Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан

Жарлық · № 550 · қабылданған 17.04.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-72163/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан Қолданыста Жарлық ·№ 550 ·17.04.2013
17.04.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан

Қолданыста Жарлық ·№ 550 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
550
Қабылданған күні
17.04.2013
Көрсетілген редакция
17.04.2013 AI72163_0.kaz
Соңғы өзгеріс
17.04.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1300000550
ЭКБ идентификаторы
72163
Редакция идентификаторы
AI72163_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:15

0 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1

1) «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28, 215-құжат; 2012 ж., № 43, 569-құжат; № 68, 976-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Үкімет енгізетін Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына әзірлеуші мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі - Әділет министрлігі), бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшылары, Премьер-Министр, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы міндетті түрде виза қояды.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар енгізетін Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына әзірлеуші мемлекеттік органның, Әділет министрлігінің, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның басшылары және қажет болған кезде Премьер-Министр, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы міндетті түрде виза қояды.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Қазақстан Республикасы Президентінің Премьер-Министрдің Кеңсесінде пысықталып енгізілетін актісінің жобасына әзірлеуші мемлекеттік органның, Әділет министрлігінің, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшыларының визалары бар, бұрын Үкіметке енгізілген Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын қоса беруге жол беріледі.»;
14-тармақ алып тасталсын;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының жобасы түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, ал халықаралық іс-шараның қорытындылары бойынша екі жұмыс күні ішінде оны қарауды және келісуді қамтамасыз етеді. Бұл ретте іске асырылуы қаржыландыруды талап ететін тапсырмалардың жобалары міндетті түрде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.»;
30-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін өңірлік сапарлардың, қоғамдық маңызы бар іс-шаралар мен кеңестердің, сондай-ақ халықаралық іс-шаралардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президенті тапсырмаларының әзірленген жобаларын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, Премьер-Министрмен келісуді қамтамасыз етеді және оны жеті жұмыс күні ішінде Президент Әкімшілігіне енгізеді.»;

