Құжат мәтініне өту

Об утверждении ставок платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда (за исключением ставок за древесину, отпускаемую на корню)

Өзге акт · № 7-3 · қабылданған 28.03.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-72161/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении ставок платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда (за исключением ставок за древесину, отпускаемую на корню) Күшін жойған Өзге акт ·№ 7-3 ·28.03.2013
28.03.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении ставок платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда (за исключением ставок за древесину, отпускаемую на корню)

Күшін жойған Өзге акт ·№ 7-3 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении ставок платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда (за исключением ставок за древесину, отпускаемую на корню)
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн ставкаларды қоспағанда) бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7-3
Қабылданған күні
28.03.2013
Көрсетілген редакция
28.03.2014 72161_171554.kaz
Соңғы өзгеріс
28.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13Z0003269
ЭКБ идентификаторы
72161
Редакция идентификаторы
72161_171554
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:24

0 Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн ставкаларды қоспағанда) бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексіне (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып және Батыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясымен келісе отырып, Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы жасаған есептеулер негiзiнде облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн ставкаларды қоспағанда) бекітілсін:

1 1) қосалқы ағаш ресурстарын дайындау үшін (1 қосымша);

2 2) орманды жанама пайдалану үшін (2 қосымша);

3 3) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк спорттық және ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану (3 қосымша);

4 4) аңшылық шаруашылығы қажеттерi үшін пайдалану (4 қосымша).

2

2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының "Мемлекеттік орман қоры телімдеріндегі орманды пайдаланғаны үшін төлемдер мөлшері туралы" 2009 жылғы 11 ақпандағы № 11-15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3022 тіркелген, 2009 жылғы 3 наурызда "Орал өңірі" газетінің № 24 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология, табиғи және техногендік үрдістер бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 2013 жылғы 28 наурыздағы № 7-3

Батыс Қазақстан облыстық
мәслихаттың шешімімен
бекітілген
1 қосымша
Қосалқы ағаш ресурстарын дайындау үшін
төлемақы ставкалары
Атауы
Өлшем бірлігі
Төлемақы ставкасының есептеулері
Қабығы
1 тонна
Емен 0,41АЕК х 0,10%
Терек 0,11 АЕК х 0,10%
Бұтақтары
1 тонна
Емен 0,41АЕК х 0,20%
Қайың 0,16 АЕК х 0,20%
Тамыры
1 тонна
Терек 0,11 АЕК х 0,30%
Жапырақтары
1 тонна
Терек 0,11 АЕК х 0,15%
Бүршіктері
1 кг
Қайың 0,16 АЕК х 0,10%
Түбірі
1 тонна
Терек 0,11 АЕК х 0,05%

10 2013 жылғы 28 наурыздағы № 7-3

Батыс Қазақстан облыстық
мәслихаттың шешімімен
бекітілген
2 қосымша
Орманды жанама пайдалану үшін
төлемақы ставкасы
Атауы
Өлшем бірлігі
Төлемақы ставкасы (теңге)
Шөп шабу, мал жаю
1 гектар
1 775
Ара ұялары мен омарта орналастыру
1 дана
1 775
Бақша шаруашылығы және басқа да ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру
1 гектар
3,47
Дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізаттар
1 кг
шөптер, гүлдер, жапырақтар, сабақтар және бұтақтар, жеміс-
жидектер: 1 800
бүршіктері: 1 600
Саңырауқұлақтар
1 кг
180
Жидектер және басқа да тағамдық өнімдер
1 кг
1 кг
200
жемістер:
дәнділер – 150
сүйектілер – 250
Мүк, орман төсемдері мен түскен жапырақтар, қамыс
1 кг
40

11 2013 жылғы 28 наурыздағы № 7-3

Батыс Қазақстан облыстық
мәслихаттың шешімімен
бекітілген
3 қосымша
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн
мәдени-сауықтыру, рекреациялық,
туристiк және спорт, ғылыми-зерттеу
мақсаттары үшін пайдалану
төлемақы ставкалары
Атауы
Өлшем бірлігі
Төлемақы ставкасы
қысқа мерзімде пайдалану
ұзақ мерзімде пайдалану
қысқа мерзімде пайдалану (АЕК)
ұзақ мерзімде пайдалану (теңге)
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттары үшін пайдалану
1 күн
1 гектар
0,1
4128
Ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану
1 күн
1 гектар
0,1
986

12 2013 жылғы 28 наурыздағы № 7-3

Батыс Қазақстан облыстық
мәслихаттың шешімімен
бекітілген
4 қосымша
Аңшылық шаруашылығы қажеттерi үшін пайдалану
төлемақы ставкасы
Атауы
Өлшем бірлігі
Төлемақы ставкасы (теңге)
Аңшылық шаруашылығы қажеттері үшін
1 гектар
0
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
кг – килограмм;
АЕК – айлық есептік көрсеткіш.

Қолданыстағы