалады.

136 136. Көпшілік демалатын аймақта жол берілмейді:

1 1) қоқыстарды, жапырақтарды өртеуге, от жағуға, көліктерді жууға және тазалауға;

2 2) көгалдарға, гүлзарларға, тротуарларға нысандарды орналастыруға;

3 3) мангалды қолдануға, ашық отта кәуап және басқа тағамдарды дайындауға;

4 4) 23-00 сағаттан кейін қатты музыканы қоюға.

137

137. Жерге және ғимаратқа құқық растайтын құжатсыз орналасқан дүңгіршектер, жеңіл құрылымнан орнатылған ұсақ бөлшектік уақытша және басқа да павильондар, сәулет және қала құрылысы саласындағы қалалық, аудандық уәкілетті органдардың хабарламасымен 7 тәулік ішінде меншік иесімен демонтаждалуы (бұзылуы) тиіс.

8 8-тарау. Шағын сәулеттік пішіндерді (қоршауларды) күтіп ұстау

138 138. Тұрғын үй ғимараттар аумағы, қоғамдық аймақтар, гүлзарлар, көшелер, саябақтар, алаңдар демалу үшін шағын сәулеттік пішіндермен жабдықталады.

139 139. Қоршаулар, дуалдар салу және орнату белгіленген тәртіппен тек сәулет және қала құрылысы саласындағы қалалық, аудандық уәкілетті органдар келісімімен және рұқсатымен келесі талаптарды сақтап, құрылысын жүргізуге және орнатуға болады.

140 140. Шағын сәулет пішіндері стационарлық және мобильдік болуы мүмкін, олардың саны және орналасуы аумақтарды көріктендіру жобаларында белгіленеді.

141 141. Қоғамдық ғимараттардағы, алаңдардағы, көшелердегі, гүлзарлардағы және саябақтардағы, жағалаулардағы шағын сәулеттік пішіндер ерекше жобалар бойынша әзірленеді.

142 142. Жаңа құрылыс салынып жатқан учаскесі шекарасында бекітілген жоба-сметалық құжаттамаға сәйкес шағын сәулеттік пішіндері жобалау, әзірлеу және орнатуды тапсырыс беруші жүзеге асырады.

143 143. Шағын сәулеттік пішіндердің сындарлы шешімдері олардың тұрақтылығын, пайдалану қауіпсіздігін қамсыздандыруы тиіс.

144 144. Шағын сәулеттік нысандардың иелері - заңды және жеке тұлғалар өз қаржыларына оларды ауыстырады, жөндейді және бояйды.

9 9-тарау. Құрылыс алаңдар мен телімдерді күтіп ұстау

145

145. Бөлінген учаскеде құрылыс қызметі басталғанға дейін (жаңа құрылыс, қайта жаңарту, жөндеу, құрылыстарды бұзу) құрылыс салушы (объектіні жөндеу, қайта жаңарту кезінде меншік иесі), құрылысты ұйымдастыру жобасына, объектінің бас жоспарына сәйкес құрылыс алаңын, жұмыс учаскелерін жайғастыруды жүргізеді;
объектілерді кейіннен кәдеге жарату (бұзу) бойынша жұмыстарын өткізу кезінде, бұзу жөніндегі қажетті техникалық шешімдерге немесе ғимараттарды бұзу жобасына сәйкес жүргізеді.

146 146. Құрылыс салушы, объектінің иесі құрылыс алаңын (бұзуға жататын учаскеде) абаттандыру (көріктендіру) үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органында дайындық жұмыстарын жүргізуге рұқсатын алады.

Құрылыс алаңы (бұзуға жататын учаскеде) келесі міндетті талаптардың орындалуымен, тиісті нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес абаттандырылуы (көріктендірілуі) қажет:

1 1) құрылыс алаңы барлық периметрі бойынша бөтен тұлғалардың кіруіне жол бермейтін және іргелес жатқан аумақтарға қоқысты шығаруды болдырмайтын қоршаумен қоршалынады;

2 2) адамдардың көптеп өтетін жерлерінде қоршауға жаппай қорғау қалқанын орнатуды қамтамасыз етуі қажет;

3 3) қоршау темірбетоннан, темірден немесе басқа, сәулет және қала құрылысы саласындағы қалалық, аудандық уәкілетті органымен келісілген, темір материалдардан жасалуы қажет;

4 4) қоршаудың құрылымдары көлденең және тіке бағыттарда қатты түрде бекітіліп, реттелуі, сырлануы және мұнтаздай ешбір ойықсыз, зақымдалған учаскесіз, бөтен хабарландыру мен жазуларсыз болуы керек;

5 5) қоршаудың биіктігі жер бедерінен екі метрден кем болмауы, төменгі бөлімінде саңылаулары болмауы тиіс;

6 6) жеке шыға беріске немесе салынып жатқан құрылысқа шағын қосымша құрылыс салу кезінде, биіктігі екі метр қоршау құрылғысын орналастыру рұқсат етіледі;

7 7) қақпа немесе шлагбаумды орнатумен құрылыс алаңынан болмашы көшелеріне шығатын минималды жолдардың саны көзделеді;

8 8) шығатын жолдарда ақпараттық қалқандар орнатылады;

9 9) жарық бүкіл қоршау периметрі бойынша болуы керек, адамдар көптеп өтетін жерде жарық бүкіл қоршау периметрі бойынша екі жақтан түсуі қажет;

10 10) құрылыс алаңдарына ішкі алаң жолдары мен кіреберіс жолдары объектінің бас жоспарына сәйкес абаттандырылған (көріктендірілген) және төсем болуы керек және асфальтталған өту жолдарына қосылуы қамтамасыз етілуі қажет;

11 11) шығатын жолдарда көлік құралдарының дөңгелектерді жуу (тазалау) пункттері жабдықталады және автокөлік дөңгелектерін жуу жүзеге асырылады;