2

2) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау және қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 46, 416-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау және қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Орталық мемлекеттік органдар жыл сайын 10 қарашадан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне (бұдан әрі - СІМ):
1) осы Қағидаларға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мәліметтерді қамтитын, күшіне енген халықаралық шарттардың ағымдағы жыл ішінде орындалу барысы туралы;
2) осы Қағидаларға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мәліметтерді қамтитын, қол қойылған және күшіне енбеген халықаралық шарттар бойынша мемлекетішілік рәсімдердің орындалу барысы туралы, оның ішінде олардың орындалмау себептері туралы ақпарат береді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. СІМ орталық мемлекеттік органдар ұсынған ақпаратты жинақтап-қорытады, талдайды және талдау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша сыртқы саяси бағаны қамтитын жиынтық ақпаратты жылына бір рет 10 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне (бұдан әрі - Премьер-Министр Кеңсесі) жібереді. Халықаралық ұйымдардың ұсынымдары болған жағдайда, олардың көшірмелері көрсетілген ақпаратқа қоса беріледі.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру туралы тұжырымдалған ұсыныстарды орталық мемлекеттік органдар он бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен (бұдан әрі - Әділет министрлігі), ал қаржы қаражатын бөлу кажет болған жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келіседі және халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру туралы келісілген ұсыныстарды СІМ-ге енгізеді.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. СІМ жоғары деңгейдегі іс-шараларға:
1) іс-шараның тұжырымдамасын;
2) бағдарламаның жобасын;
3) делегация құрамының жобасын;
4) шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерге арналған
тезистерді;
5) ел туралы анықтаманы;
6) елдің ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы
анықтаманы;
7) елдің сыртқы саясаты туралы анықтаманы;
8) ел басшылығының өмірбаянын;
9) ел басшылығының саяси портреттерін;
10) екіжақты қарым-қатынастар туралы анықтаманы;
11) екіжақты бірлескен комиссияның жұмысы туралы анықтаманы;
12) келіссөздер процесінде шетелдік тарап көтеруі мүмкін мәселелер бойынша Қазақстан ұстанымы баяндалған ақпаратты;
13) қол қоюға жоспарланған құжаттар тізбесін (ағымдағы кездегі құжаттардың жай-күйі туралы ақпаратты, құжаттардың аңдатпасын);
14) шарттық-құқықтық база туралы анықтаманы (жасалған халықаралық шарттар тізбесін);
15) бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуын талдауды;
16) Қазақстан Республикасы Президентінің шетелдерге сапары кезінде - баратын ел басшылығының атына алғысхаттардың жобаларын;
17) мүмкіндігінше баратын ел туралы бейнефильмді;
18) ұлттық мақал-мәтелдер тізімі және осы елдегі белгілі адамдардың нақыл сөздері қоса берілген, жоспарланатын сөздер мен тосттардың жобаларын;
19) электрондық жеткізгіште - алғаш рет кездесетін басшылардың суреттері және мүмкіндігінше Мемлекет басшысының кездесу өткізетін және баратын жерлерінің түрлі-түсті суреттерін қамтитын ақпараттық-талдау материалдары пакетін дайындауды қамтамасыз етеді.
СІМ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі іс-шараларға осы Қағидалардың 21-тармағының 1), 2), 3), 4), 8), 9), 10), 12), 13), 18) және 19) тармақшаларында көрсетілген ақпараттық-талдау материалдарының пакетін дайындауды қамтамасыз етеді.»;
24-26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«24. СІМ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, Сыртқы істер министрі бекіткен іс-шара тұжырымдамасын Президент Әкімшілігіне іс-шараны өткізуден кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын енгізеді. Бұл ретте тұжырымдаманы дайындау көзіне қарай жобалары Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен, Әділет министрлігімен, СІМ-мен және контрагенттермен келісілген, қол қоюға (жасасуға) жоспарланған халықаралық шарттар тұжырымдамаға енгізіледі.
25. Ақпараттық-талдау материалдарының пакетін түпкілікті пысықтау мақсатында СІМ жоғары деңгейдегі іс-шараны өткізуге дейін он жұмыс күні бұрын мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың (құрылымдық бөлімшелердің басшылары деңгейінен төмен емес), Премьер-Министр Кеңсесі мен Президент Әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізеді. Кеңес халықаралық іс-шараны дайындауға жауапты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі орынбасарының басшылығымен өткізіледі.
26. СІМ осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген ақпараттық-талдау материалдарының пакетін жоғары деңгейдегі іс-шараны өткізуден кемінде он бес жұмыс күні бұрын Президент Әкімшілігіне енгізеді.
СІМ өзекті сипат берілген деректерді ескере отырып, пысықталған ақпараттық-талдау материалдарының пакетін жоғары деңгейдегі іс-шараны өткізуден кемінде жеті жұмыс күні бұрын Президент Әкімшілігіне енгізуі мүмкін.
Осы Қағидалардың 21-тармағының 13) тармақшасында көзделген құжаттар тізбесіне осы Қағидалардың 21-тармағының 1) тармақшасында көзделген іс-шара тұжырымдамасына енгізілмеген халықаралық шарттардың жобаларын енгізуге жол берілмейді.
Президент Әкімшілігі ақпараттық-талдау материалдарының пакетіне сараптама және қажеттігіне қарай пысықтау жүргізіп, оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізеді.»;
31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті қажеттігіне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалар береді.
Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар іс-шара аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде СІМ-ге тапсырмалар жобасына нақты ұсыныстар береді.
32. СІМ Президент тапсырмаларын дайындауды тіркелген уағдаластықтар негізінде Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен жүзеге асырады.
Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар Президент тапсырмаларының жобасы түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны қарауды және келісуді қамтамасыз етеді. Көрсетілген мерзімде жазбаша жауап ұсынылмаған жағдайда Президент тапсырмаларының жобасы ескертулерсіз келісілген болып есептеледі.
СІМ Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының жобасын Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен, іс-шараны өткізгеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде Президент Әкімшілігіне ұсынады.»;
осы Жарлықтың 1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшаларына сәйкес 1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасының күшіне енген екіжақты халықаралық шарттары бойынша мәліметтер

