Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в аульной (сельской) местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в аульной (сельской) местности
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 96/4
- Қабылданған күні
- 01.04.2013
- Көрсетілген редакция
- 18.09.2013 72190_186790.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.09.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13P0003512
- ЭКБ идентификаторы
- 72190
- Редакция идентификаторы
- 72190_186790
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:21
0 Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2)-тармақшасына, 238-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларына сәйкес анықталсын.
2 2. Павлодар облысы әкімдігінің:
2008 жылғы 23 мамырдағы "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" № 125/6, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 9 маусымда № 3113 болып тіркелді, 2008 жылғы 14 маусымда № 65 "Звезда Прииртышья", 2008 жылғы 12 маусымда № 64 "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланды);
2010 жылғы 16 сәуірдегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 23 мамырдағы "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" № 125/6 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 77/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 11 мамырда № 3163 болып тіркелді, 2010 жылғы 20 мамырда № 53 "Звезда Прииртышья", 2010 жылғы 20 мамырда № 53 "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланды) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Өрсариевке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми түрде жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Облыстық мәслихат
хатшысы М. Көбенов
2013 жылғы "29" наурыз
5 Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау мамандары лауазымдарының тізбесi
Павлодар облысы әкімдігінің
2013 жылғы "1" сәуір
№ 96/4 қаулысына
1-қосымша
Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін денсаулық
сақтау мамандары лауазымдарының тізбесi
1 1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары (соның ішінде бірінші орынбасар).
2 2. Бөлімше (бөлімшелер, филиал зертханасы, бөлім) басшысы.
3 3. Дәріхана меңгерушісі.
4
4. Мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер, акушер, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, медициналық бике, фельдшер, медициналық статистик, медициналық зертханашы, провизор (фармацевт), психолог, рентген зертханашысы, фармацевт, фельдшер (-зертханашы), әлеуметтік жұмыс бойынша маман (әлеуметтік қызметші).
10 Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тізбесi
Павлодар облысы әкімдігінің
2013 жылғы "1" сәуір
№ 96/4 қаулысына
2-қосымша
Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік
қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тізбесi
1 1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары.
2 2. Мамандар: дәрігер, тіс дәрігері, емдәм бикесі, медициналық бике, мамандандырылған медициналық бике, күтім көрсету бойынша әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс бойынша маман.
13 Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін білім беру мамандары лауазымдарының тізбесi
Павлодар облысы әкімдігінің
2013 жылғы "1" сәуір
№ 96/4 қаулысына
3-қосымша
Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін білім
беру мамандары лауазымдарының тізбесi
1 1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары (шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасарынан басқа).
2 2. Мектептен тыс ұйымдардағы қызығушылығы бойынша студия, клуб жетекшісі.
3 3. Оқу-консультация пункті, шеберхана, зертхана, кабинет, сектор, бөлімшенің меңгерушісі.
4 4. Мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнының оқытушысы, жетекші, тәрбиеші, нұсқаушы, шебер, әдістемеші, музыкалық жетекші.
18 Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесi
Павлодар облысы әкімдігінің
2013 жылғы "1" сәуір
№ 96/4 қаулысына
4-қосымша
Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін
мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесi
1 1. Мәдениет және мұрағат ісі мемлекеттік мекемесі мен қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары (шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасарынан басқа).
2 2. Клуб, мұрағат, мұрағат қоймасының меңгерушісі, бөлімше, сектор, бөлімше (бөлім), филиал басшысы, көркем жетекші, үйірме жетекшісі.
3 3. Мамандар: сүйемелдеуші, әртіс, библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, дыбыс операторы, нұсқаушы, мәдени ұйымдастырушы, әдістемеші, суретші, хореограф, мұражай, мұрағат қорын сақтаушы, мұрағатшы, археограф.
22 Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін спорт мамандары лауазымдарының тізбесi
Павлодар облысы әкімдігінің
2013 жылғы "1" сәуір
№ 96/4 қаулысына
5-қосымша
Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін
спорт мамандары лауазымдарының тізбесi