12 12) құрылыс алаңдарындағы аумақты тазалық пен тәртіпте ұстаудың, абаттандырылуды (көріктендіруді) және іргелес жатқан құрылысқа теріс ықпал етуді болдырмау, үстірттік және жер асты сулардың бұрылуын ұйымдастыруды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар көзделеді;

13 13) құрылыс және тұрмыс қоқысын жинау мақсатында контейнерлер, жинаушы-бункерлер орнатылып, қоқысты уақытында шығаруды ұйымдастыру қажет;

14 14) құрылыс алаңына (бұзуға жататын учаскеде) іргелес жатқан аумақты ұқыпты түрде күтіп, мезгілді жинастырылуы қажет;

15 15) құрылыс алаңынан тыс құрылыс материалдарды, қоқымды (синтетикалық қабыршықтар, үгінділер, перделер, жоңқалар, буып-түйетін материалдар) шығаруды болдырмайтын шаралар көзделуі қажет;

16 16) жабық лотоктар мен жинаушы-бункерлерді қолдануынсыз объектілер қабаттарынан қоқыстар мен қалдықтарды тастауға жол берілмейді;

17 17) ғимараттардың қасбеттерінде жұмыс істеу барысында, арнайы осындай мақсатпен көзделген және сапасы бойынша сәндік, беріктік және өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін торлардан жасалған тор көзді қоршау болуы керек;

18 18) торлардан жасалған қоршау осындай мақсаттары үшін жасалған ғимараттың қасбеттер бекіткіштеріне немесе орнатылған мінбесатылардың үстіне жабылады;

19 19) торлар тұрақты тұру үшін созылып, үстіңгі қабат бойынша бекітіледі, торлардың қисайып, созылып кетуіне жол берілмейді;

20 20) қажеттіліктер туындаған кезде, жаяу жолды, жаяу жүретін галереяларды, төсемдерді, таяныштарды, айналма және уақытша жолдарды абаттандыру (көріктендіру) мен олардың ұқыпты түрде ұсталуы қамтамасыз етіледі;

21 21) бұзуға жататын учаскелерде құрылыстарды бұзу, алаңды дайындау шараларын іске асырған соң ғана бастауға болады;

22 22) құрылысты бұзу жұмыстарын, ғимарат элементтерінің қирауын болдырмау мақсатында, жоғарғы құрылымдардан бастау қажет.

147 147. Барлық материалдар мен топырақ тек қоршалған аумақ шеңберінде ғана болады.

Шығарылған топырақ (құнарлыдан басқасы), бұзылғанның қалдықтары мен қоқыс, қатты тұрмыс қалдықтары полигонына шығарылуы тиіс, қоршалған аумақтан тыс материалдарды, қоқыстарды қоймалауға, көліктің тиелуіне және тұрақтануына, механизмдер мен құрылыс техникаларын орнатуына жол берілмейді.

148 148. Мұзды, қарды, құрылыс қоқыстарды уақытында ұйымдастырып шығару үшін құрылыс салушы немесе мердігер құрылыс алаңын жайғастыруға рұқсаттама алған кезде арнайы кәсіпорындармен келісім шартқа отырады.

149 149. Құрылыс салушымен құрылыстық және тұрмыстық қоқысты уақытылы шығарылуы қамтамасыз етіледі.

150 150. Салушы немесе мердігер арнаулы орында немесе құрылыс алаңдарында құрылыс қалдықтарын басқа қалдық түрлерінен тікелей бөліп алуды ұйымдастыруы тиіс, сондай-ақ қоқыс тастайтын жерлерде және полигондарда құрылыс қоқыстарын басқа қалдықтармен араластыруға жол бермеу.

151

151. Құрылыс (бұзу) аяқталғаннан кейін, құрылыс алаңына іргелес жатқан аумақтың бұзылған абаттандыруын (көріктендіруін) қалпына келтіру, сондай-ақ уақытша жүруге, жолаушылардың өту жолы, уақытша ғимараттар мен материалдарды қоймалау үшін, инженерлік желілерді төсеу және тағыда басқа пайдаланған аймақтарды құрылыс салушы қалпына келтіруі қажет.

10 10-тарау. Көркем безендіру және жарнама

152 152. Архитектура саласындағы өкілетті органмен келісілген эскиздік жобаға сәйкес белгіленген орындарда, өкілетті органмен келісім шарт жасалған күнінен 30 күн ішінде шаруашылық элементтерін және жарнама қондырғыларын жасауға және орнатуға тиіс.

153

153. Маңайдағы аймақта, сонымен қатар ғимараттардың, жарнама беретін жарнама тақталарында орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнамалар мен ақпарат нысандары таза ұсталуы және түнгі уақытта жарықтандыратын арнайы прибормен жарықтандырылуы тиіс. Рұқсат құжаттамасы бар заңды және жеке тұлғалар бұларды күтіп ұстауға жауапты.

154 154. Жарнама құрылғысының иесі жарнама құрылғысын орналастырғаннан кейін және орнынан алған соң аумақты абаттандырып, (көріктендіріп) қалпына келтіруі керек.

155 155. Жарнамалық құрамалардағы кескіндемені (плакаттарды) алмастырғанда автокөлікпен көгал алаңдарға кіруге жол берілмейді.

156

156. Кәсіпорындар мен ұйымдар ғимараттың бекітілген аймағын және қасбетін эстетикалық түрін қамтамасыз етуі керек. Кіре берісінде сыртқы есікте маңдайша жазулар, яғни кәсіпорынның бағдары туралы ақпараттар, фирмалық аталуы, тіркелген тауарлық белгісі (тауарлардың және қызметтердің тізімінсіз), тұтынушыны хабардар ететін кәсіпорынның мекен-жайы және ғимараттың қасбетінде оған кіру бағыты көрсетілген ақпараттар, кәсіпорын орналасқан орынжайдың ілінуі тиіс.