Қазақстан Республикасы Президентінің
2013 жылғы 17 сәуірдегі
№ 550 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарының орындалуы
туралы ақпаратты дайындау және оны
Қазақстан Республикасы Президентінің
қарауына енгізу, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы қатысушысы болып
табылатын халықаралық ұйымдар
шешімдерінің жобаларын келісу және
оларды іске асыру, Қазақстан
Республикасы Президентінің қатысуымен
өтетін Қазақстан Республикасының
халықаралық іс-шараларын дайындау
және қол жеткізілген уағдаластықтарды
орындау қағидаларына
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының күшіне енген екіжақты халықаралық шарттары бойынша мәліметтер
Р/с №
Мә­лі­мет­тер­дің де­ректе­ме­ле­рі
Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ақ­па­ра­ты
1.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың то­лық, ре­сми ата­уы
2.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­тты жа­са­су кү­ні
3.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­тқа қол қою ту­ра­лы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер (ата­уы, кү­ні мен нө­мі­рі)
4.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың кү­шіне ену кү­ні
5.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың кү­шіне енуі үшін қа­жет­ті мем­ле­ке­ті­ші­лік рә­сім­дер­дің орын­да­луы ту­ра­лы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер (ата­уы, кү­ні мен нө­мі­рі)
6.
Қол­да­ны­лу мер­зі­мі (қол­да­ны­лу мер­зі­мі­нің аяқ­та­лу кү­ні)
7.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың іс­ке асы­ры­луы­на жа­у­ап­ты, оның рет­теу ны­са­на­сы құ­зы­ре­тіне кі­ре­тін ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган (бір­не­ше ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган болған кез­де жи­нақ­та­у­шы­ны бел­гі­леп, бар­лы­ғын көр­се­ту)
8.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың рет­теу ны­са­на­сы
9.
Есеп­ті ке­зең ішін­де­гі ха­лы­қа­ра­лық шар­тты іс­ке асы­ру ба­ры­сын тал­дау (ста­ти­сти­ка, ха­лы­қа­ра­лық шар­тты орын­дау шең­бе­рін­де­гі іс-ша­ра­лар­ды жү­зе­ге асы­ру, контр­агент­тің өз мін­дет­те­ме­ле­рін орын­да­уы)
10.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­тты іс­ке асы­ру­ға бай­ла­ны­сты про­бле­ма­лық мә­се­ле­лер­дің бо­луы және олар­ды ше­шу бой­ын­ша ұсы­ны­стар
11.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­тты іс­ке асы­ру ти­ім­ді­лі­гін сырт­қы са­я­си ба­ға­лау (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Сырт­қы іс­тер ми­ни­стр­лі­гі жү­зе­ге асы­ра­ды)
12.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың ере­же­ле­рін одан әрі іс­ке асы­ру жө­нін­де­гі ұсы­ны­стар (мы­на іс-қи­мыл­дар­дың бі­ре­уін көр­се­ту: 1) орын­да­уды жал­ға­сты­ру; 2) іс-қи­мыл­ды тоқ­та­та тұ­ру; 3) іс-қи­мыл­ды тоқ­та­ту; 4) іс-қи­мыл­ды ұзар­ту; 5) өзге (көр­се­ту)

2 Қазақстан Республикасының күшіне енген көпжақты халықаралық шарттары бойынша мәліметтер

