О передаче Восточно-Казахстанского научно-исследовательского института сельского хозяйства из административного подчинения Глубоковского района в подчинение областным органам
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О передаче Восточно-Казахстанского научно-исследовательского института сельского хозяйства из административного подчинения Глубоковского района в подчинение областным органам
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын Глубокое ауданының әкiмшiлiк бағыныштылығынан облыстық органдардың бағыныштығына беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 520
- Қабылданған күні
- 18.05.1998
- Көрсетілген редакция
- 18.05.1998 720_256921.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.05.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V98V0000040
- ЭКБ идентификаторы
- 720
- Редакция идентификаторы
- 720_256921
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:42
0 Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын
Глубокое ауданының әкiмшiлiк бағыныштылығынан облыстық
органдардың бағыныштығына беру туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының
Қазақстан Республикасының шығысындағы аграрлық зерттеулердiң аймақтық
орталығы ретiндегi статусын көтеру және облыстың агроөнеркәсiп кешенiн
ғылыми қамтамасыз етудiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында
ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Құрамында Шығыс Қазақстан мемлекеттiк қазыналы тәжiрибе
шаруашылығы және "Майлы дақылдар" мемлекеттiк қазыналы тәжiрибе
шаруашылығы бар Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
Глубокое ауданының әкiмшiлiк бағыныштығынан облыстық органдардың
бағыныштығына берiлсiн.
2. Облыстық салық комитетi (Аханаев О.Қ.) салықтарды төлеуден
табыстардың түсуi мәселелерi бойынша Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы
ғылыми-зерттеу институтын облыстық салық комитетiне есепке тұрғызсын.
Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтынан түсетiн
салықтар мен алымдар Глубокое ауданы бойынша салық комитетiне есептелсiн.
3. Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
(Жексенев З.Ж.) ғылыми және өндiрiстiк жұмыстар туралы статистiк есептердi
Қазақстан Республикасының статистика және талдау жөнiндегi комитетi
бекiткен есеп беру табелiне сәйкес облыстық статистика басқармасына
беретiн болсын.