157 157. Кәсіпорынның жұмыс жасау тәртібі туралы мәліметті тұтынушыға жеткізуге арналған баспа материалдары түріндегі плакаттарды кәсіпорындардың витриналарына (терезелеріне), есіктеріне орналастыруға болады.

158 158. Витринаның безендірілуі эстетикалық талаптарға сәйкес, ішкі жағын, декоративті элементтермен немесе мейрамдық безендірулер жасауға болады.

159 159. Жалпы пайдаланатын жерлерде мерекелік безендіруді ұйымдастыру, орналастыру және орнынан алу жұмыстары тиісті қызметтермен орындалады.

160 160. Әртүрлі жарнамаларды және басқа да ақпараттарды ғимараттарға, дуалдарға, қалалық жолаушылар көліктері павильондарына, жарықтандыру бағаналарына, ағаштарға жапсыруға және ілуге жол берілмейді.

Барлық нысандардан (ғимараттардың қасбеттері, дүкендер, байланыс жүйелерінің және сыртқы жарықтандыру бағаналары және тағы осылар сияқты) өз еркімен ілінген жарнамалық және басқа хабарландыруларды, жазуларды және суреттерді олардың ведомстволық тиістілігіне қарамастан иелері мен жалға алушыларға жою жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру жүктеледі.

161

161. Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының және қалалық және ауылдық елді мекендердің жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру плакаттар, стендтер, жарықтық таблолар, билбордтар, транспаранттар, афишалар, жарнамалық-ақпараттық белгілер мен жарнаманың басқа стационарлық орналасу объектілері түрінде жүзеге асырылады.

162 162. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері құралдарын орналастыру:

жалпы пайдаланылатын, шаруашылық және жеке меншік автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде және жол бойындағы белдеулерде орналасқан кезде - қалалық аудандық сәулет саласындағы уәкілетті органмен және қалалық, аудандық автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті органмен;
қалалық және ауылдық елді мекендердің сыртқы (көзбен шолу) жарнамаларының құралдарын орналастырған кезде- қалалық аудандық сәулет саласындағы уәкілетті органмен берілген рұқсат болу кезінде жіберіледі.

163 163. Сыртқы (көрнекі) жарнама:

жолдың көліктік-пайдалану сапасын төмендетпеу;
көлік құралдарының жүрісі мен қоршаған ортаны қорғаудың қауіпсіздік талаптарын бұзбау;
жол белгілермен ұқсас болмау, олардың көрінуін немесе қабылдану тиімділігін нашарлатпау;
жолды пайдаланушылардың көздерін шағылыстырмау;
жүргізушіге жол жағдайын қабылдауға немесе көлік құралын пайдалануға бөгет болмау;
көлік құралдары жүрісінің белсенді, енжарлық және апаттан кейінгі қауіпсіздігіне жағымсыз әсер етпеу;
ақпаратты, егер барлық жарналық ақпарат бір уақытта пайда болмаса, қозғалатын элементтер бар бейне арқылы бермеу;
автомобиль жолының шектерінде қалыпты есту қабілеті бар тұлғалар еститін дыбыстарды шығармау керек;
ішкі істер органдарының видеобақылау камераларының көру, бақылау аймағын шектемеуге тиіс.

164 164. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы тарихи және мәдениет ескерткіштері, табыну объектілері аумақтарында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында орналастыруға жол берілмейді.

165

165. Сыртқы (көрнекі) жарнама құралдарының мәтіндері жол жүрісі қатысушыларына мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша, және басқа тілдерде ұсынылуы тиіс. Жарнама аудармасы бір тілден басқаға оның негізгі мағынасын бұрмаламау тиіс. Мәтін өлшемі көлік құралдарының жақын қозғалыс жолағынан оның оқылуын қамтамасыз ету керек. Аталған мәтін тілдерді дамыту саласындағы қалалық, аудандық уәкілетті органдармен келісуі қажет.

166

166. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өндіріске және өткізуге тыйым салынған тауарлардың (жұмыс, қызмет) сыртқы (көрнекі) жарнамасы жол берілмейді. Егер жарнама берушімен жүзеге асырылатын қызмет лицензиялауға жататын болса, онда тиісті тауардың (жұмыс, қызмет) жарнамасы кезінде, сондай-ақ жарнама берушінің өз қызметінің жарнамасында лицензияны берген органның атауын және лицензия нөмірін көрсету қажет.

167 167. Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде белгіленген тәртіпте декларациялаудан және (немесе) сертификаттаудан өтпеген, сәйкестігін міндетті растауға жататын өнімді жарнамалау жол берілмейді.

Жарнаманы орналастыру кезінде сәйкестігін міндетті растауға жататын өнімге декларация нөмірін және (немесе) сәйкестік сертификатын және оларды тіркеген немесе берген сәйкестікті растау органының атауын көрсету қажет.

168 168. Ішкі және сыртқы жарықтандыру кезінде сыртқы (көрнекі) жарнама бейнесі элементтерінің жарықтығы ҚР СТ 1125 «Жол белгілері» бойынша жол белгілерінің фотометрлік сипаттамаларынан аспау тиіс.

169 169. Сыртқы (көрнекі) жарнама құралдарының құрылымдары белгіленген тәртіпте қолдану үшін қабылданған және (немесе) рұқсат етілген және басқа нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жүктемелер мен басқа әсерлерді есепке алып, жобалау, дайындау және белгілеу керек.

170 170. Сыртқы (көрнекі) жарнама құралдарының жобалық құжаттамасының және құрылымының құрылыс нормаларына және ережелеріне және басқа нормативтік құжаттарға сәйкестігі тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе олармен мойындалған ұйымдардың тұжырымдарымен расталуы тиіс.

171 171. Қаттылық пен бекітудің құрылымдық элементтері (бұрандама қосылыстары, тіреуіш элементтері, технологиялық косынкалар) сәндік элементтермен жабылуы тиіс.

