Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил формирования реестра субъектов здравоохранения, осуществляющих оптовую и розничную реализацию медицинских изделий в уведомительном порядке

Бұйрық · № 75 · қабылданған 12.02.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-72003/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил формирования реестра субъектов здравоохранения, осуществляющих оптовую и розничную реализацию медицинских изделий в уведомительном порядке Күшін жойған Бұйрық ·№ 75 ·12.02.2013
19.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил формирования реестра субъектов здравоохранения, осуществляющих оптовую и розничную реализацию медицинских изделий в уведомительном порядке

Күшін жойған Бұйрық ·№ 75 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил формирования реестра субъектов здравоохранения, осуществляющих оптовую и розничную реализацию медицинских изделий в уведомительном порядке
Атауы (қаз.)
Хабарлама тәртібінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін құру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
75
Қабылданған күні
12.02.2013
Көрсетілген редакция
19.10.2020 72003_488431.kaz
Соңғы өзгеріс
19.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008385
ЭКБ идентификаторы
72003
Редакция идентификаторы
72003_488431
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:45

0 Хабарлама тәртібінде медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін құру қағидаларын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 29-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Хабарлама тәртібінде медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін құру қағидасы бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Д.С. Есімов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасы Д.С. Есімовке жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Хабарлама тәртібінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін қалыптастыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2013 жылғы 12 ақпандағы
№ 75 бұйрығымен
бекітілген
Хабарлама тәртібінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін қалыптастыру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Хабарлама тәртібінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 29-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және хабарлама тәртібінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) қалыптастыру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларды мынадай негізгі ұғымдар пайдалынады:

1 1) өтініш беруші – медициналық мақсаттағы бұйымдар көтерме және/немесе бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыру туралы хабарлама беретін, оның ішінде сенімхат бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлға;

2 2) қабылдайтын ұйым – хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - Ведомствоның аумақтық бөлімшелері);

3 3) түпкілікті қабылдаушы – медициналық бұйымдарды көтерме және/немесе бөлшек саудада өткізумен байланысты қызметті немесе белгілі әрекеттерді жүзеге асырудың басталуы (тоқтатылуы) туралы хабарлаған субъектілердің тізілімін жүргізетін ведомствоның аумақтық бөлімшелері.

2 2. Тізілімді қалыптастыру тәртібі

3 3. Тізілімдер өтініш беруші хабарлама негізінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.

Тізілімдер қазақ және орыс тілдерінде толтырылады және Exсel форматындағы электрондық түрде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының сұрау салуы бойынша тізілімдерге енгізілген деректер ұсынылады.
Ведомствоның аумақтық бөлімшелеріне жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайының, заңды тұлғаның орналасқан жерінің, хабарламада көрсетілген қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру мекенжайының, сондай-ақ тіркеу деректерінің өзгеруі туралы хабарлама түскен жағдайда тізілімге хабарлама берілген күні тиісті өзгерістер енгізіледі.

4 4. Тізілім уәкілетті органның интернет-ресурсында еркін қолжеткізу режимінде орналастырылады.

5 5. Дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметі немесе қызметінің жекелеген түрлері сотпен тоқтата тұрған жағдайда тізілімге тиісті мәліметтер енгізіледі.

6 6. Тізілімге хабарламада көрсетілген жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің, заңды тұлғаның орналасқан орны, қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру мекенжайының, сондай-ақ хабарламада толтыру үшін міндетті болып табылатын ақпараттың, тіркеу деректерінің өзгеруі туралы деректер енгізіледі.

7 7. Ведомствоның аумақтық бөлімшелері медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілердің тізілімін жүргізеді және тоқсан сайын дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосына жібереді.

0 Хабарлама тәртібінде медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 2 мамырдағы
№ ҚР ДСМ-61 бұйрығына
қосымша
Нысан
Хабарлама тәртібінде медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімі

Ха­бар­ла­ма­ның түс­кен кү­ні мен уа­қы­ты
Заң­ды тұл­ға­ның то­лық ата­уы, БСН / же­ке тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да), ЖСН
Же­ке тұл­ға­ның тұр­ғы­лық­ты же­рі­нің неме­се заң­ды тұл­ға­ның ор­на­лас­қан же­рі­нің ме­кен­жай­ла­ры, қыз­мет­ті неме­се әре­кет­тер­ді жү­зе­ге асы­ру ме­кен­жай­ла­ры
Қыз­мет­ті неме­се бел­гі­лі әре­кет­тер­ді жү­зе­ге асы­ру­дың ба­ста­луы, қыз­мет­ті неме­се бел­гі­лі әре­кет­тер­ді жү­зе­ге асы­ру­дың тоқ­та­ты­луы, ха­бар­ла­ма­да көр­се­ті­л­ген де­ректер­дің өзге­руі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Өті­ніш бе­ру­ші­нің бай­ла­ныс де­ректе­рі (элек­трон­дық поч­та, те­ле­фон, факс)
Қыз­мет­ті (бел­гі­лі бір әре­кет­ті) жү­зе­ге асы­ру­дың ба­ста­лу уа­қы­ты мен ор­ны
Қыз­мет­ті (бел­гі­лі бір әре­кет­ті) жү­зе­ге асы­ру­дың тоқ­та­ты­лу уа­қы­ты мен ор­ны (егер ол Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­ры­мен көз­дел­се)
1
2
3
4
5
6
7
8

Қолданыстағы