Қазақстан Республикасы Президентінің
2013 жылғы 17 сәуірдегі
№ 550 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарының орындалуы
туралы ақпаратты дайындау және оны
Қазақстан Республикасы Президентінің
қарауына енгізу, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы қатысушысы болып
табылатын халықаралық ұйымдар
шешімдерінің жобаларын келісу және
оларды іске асыру, Қазақстан
Республикасы Президентінің қатысуымен
өтетін Қазақстан Республикасының
халықаралық іс-шараларын дайындау
және қол жеткізілген уағдаластықтарды
орындау қағидаларына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының күшіне енген көпжақты халықаралық шарттары бойынша мәліметтер
Р/с №
Мә­лі­мет­тер­дің де­ректе­ме­ле­рі
Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ақ­па­ра­ты
1.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың то­лық, ре­сми ата­уы
2.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­тты жа­са­су кү­ні
3.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­тқа қол қою ту­ра­лы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер (ата­уы, кү­ні мен нө­мі­рі)
4.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың кү­шіне ену кү­ні
5.
Қа­зақ­стан та­ра­пы­ның ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың кү­шіне енуі үшін қа­жет­ті мем­ле­ке­ті­ші­лік рә­сім­дер­дің орын­да­луы ту­ра­лы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер (ата­уы, кү­ні мен нө­мі­рі)
6.
Қол­да­ны­лу мер­зі­мі (қол­да­ны­лу мер­зі­мі­нің аяқ­та­лу кү­ні)
7.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың іс­ке асы­ры­луы­на жа­у­ап­ты, оның рет­теу ны­са­на­сы құ­зы­ре­тіне кі­ре­тін ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган (бір­не­ше ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган болған кез­де жи­нақ­та­у­шы­ны бел­гі­леп, бар­лы­ғын көр­се­ту)
8.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың рет­теу ны­са­на­сы
9.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­тқа қа­ты­су­шы мем­ле­кет­тер
10.
Есеп­ті ке­зең ішін­де­гі ха­лы­қа­ра­лық шар­тты іс­ке асы­ру ба­ры­сын тал­дау (ста­ти­сти­ка, ха­лы­қа­ра­лық шар­тты орын­дау шең­бе­рін­де­гі іс-ша­ра­лар­ды жү­зе­ге асы­ру, контр­агент­тің өз мін­дет­те­ме­ле­рін орын­да­уы)
11.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­тты іс­ке асы­ру­ға бай­ла­ны­сты про­бле­ма­лық мә­се­ле­лер­дің бо­луы және олар­ды ше­шу бой­ын­ша ұсы­ны­стар
12.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­тты іс­ке асы­ру ти­ім­ді­лі­гін сырт­қы са­я­си ба­ға­лау (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Сырт­қы іс­тер ми­ни­стр­лі­гі жү­зе­ге асы­ра­ды)
13.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың ере­же­ле­рін одан әрі іс­ке асы­ру жө­нін­де­гі ұсы­ны­стар (мы­на іс-қи­мыл­дар­дың бі­ре­уін көр­се­ту: 1) орын­да­уды жал­ға­сты­ру; 2) іс-қи­мыл­ды тоқ­та­та тұ­ру; 3) іс-қи­мыл­ды тоқ­та­ту; 4) іс-қи­мыл­ды ұзар­ту; 5) өзге (көр­се­ту)

3 Қазақстан Республикасының күшіне енген қарыз туралы халықаралық шарттары бойынша мәліметтер