172 172. Құрылыстарға жарнаманы орналастыру құралдарын бекіту кезінде олардың бұзылуы, сондай-ақ төзімділігі мен тұрақтылығын төмендету жол берілмейді.

173

173. Сыртқы (көрнекі) жарнама құралдарында электр және өрт қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ететін өнеркәсіптік дайындауының жарықтық құралдары қолданылады. Электр желісіне қосылған жарықтық құралдар мен қондырғылар электр қондырғылардың құрылу ережелерінің талаптарына, ал оларды пайдалану – Пайдалану және қауіпсіздік техникасы ережелерінің талаптарына сәйкес болу тиіс.

174 174. Жарнаманың ішкі немесе сыртқы жарықтандырылуы кезінде жарықтық құралдар мен құрылғылар жүру бөлігіне жарықтық сәулелердің тікелей түсуін болдырмайтындай қондырылуы тиіс.

175 175. Жарықтық құрылғыларды бекіту құрылымының тіреуіш бөлігімен олардың сенімді қосылуын қамтамасыз ету және нормативтік жел, қар мен тербеліс жүктемелеріне шыдау тиіс.

176 176. Жарнаманың көмескі жарығын қосу және ажырату көшенің сыртқы жарықтандыруды қосумен және ажыратумен бір уақытта жүргізілуі тиіс.

177 177. Сыртқы (көрнекі) жарнама құралдарында жарнамалық ақпараттың ауысуы жол жүрісінің қауіпсіздік талаптарын сақтап, көгалдарға көлік құралдары өтпей жүргізілуі тиіс.

178 178. Сыртқы (көрнекі) құралдары жол жүрісі қауіпсіздігін төмендетпеу, жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарының көрінісін шектемеу, инженерлік құрылыстардың габариттерін азайтпау тиіс.

179 179. Сыртқы (көрнекі) жарнама құралдары:

бір тіреуіште, жармада және жол белгілерімен және бағдаршамдармен бір қимада;
жол телімінің 150 метр жерлерінде жол жүрісін ұйымдастырудың 3 белгілерінен артық;
қиын жол шарттары бар жол телімдерінде;
теміржол жол өтпесінен, көпір құрылысынан, тоннельдерден және жол өткелі астынан 250 метр жақын жолдар мен көшелердің апаттық-қауіпті телімдерінде, сондай-ақ олардан елді мекендерден тыс 350 метрден кем және елді мекендерде тоннельдерге тікелей кірген және тоннельдерден шыққан жерлерден 50 метр және олардан 50 метр жақын қашықтықта;
жер төсемі үймесінің биіктігімен, автомобиль жолдары мен көшелердің телімдерінде;
1200 метрден кем жоспарда қисық радиусымен елді мекендерден тыс автомобиль жолдарының телімдерінде, елді мекендерде 600 метрден кем жоспарда қисық радиусымен жолдар мен көшелер телімдерінде;
40 % көп еңістерде;
жолдың жүру бөлігі мен жол жағасы үстінде (селитебтік аумақтардағы «тартылулардан» басқа);
жол қоршаулары мен бағыттаушы құрылғыларында;
тіреуіш қабырғаларда, ағаштарда, тау тастарда және басқа табиғи объектілерде;
көру қашықтығы елді мекендерден тыс жерлерде 350 метрден кем және елді мекендерде – 150 метр автомобиль жолдардың телімдерінде;
бағыттаушы көліктік құралдарының аялдамасына 25 метрден жақын;
бір деңгейдегі жаяу жүргіншілер өткелдерінде және автомобиль жолдарының қиылысында, сондай-ақ олардан елді мекендерден тыс 150 метр, елді мекендерде – 50 метрден кем қашықтықта;
елді мекендерден тыс автомобиль жолының жер төсемі жиегінен 10 метрден кем қашықтықта автомобиль жолының немесе көшенің сол жағында немесе оң жағында және автомобиль жолының (жиектеме тас) жер төсемі жиегінен 5 метрден кем қашықтықта – елді мекендерде;
егер жоғарғы нүкте жүру бөлігі деңгейінің үстінен 10 метр көп немесе 5 метрден кем биіктікте болса, сыртқы (көрнекі) жарнама құралының биіктігінен кем қашықтықта автомобиль жолының немесе көшенің оң жағында немесе сол жағында орналаспау керек.

180 180. Автомобиль жолдарында жарнама қалқанының немесе оны бекітетін құрылымның төменгі шетін жарнаманы орналастыру құралы орналасқан телім бетінің деңгейінен 2,0 метрден кем немесе биіктікте, ал қалалық және елді мекендер аумағында - 4,5 метрден кем емес биіктікте орналастырады.

181 181. Іргетастан бар жер астындағы коммуникацияларға дейінгі жоспардағы қашықтық 1 метрден кем емес болу тиіс.

182 182. Сыртқы (көрнекі) жарнама құралдарын жарықтық желісінің электр беруші желісінен жою 1,0 метрден кем емес болу тиіс.

183 183. Бөлу жолағында сыртқы (көрнекі) жарнама құралдарын орналастыру кезінде құрылым (жарнама қалқанның) немесе тіреуіш шетінен жүру бөлігіне дейінгі қашықтық 2,5 метрден кем емес болу тиіс.

Егер құрылым (жарнама қалқанның) немесе тіреуіш шетінен жүру бөлігіне дейінгі қашықтық 4,0 метрден көп болса, ҚР СТ 1412 «Жол қозғалысы ұйымының техникалық құралдары» бойынша бірінші топтың жол қоршаулары қондырылуы тиіс.

184 2-Кесте

184. Сыртқы (көрнекі) жарнама құралдары мен жол белгілері және бағдаршам арасындағы қашықтық 2-кестеде көрсетілгеннен кем емес болу тиіс.
2-Кесте
метрде
Жолдағы (көшедегі) жүрістің рұқсат етілген жылдамдығы, км/сағ
Жол белгілері мен бағдаршамға дейінгі қашықтық,
Мына жарнамалық хабарламалардың алаңында, м2
15-тен
15-тен 6 дейін қоса
6ж-3 дейін қоса
3 кем
60 көп
200
100
60
40
60 және кем
120
60
40
25

185 185. Жолдың бір жағында жеке орналасқан сыртқы (көрнекі) жарнама құралдары арасындағы қашықтық:

елді мекендер шегінен тыс - 350 метр;
елді мекендер шегінде - 200 метрден кем болмау тиіс.

186 186. Сыртқы (көрнекі) жарнама құралдарын орналастыру кезінде автомобиль жолдары мен көшелерді ұстау ыңғайлығын есепке алу қажет.

187 187. Автомобиль жолдары мен көшелердің бетіне құрылыс материалдарын, сырларды, жол белгілерін және тағы басқа пайдаланып, дақ түсіру жолымен жарнаманы орналастыруға жол берілмейді.

188 188. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдары жүрісін ұйымдастыру және орналастыру жобасын есепке алып орналастырады.

189 189. Сыртқы (көрнекі) жарнама құралдарын жинақтау және қызмет көрсету жұмыстарын орындау кезінде жол жұмыстарының өндірісінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар сақталуы тиіс.

190 190. Сыртқы (көрнекі) жарнаманың стационарлық құралдарының көтергіш құрылымдарының іргетастары ондағы көгалды бұдан әрі қалпына келтіріп топырақ деңгейінен 15-20 сантиметрден төмен тереңдетілген болу тиіс.

191 191. Жарнама таратушы аумақтық көркеюін сыртқы (көрнекі) жарнама құралдарын қондырудан (бөлшектеуден) кейін 3 тәулік ішінде қалпына келтіруі қажет. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру құралдарын бөлшектеуді олардың іргетасымен бірге жүргізу қажет.

192 192. Жол жүрісіне қатысушыларды ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын:

ҚР СТ 1412 «Жол қозғалысы ұйымының техникалық құралдары» талаптарына сәйкес орналастырады және белгіленген тәртіпте өзгертулерді келісіп жол жүрісін ұйымдастыру жобаларын енгізеді.
ГОСТ Р 50597 сәйкес пайдаланады.

193 3-Кесте

193. Жол жүрісіне қатысушыларды ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын жарық қайтарғыш материалдарды қолданып өндіреді, жарық қайтарғыш коэффициент мәні 3-кестеде көрсетілген мәндерден кем емес болу тиіс.
3-Кесте
Материал түсі
Байқау бұрышы 20’
Жарықтандыру бұрышы

10о
20о
30о
40о
Ақ
300
210
150
110
70
Сары
180
110
90
70
40
Қызғылт сары
160
95
80
64
30
Қызыл
60
35
30
24
15
Жасыл
30
24
20
15
8
Көк
15
11
9
7
4

194 194. Жарнаманың бөлек элементтерінің жоқтығы немесе онда басқа жазбалар мен суреттердің пайда болуы жол берілмейді.

Табылған ақаулар тиісті жазбаша ескерту берілгеннен кейін, 3 тәулік ішінде жойылу тиіс.

195 195. Осы Қағида талаптары бұзылуымен анықталған сыртқы (көрнекі) жарнама құралдары және және жол бойында орналасқан жарнама құралдары осы Қағиданың қолданысқа енген күнінен бастап 30 тәулік ішінде осы Қағидаға сәйкестендірілуі тиіс.

Осы Қағидаға сәйкес орналастырылмаған жарнама құрылғылары сәулет және қала құрылысы саласындағы қалалық, аудандық уәкілетті органдардың хабарламасымен 7 тәулік ішінде меншік иесімен демонтаждалуы тиіс.

11 11-тарау. Тұрғын үйлер орамдарын, көшелер және ықшам аудандарын абаттандыру

196 196. Ықшам аудандар мен орамдардың аймақтары қоқыс контейнерлерін қоятын, кір кептіретін, демалатын, балалардың ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын қыдыртатын, автотұрақ, аялдату, жасыл аймақ үшін алаңшалармен жабдықталады.

197 197. Алаңшалардың саны, орналасуы мен жабдықталуы құрылыс және санитарлық нормаларға сәйкес болуы тиіс, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттерімен келісуі керек.

198 198. Тұрғын жай орамдарында, көшелерде, шағын аудандар аумақтарында, сондай-ақ аула маңы аумақтарында мына тәртіптер сақталуы қажет:

1 1) көтермелердің, жаяу жолдардың, жүргіншілер жолының, орам ішіндегі кіреберістері мен жолдарының төсемдерін қалыпты жағдайда ұстауға;

2 2) аулаларға өздігінен түрлі шаруашылық немесе қосалқы құрылыс (гараждар және басқа) салуға жол бермеуге;

3 3) ауланың ішкі аумақтарына құрылыс материалдарын үюге жол бермеу;

4 4) өзінің балансындағы (шаруашылық жүргізуші немесе жедел басқару) инженерлік желілерді қалыпты жағдайда ұстауға, құдықтарды уақытында қарап, тазартуға;

5 5) шағын сәулет пішіндерін, спорттық, ойын, балалар мен шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен қашаларын қалыпты жағдайда ұстауға, олардың сыртқы түрінің ұқыптылығын сақтауға;

6

6) қалалық, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті органның және сәулет және қала құрылысы саласындағы қалалық, аудандық уәкілетті органның келісімінсіз әр түрлі жер үсті құрылғыларын (құбыр, құдық, есептеуіш құрылғылардың жәшіктері) орнатуға жол берілмейді.