Қазақстан Республикасы Президентінің
2013 жылғы 17 сәуірдегі
№ 550 Жарлығына
3-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарының орындалуы
туралы ақпаратты дайындау және оны
Қазақстан Республикасы Президентінің
қарауына енгізу, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы қатысушысы болып
табылатын халықаралық ұйымдар
шешімдерінің жобаларын келісу және
оларды іске асыру, Қазақстан
Республикасы Президентінің қатысуымен
өтетін Қазақстан Республикасының
халықаралық іс-шараларын дайындау
және қол жеткізілген уағдаластықтарды
орындау қағидаларына
3-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының күшіне енген қарыз туралы халықаралық шарттары бойынша мәліметтер
Р/с №
Мә­лі­мет­тер­дің де­ректе­ме­ле­рі
Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ақ­па­ра­ты
1.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың то­лық, ре­сми ата­уы
2.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­тты жа­са­су кү­ні
3.
ха­лы­қа­ра­лық шар­тқа қол қою ту­ра­лы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер (ата­уы, кү­ні мен нө­мі­рі)
4.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың, кү­шіне ену кү­ні
5.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың. кү­шіне енуі үшін қа­жет­ті мем­ле­ке­ті­ші­лік рә­сім­дер­дің орын­да­луы ту­ра­лы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер (ата­уы, кү­ні мен нө­мі­рі)
6.
Қол­да­ны­лу мер­зі­мі (қол­да­ны­лу мер­зі­мі­нің аяқ­та­лу кү­ні)
7.
Іс­ке асы­ру мер­зім­де­рі (со­ның ішін­де ке­зең­де­рі бой­ын­ша)
8.
Қарыз қа­ра­жа­тын алу­ды жа­бу кү­ні
9.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың іс­ке асы­ры­луы­на жа­у­ап­ты, оның рет­теу ны­са­на­сы құ­зы­ре­тіне кі­ре­тін ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган (бір­не­ше ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­дар болған кез­де жи­нақ­та­у­шы­ны бел­гі­леп, бар­лы­ғын көр­се­ту)
10.
До­нор
11.
Қарыз со­ма­сы
12.
Бір­ле­сіп қар­жы­лан­ды­ру со­ма­сы
13.
Ұсы­ну шар­тта­ры
14.
Қай­та құ­ры­лым­дау кү­нін көр­се­те оты­рып, қары­зды қай­та құ­ры­лым­дау (бар болған кез­де)
15.
Мәмі­ле­лер кү­нін көр­се­те оты­рып, хеджи­ринг бой­ын­ша мәмі­ле­лер (бар болған кез­де)
16.
Қарыз қа­ра­жа­ты­нан қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ның ата­уы
17.
Жо­ба­ның мақ­сат­та­ры, есеп­ті ке­зең­де қой­ы­л­ған мақ­сат­тар­ға  қол жет­кі­зу
18.
Есеп­ті ке­зең­де жо­ба­ның іс­ке асы­ры­лу ба­ры­сы ту­ра­лы ақ­па­рат:
1) есеп­ті ке­зең­де жос­пар­лан­ған іс-ша­ра­лар­дың са­ны;
2) іс жү­зін­де орын­дал­ған іс-ша­ра­лар­дың са­ны;
3) іс жү­зін­де орын­дал­ма­ған іс-ша­ра­лар­дың са­ны (се­беп­те­рін көр­се­те оты­рып)
19.
Қарыз қа­ра­жа­тын иге­ру:
1) 20__ж.__ ____ жағ­дай бой­ын­ша қарыз қа­ра­жа­ты иге­ріл­ді;
2) қарыз қол­да­ны­ла ба­с­та­ған­нан бе­рі (қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі бой­ын­ша бө­ле оты­рып);
3) иге­ру пай­ы­зы;
4) есеп­ті ке­зең­де жос­пар­лан­ған иге­ру (қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі бой­ын­ша бө­ле оты­рып);
5) мақ­сат­ты пай­да­ла­ны­луын тал­дай оты­рып есеп­ті ке­зең ішін­де олар­дың нақ­ты иге­рі­л­ге­ні (қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі бой­ын­ша бө­ле оты­рып), (болған кез­де - уәкі­лет­ті ор­ган­ның ден қою нәти­же­ле­рін көр­се­те оты­рып, қа­ра­жат­тың мақ­сат­сыз пай­да­ла­ны­л­ған мөл­ше­рі);
6) иге­ру пай­ы­зы;
7) иге­ріл­ме­ген со­ма (се­беп­тер­ді қы­сқа­ша тал­дау);
8) нақ­ты иге­ру­ді иге­ру кесте­сін­де көз­дел­ген­мен
са­лы­сты­ру
20.
Қарыз ту­ра­лы шар­тты іс­ке асы­ру ти­ім­ді­лі­гін тал­дау:
1) қарыз ту­ра­лы шар­тты іс­ке асы­ру ба­ры­сы­ның
ти­ім­ді­лі­гін іш­кі ба­ға­лау (әзір­ле­у­ші мем­ле­кет­тік ор­ган жү­зе­ге асы­ра­ды);
2) қарыз ту­ра­лы шар­тты іс­ке асы­ру ба­ры­сы­ның ти­ім­ді­лі­гін сырт­қы ба­ға­лау (уәкі­лет­ті ор­ган - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі жү­зе­ге асы­ра­ды);
3) қарыз ту­ра­лы шар­тты іс­ке асы­ру ба­ры­сы­ның ти­ім­ді­лі­гін сырт­қы ба­ға­лау (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің ат­қа­ры­луын ба­қы­лау жө­нін­де­гі есеп ко­ми­те­ті жү­зе­ге асы­ра­ды)
21.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­тты іс­ке асы­ру­ға бай­ла­ны­сты про­бле­ма­лық мә­се­ле­лер­дің бо­луы және олар­ды ше­шу бой­ын­ша ұсы­ны­стар
22.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­тты іс­ке асы­ру ти­ім­ді­лі­гін сырт­қы са­я­си ба­ға­лау (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Сырт­қы іс­тер ми­ни­стр­лі­гі жү­зе­ге асы­ра­ды)
23.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың ере­же­ле­рін одан әрі іс­ке асы­ру жө­нін­де­гі ұсы­ны­стар (мы­на іс-қи­мыл­дар­дың бі­ре­уін көр­се­ту: 1) орын­да­уды жал­ға­сты­ру; 2) іс-қи­мыл­ды тоқ­та­та тұ­ру; 3) іс-қи­мыл­ды тоқ­та­ту; 4) іс-қи­мыл­ды ұзар­ту; 5) өзге (көр­се­ту)