199 199. Тұрғын жай орамдарындағы көшелер, шағын аудандардың аулаларында, сондай-ақ ауланың ішкі аумағында жол берілмейді:

1 1) аумақты тазарту немесе апатты жағдайларды жою жұмыстарынан басқа, сағат 23-тен сағат 6-ге дейін, тыныштық пен тәртіпті бұзатын іс-әрекет жасауға;

2 2) ауланың ішкі және ішкі орам аумағындағы жасыл аймаққа, балалар алаңшасына, жүргіншілер жолына қызметтік және жеке меншік автокөлікпен кіруге, қоюға;

3 3) арнайы бөлінбеген және белгілермен, таңбалармен белгіленген орындардан тыс жерлерге көліктерді қоюға және аялдатуға;

4 4) құрылыс материалдарын, автокөліктерді жөндеуге, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті орналастыруға;

5 5) ҚТҚ үшін арналған контейнерлер мен олар орналасқан алаңшалардың маңайында ІКҚ, құрылыс қоқыстарын, шыбықтарды және басқа да қоқыстарды үюге;

6 6) сәулет және қала құрылысы саласындағы қалалық, аудандық уәкілетті органдармен берілген сәулет-жоспарлау тапсырмасында қойылған талаптарды сақтамай объектілерді пайдалану, құрылыс және қайта құрылымдау жұмыстарын жүргізуге.

12 12-тарау. Ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерді күтіп ұстау

200

200. Меншігінде ғимараттар мен құрылыстар бар кәсіпорындардың және ұйымдардың басшылары ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп ұстауға, аталған нысандарға және олардың жекелеген элементтеріне (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтіру, жөндеу және сырлау жұмыстарын уақытында жүргізуді, сонымен қатар қасбеттерде орнатылған ақпараттық, ескерткіш тақтайшалардың тазалығын және дұрыс жағдайда болуын қамтамасыз етулері керек. Дүкендер мен офистердің қала көшелері жағына шығатын витриналары жарықпен безендірілген болуы тиіс.

201 201. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттерін және олардың үйлесілімділік элементтерін қайтадан жабдықтауға жол берілмейді.

Объектілердің құрастырмалары мен функционалдық мақсатын өзгертпей, жер учаскесінің қазіргі шекарасында жүзеге асырылатын қолданыстағы тұрғын ғимараттардағы үй-жайларды (тұрғын үйлердің балкондары мен лоджияларын) қайта жаңарту, қайта жобалау, қайта жабдықтау қолданыстағы заңнама негізінде жүзеге асырылады.

202

202. Шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқаруындағы ғимараттары және орын-жайлары бар жеке меншік иелері мен заңды тұлғалар, ғимараттарды, құрылыстарды және құрылғыларды, басқа жер учаскелеріндегі жылжымайтын нысандарды қала құрылысы мен жобалау құжаттарына, қала құрылысы нормативтері мен ережелері, экологиялық, санитарлық, өртке қарсы нормаларға сәйкес, қалыпты жағдайда сақтау жұмыстарын жүргізуі, соның ішінде оларға қарамағындағы ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын өз есебінен немесе бөлінген қаражат есебінен жүргізуі керек.

203

203. Егер де бірнеше заңды немесе жеке тұлғалардың меншігінде, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқаруында тұрғын емес немесе тұрғын ғимараттары болған жағдайда, осы тұлғалар ғимараттың пайдалану ауданына қарай қасбетін жөндеуге, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге үлес қосуы керек. Ғимараттарға немесе орын-жайларға жоспарлы түрде жаппай жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізген кезде, үлестік қатынасы бар тұлғалар осы мақсаттарға жұмсалатын қаражатты біріктіріп, жұмсауына болады.

204

204. Сәулет, тарих немесе мәдениет ескерткіштері болып табылатын ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерін жөндеу, жаңарту, қайта қалпына келтіру жұмыстары Қазақстан Республикасының және Қала, елді мекендер құқықтық актілерімен бекітілген, қорғау міндеттемелеріне сәйкес Мәдениет департаменті мен Сәулет және қала құрылысы департаменттерінің келісімімен орындалады.

205 205. Жол берілмейді:

1 1) алдын ала сәулеттік бөліктерді қалпына келтірмей ғимараттар мен орын-жайларға сырлау жұмыстарын жүргізуге;

2 2) табиғи немесе жасанды тастармен қапталған қасбеттерді сырлауға.

206 206. Пайдалануға енгізу актіні бекітусіз нысандарды пайдалануға жол берілмейді.

13 13-бөлім. Сыртқы жарықтандыруды және субұрқақтарды күтіп ұстау

207 207. Уәкілетті орган бекіткен кестеге сәйкес көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын нысандардың сыртқы жарығын қосу табиғи жарықтың көлемінің азаюы кезінде кешкі ымырт кезінде 20 люкске дейін, ал сөнуі - таңғы күңгіртте 10 люкске дейін беріледі.

208

208. Алаңдардағы, магистральдардағы және көшелердегі, аула аумақтарындағы шамдардың жанбауы 3 пайыздан аспауы керек. Металл бағаналары, кронштейндер мен басқа сыртқы жарық құрылғылары мен қыстырма желілерінің элементтері таза, тот баспай ұсталып, сырлануы қажет. Жанып кеткен шамдарды ауыстыруды тиісті қызметтер оны анықтағаннан кейін 24 сағаттың ішінде ауыстыруы тиіс.

209

209. Пайдаланудан шыққан құрамында сынап бар газ санатындағы шамдар - доқалы сынапты шам, металдық диодтары бар доқалы шам, доқалы натрийлі люминесцентті шамдарды сақтайтын арнайы орындарда сақталып, одан әрі қайта өңделуі үшін арнайы кәсіпорындарға жеткізілуі қажет. Аталған шамдар түрлерін қалалық полигон аумағына шығаруға жол берілмейді.

210 210. Жарық және электрлі көліктердің байланыс желілерінің құлап қалған бағаналарын негізгі магистральдарда кешіктірілмей бағана иесі шығарады, ал басқа аумақтарда және бұзылған бағаналар - тәулік ішінде шығарылады.

211 211. Коммуналдық меншіктегі су бұрқақтардың тиісті жағдайына және пайдаланылуына өкілетті органдар жауапты.

212 212. Су бұрқақтарды қосу мерзімін, олардың жұмыс істеу тәртібін, тостағандарын шаю және тазарту кестесін, технологиялық үзілістерін және жұмыс істеуінің аяқталуын өкілетті органдар белгілейді.

213 213. Су бұрқақтар жұмыс істеп тұрған мезгілде күн сайын су беті қоқыстан тазартылады. Пайдаланушы ұйымдар субұрқақтардың тазалығын олар жұмысын тоқтатқаннан кейін де қамтамасыз етуі керек.

14 14-тарау. Жол жабуларын, жаяу соқпақтарды, көк шөп шығатын алаңдар мен басқа да нысандарды, қалалық шаруашылық элементтерін бұзуға және орналастыруға байланысты жұмыстарды жүргізу тәртібі

214 214. Заңды және жеке тұлғалар қала, аудан аумақтарында жол жабуларын, жаяу соқпақтарды, көк шөп шығатын алаңдарды, қалалық, аудандық шаруашылық элементтерін бұзуға байланысты, жер жұмыстарын, немесе басқадай жұмыстарды өкілетті органмен жазбаша рұқсат берілген кезде ғана жүргізіледі.

215

215. Қалпына келтіру жұмыстарын кідіріссіз жүргізуді талап ететін, инженерлік жүйелерде апат болған кезде, жол жабуларын ашуды, көшелер, алаңдарды және басқа да жалпы пайдаланудағы орындарды қазуға келісім беретін, ұйымдар өкілдерін сол орынға шақыру керек. Жұмыстар жүргізуге сол орында рұқсат (ордер) алғаннан кейін ғана жұмыстар жүргізуге рұқсат етіледі. Апаттық жұмыстарды жүргізу орнында қандай да бір үйілген немесе қандай да бір мүлкі бар заңды және жеке тұлғалар осы учаскені өкілетті органның талабы бойынша, егер жұмысты басқаша жүргізетін мүмкіндіктер болмаса, тез арада өз күшімен босатуы керек.
Тез арада апатты жоюды қажет ететін, елді мекеннің өміршеңдігін қамтамасыз ететін қаланың маңызды нысандары үшін ерекше жағдайда, келісім беретін ұйымдар өкілдерінің қатысуымен рұқсат беруді (ордер) рәсімдеусіз, осы сәттен кейін 24 сағат ішінде жұмыстарды жүргізуге рұқсат беруді ресімдеп, апатты жоюға кірісуге жол беріледі.

216

216. Инженерлік желілер, жолдар, жаяу соқпақтар құрылысын немесе қайта құру бойынша жұмыстарды жоспарлаған барлық заңды және жеке тұлғалар, жоспарланған жылдың алдында келетін 15 қарашасына дейін және екінші рет жоспарланған жылдың 1 наурызында қажетті сызбалар қосымшасымен жұмыстарды орындауға белгіленген мерзімді көрсетіп өкілетті органға тапсырыс беруі қажет. Сонымен қатар жер қазба жұмыстарына жүргізуге заңды және жеке тұлғалардан өтініштер түскен жағдайда, қазба жұмыстарын ордерде көрсетілген уақытта қалпына келтіруге уағдаласқан рұқсат беріледі. Тапсырыс бермеген ұйымдарға жер жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді. Өздігінше жер қазба жұмыстарын жүргізген жағдайда осы Қағиданы бұзған болып есептеледі.

217

217. Жер асты инженерлік жүйелерін салу, қайта құру жұмыстары кезінде құрылымдарды (жол төсеніш, жиек тас, құдықша қақпақтары, арықтар, дренаждар және тағы басқа), жасыл өсімдіктерді, жолды және көпшілік орындарын осы жұмыстарды атқарған мекеме, ұйым, жеке тұлға өз есебінен қалпына келтіруге кепілдік беру және осы учаскелерде 3 жылға дейін қызмет көрсету жауаптылығы жүктеледі.

218

218. Көлік қозғалыстарын шектеуге немесе жабуға байланысты жағдайда көшелерде жұмыстар жүргізу кезінде, тапсырыс беруші автокөлік қозғалысын жабуға атқарушы орган тиісті рұқсат бергенде, ал қоғамдық көлік қозғалыстарының бағытын өзгертуге қажет болған жағдайда -бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қала, аудан тұрғындарын хабардар етеді.

219 219. Шаруашылық нысандары, элементтері ордерде көрсетілген жұмыс мерзімінің соңында тиісті жағдайға келтірілуі керек. Мерзімі өтіп кеткен ордер бойынша жұмыстар жасау өз еркімен қазу болып саналады. Ордерді ұзарту осы Қағиданы бұзушы кінәлілер жауапқа тартылғаннан кейін жүзеге асырылады.

220

220. Инженерлік жүйелер мен құрылғылардың зақымдануын ескерту және байқауға қажетті шаралар қабылдау үшін жұмыс жасаушы бір тәуліктен кешіктірмей, жұмысты бастағанға дейін сол орынға мүдделі ұйымдардың өкілдерін шақыруы керек. Солармен бірлесе отырып, қолда бар жүйелер мен құрылғылардың нақты орналасқан жерін анықтайды және олардың толық сақталуына шаралар қабылдайды.