4 Қазақстан Республикасының қол қойылған және күшіне енбеген екіжақты халықаралық шарттары бойынша мәліметтер

Қазақстан Республикасы Президентінің
2013 жылғы 17 сәуірдегі
№ 550 Жарлығына
4-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарының орындалуы
туралы ақпаратты дайындау және оны
Қазақстан Республикасы Президентінің
қарауына енгізу, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы қатысушысы болып
табылатын халықаралық ұйымдар
шешімдерінің жобаларын келісу және
оларды іске асыру, Қазақстан
Республикасы Президентінің қатысуымен
өтетін Қазақстан Республикасының
халықаралық іс-шараларын дайындау
және қол жеткізілген уағдаластықтарды
орындау қағидаларына
4-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының қол қойылған және күшіне енбеген екіжақты халықаралық шарттары бойынша мәліметтер
Р/с №
Мә­лі­мет­тер­дің де­ректе­ме­ле­рі
Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ақ­па­ра­ты
1.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың то­лық, ре­сми ата­уы
2.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­тты жа­са­су кү­ні
3.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­тқа қол қою ту­ра­лы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер (ата­уы, кү­ні мен нө­мі­рі)
4.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың кү­шіне енуі үшін қа­жет­ті мем­ле­ке­ті­ші­лік рә­сім­дер­дің орын­да­луы ту­ра­лы контр­агент ха­бар­ла­ма­сы­ның бо­луы (ата­уы, кү­ні мен нө­мі­рі)
5.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың іс­ке асы­ры­луы­на жа­у­ап­ты, оның рет­теу ны­са­на­сы құ­зы­ре­тіне кі­ре­тін ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган (бір­не­ше ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган болған кез­де жи­нақ­та­у­шы­ны бел­гі­леп. бар­лы­ғын көр­се­ту)
6.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың рет­теу ны­са­на­сы
7.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың кү­шіне енуі үшін қа­жет­ті мем­ле­ке­ті­ші­лік рә­сім­дер­ді орын­да­у­ға бай­ла­ны­сты про­бле­ма­лық мә­се­ле­лер­дің бо­луы
8.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың кү­шіне ен­бе­уі­нің се­беп­те­рі