221 221. Жұмыстарды жүргізуші жұмысты бастағанға дейін мыналарды орындау қажет:

1 1) құрылыс алаңдары барлық өлшемдер бойынша ескертетін белгілермен бекітілген үлгімен қатты қоршаулармен қоршалуы керек, өтіп жатқан көліктің көшені ластамауы үшін қолайлы болуы керек;

2 2) өтетін жолдар қосымша көшелерге шығып және шлагбауммен жабдықталуы керек. Қоршауларда өтетін жолдар аз мөлшерде болу керек;

3 3) құрылыс ұйымдары үшін құрылыс немесе күрделі жөндеу кезінде балшықтан күнделікті тазарту үшін салынып жатқан нысанның осы және басқа жағында ұзындығы 600 метр негізгі магистраль жолдың учаскесі бекітіліп беріледі;

4 4) жүргіншілер жүретін орындарда бір бірінен 200 метрден аспайтын қашықтықта жүргіншілер көпірі орнатылады және түнгі уақытта құрылыс немесе күрделі жөндеу учаскесін жарықпен қамтамасыз ету;

5 5) жаңбыр суы ағатын суағарлардың жұмысын қамтамасыз етуге шаралар қолдану;

6 6) жұмыс аймағында жасыл желектер бар болса, оларды қалқандармен қоршау, олардың сақталуына кепілдік беру;

7 7) өтетін жолдар немесе жүргіншілер қозғалысының жүйелерін жабу қажеттілігі кезінде айналма жолдар дайындау және айналма жолды тиісті белгілермен айқын белгілеуге.

222 222. Жұмыстарды жүргізу қолданыстағы нормалар мен ережелерде, сондай-ақ ордерде көрсетілген шарттарға сай жүргізіледі.

223

223. Жолдың алынған асфальті мен топырағы, қайта салуға жарамсыз болғандықтан, жұмыс үрдісіне шығарылады. Жиектер мен жаяу соқпақ тастары бөлшектелінеді, үйіледі және сақтау мен қайта пайдалану үшін акт бойынша өткізіледі. Жолдарға, жасыл желектерге, су ағатын торларға, науаларға, жаяу жүргіншілер жолдарына, басқа да ортақ пайдаланудағы орындарға топырақ пен құрылыс материалдарын үюге жол берілмейді. Аталған құрылғылардың элементтерін қорғау үшін люктер мен құдықтарға баруды қамтамасыз ететін ағаш қалқандар мен қораптар қолданылуы керек.

224 224. Жұмыстар жүргізу мерзімдер қолданыстағы құрылыс ұзақтығының нормасына сай күнтізбелік кесте негізінде белгіленеді. Екі айдан астам жұмыс уақытымен құрылыс немесе жер асты коммуникацияларды жөндеу кезінде, олардың барлық жұмыс кешенінің аяқталуына байланысты учаскелеріне ордер беріледі.

225

225. Облыстық маңызы бар қаланың, ауданның әкімінің ерекше жағдайлардағы рұқсатынан бөлек, жол төсемдері, жаяу соқпақтар мен алаңдар орнатылғаннан немесе күрделі жөндеуден кейін, жол жабуларының бұзылуына байланысты жұмыстар үш жыл ішінде жол берілмейді. Басқа жол жабуларының бұзылуына байланысты жұмыстар жүргізуге жол берілмейді.
Қажет болған жағдайда инженерлік коммуникация желілерін асфальт қабаты астынан горизонталды бұрғылау әдісі арқылы өткізуге рұқсат беріледі, бұл жағдайда өткізу тереңдігі жол қабатынан 80 сантиметрден кем болмауы керек.

226 226. Өкілетті орган қазылған жерлердің жабуын қалпына келтіруге жұмыстарды қабылданғаннан кейін ғана рұқсат беріледі. Қалпына келтіру жұмыстарының сапасына, жабулардың шөгуіне және сынының бұзылуына осы жерді қазған ұйым немесе жеке тұлғалар жауап береді.

227

227. Жұмыстарды орындау шарттарын бұзған жағдайда, қалпына келтіру сапасыз немесе қалпына келтіру мерзімдері бұзылса, өкілетті органның басталған жұмыстарды тоқтатуға, жіберілген бұзушылықты жоюды талап етуге, келтірілген зиян шығынын өндіртіп алуға, кінәлі адамдарды жауапкершілікке тартуға шаралар қолдануға құқылы.

228 228. Қалпына келтіру жұмыстарын орындаудың сапасы қалалық, аудандық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті органмен қабылданады.

229 229. Жол жабуларын қопару және көшелер, алаңдар мен жалпы пайдаланудағы басқа орындарды қазу бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымдар мен кәсіпорындар жұмыс жүргізетін орындарға ақпарат қалқандарын орнатуы керек.

15 15-тарау. Аялдама пункттеріне қойылатын талаптар

230 230. Аялдама пункттері ҚР ҚНжЕ 3 № 01-01-2002 «Қалақұрылысы. Қалалық және ауылдық елді-мекендерді жоспарлау және құрылысын жүргізу» СНжЕ талаптарын және жол қозғалысы Ережесін, оларға жолаушылардың қауіпсіз және жайлы баруын ескеріп орналастырылады және жабдықталады.

231 231. Аялдама пункттерінің құрылысы тек қана жеңіл құрамаларымен, онда тұрғындарға қызмет көрсететін нысандарсыз салынады (таксофондар, сауда автоматтарынан басқасы).

Осы тармақтың күші бұрын аялдама пункттерінде орналастырылған, тұрғындарға қызмет көрсететін нысандардың меншік иелеріне, аялдама пункттері үшін бөлінген жер учаскесіне жер пайдаланудың құқығының берілген мерзімі өткеннен кейін және жол саласындағы атқарушы органына қарасты уәкілетті мекемемен келісім шарт мерзімі өткеннен кейін қолданылады.

16 16-тарау. Таксофондар

232 232. Таксофондарды жұмыс істейтін жағдайда болуына және қолданыстан шыққанда (телефон қалқандарын бояу немесе жуу, сынған әйнектерін ауыстыру, бөгде жазуларды жою, әйнектерді тазалау) уақытында келеңсіздіктерді жою қызмет көрсететін ұйымдарға жүктеледі.

233 233. Таксофондар маңындағы 5 метр радиустағы аумақтардың жағдайына аймағында таксофондар орналасқан тапсырыс беруші қызметтер, кәсіпорындар және ұйымдар, ведомстволар, басқа шаруашылық субъектілері жауапты.

Қолданыстағы