5 Қазақстан Республикасының қол қойылған және күшіне енбеген көпжақты халықаралық шарттары бойынша мәліметтер

Қазақстан Республикасы Президентінің
2013 жылғы 17 сәуірдегі
№ 550 Жарлығына
5-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарының орындалуы
туралы ақпаратты дайындау және оны
Қазақстан Республикасы Президентінің
қарауына енгізу, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы қатысушысы болып
табылатын халықаралық ұйымдар
шешімдерінің жобаларын келісу және
оларды іске асыру, Қазақстан
Республикасы Президентінің қатысуымен
өтетін Қазақстан Республикасының
халықаралық іс-шараларын дайындау
және қол жеткізілген уағдаластықтарды
орындау қағидаларына
5-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының қол қойылған және күшіне енбеген көпжақты халықаралық шарттары бойынша мәліметтер
Р/с №
Мә­лі­мет­тер­дің де­ректе­ме­ле­рі
Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ақ­па­ра­ты
1.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың то­лық, ре­сми ата­уы
2.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­тты жа­са­су кү­ні
3.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­тқа қол қою ту­ра­лы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер (ата­уы, кү­ні мен нө­мі­рі)
4.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың кү­шіне ену та­лап­та­ры
5.
Контр­агент­тер­дің ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың кү­шіне енуі үшін қа­жет­ті мем­ле­ке­ті­ші­лік рә­сім­дер­ді орын­да­уы ту­ра­лы де­по­зи­та­рий ха­бар­ла­ма­сы­ның бо­луы (ата­уы, кү­ні мен нө­мі­рі)
6.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың іс­ке асы­ры­луы­на жа­у­ап­ты, оның рет­теу ны­са­на­сы құ­зы­ре­тіне кі­ре­тін ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган (бір­не­ше ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган болған кез­де жи­нақ­та­у­шы­ны бел­гі­леп, бар­лы­ғын көр­се­ту)
7.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың рет­теу ны­са­на­сы
8.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­тқа қа­ты­су­шы мем­ле­кет­тер
9.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың кү­шіне енуі үшін қа­жет­ті мем­ле­ке­ті­ші­лік рә­сім­дер­ді орын­да­у­ға бай­ла­ны­сты про­бле­ма­лық мә­се­ле­лер­дің бо­луы
10.
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың кү­шіне ен­бе­уі­нің се­беп­те­рі

6 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне ұсынылатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпараттың ҚҰРЫЛЫМЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің
2013 жылғы 17 сәуірдегі
№ 550 Жарлығына
6-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарының орындалуы
туралы ақпаратты дайындау және оны
Қазақстан Республикасы Президентінің
қарауына енгізу, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы қатысушысы болып
табылатын халықаралық ұйымдар
шешімдерінің жобаларын келісу және
оларды іске асыру, Қазақстан
Республикасы Президентінің қатысуымен
өтетін Қазақстан Республикасының
халықаралық іс-шараларын дайындау
және қол жеткізілген уағдаластықтарды
орындау қағидаларына
6-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне ұсынылатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпараттың ҚҰРЫЛЫМЫ

1 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары ұсынған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын іске асыру барысы туралы мәліметтердің негізінде дайындалған талдамалық анықтама:

1 1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы жалпы ақпаратты, оның ішінде:

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жалпы саны;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы халықаралық шарттары туралы (жасасу күні, контрагент, ынтымақтастық бағыттары);
қол қойылған, бірақ күшіне енбеген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы ақпаратты;

2 2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын іске асыруға байланысты проблемалық мәселелер туралы ақпаратты және оларды шешу бойынша ұсыныстарды;

3 3) қорытындылар мен ұсыныстарды қамтиды.

2 2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының (халықаралық шарттың мәртебесін көрсете отырып) тізбесі.

Қолданыстағы