Кіру
Құжат мәтініне өту

Об изменении административно-территориального устройства города Степногорск, Аккольского, Ерейментауского и Шортандинского районов Акмолинской области

Қаулы · № А-3/149 · қабылданған 11.04.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 13.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-72205/on/2026-09-13/
Басып шығарылды 2026-09-13 · adilet.kz
Об изменении административно-территориального устройства города Степногорск, Аккольского, Ерейментауского и Шортандинского районов Акмолинской области Қолданыста Қаулы ·№ А-3/149 ·11.04.2013
17.02.2015 редакциясы
13.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об изменении административно-территориального устройства города Степногорск, Аккольского, Ерейментауского и Шортандинского районов Акмолинской области

Қолданыста Қаулы ·№ А-3/149 · 13.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изменении административно-территориального устройства города Степногорск, Аккольского, Ерейментауского и Шортандинского районов Акмолинской области
Атауы (қаз.)
Ақмола облысы Степногорск қаласының, Ақкөл, Ерейментау және Шортанды аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
А-3/149
Қабылданған күні
11.04.2013
Көрсетілген редакция
17.02.2015 72205_303693.kaz
Соңғы өзгеріс
17.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13B0003708
ЭКБ идентификаторы
72205
Редакция идентификаторы
72205_303693
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:17

0 Ақмола облысы Степногорск қаласының, Ақкөл, Ерейментау және Шортанды аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы

"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына сәйкес және "Ақкөл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту жөнінде ұсыныс енгізу туралы" Ақкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 1 сәуірдегі № А-4/115 қаулысы мен Ақкөл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 сәуірдегі № С 16-1 шешімі, "Ерейментау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту жөнінде ұсыныс енгізу туралы" Ерейментау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № а-3/154 қаулысы мен Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 наурыздағы № 5С-13/7-13 шешімі, "Шортанды ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының өзгеруі бойынша ұсыныс енгізу туралы" Шортанды ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № А-3/92 қаулысы мен Шортанды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 9 сәуірдегі № С-15/3 шешімі негізінде Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жалпы ауданы 12005 гектар Ерейментау ауданының Изобильное ауылы және жалпы ауданы 3302 гектар Ақкөл ауданының Қырық құдық ауылы елді мекендердің шекарасындағы жеке әкімшілік-аумақтық бірліктер ретінде Степногорск қаласының әкімшілік бағынысына берілсін.

2. Ерейментау ауданы Сілеті ауылының шекаралары, оның шекарасына бұған дейін Изобильное ауылының әкімшілік шекараларына кіретін жалпы ауданы 100203 гектар басқа санаттағы жерлер енгізіліп, қосымшаға сәйкес өзгертілсін.

3. Ақкөл ауданы Жалғызқарағай ауылдық округінің шекаралары, оның шекарасына бұған дейін Қырық құдық ауылының әкімшілік шекарасына кіретін жалпы ауданы 105698 гектар басқа санаттағы жерлер енгізіліп, қосымшаға сәйкес өзгертілсін.

4. Шортанды ауданының Дамса ауылдық округі, оның құрамына Шортанды ауданының Научный поселкесі енгізіліп, қайта құрылсын.

5. Ақкөл, Ерейментау аудандары Қырық құдық ауылын, Изобильное ауылын әкімшілік-аумақтық бірліктер ретінде есептік деректерден шығарсын және жер-есепке алу құжаттамасына тиісті өзгерістер енгізсін.

6. Степногорск қаласы жер-есепке алу құжаттамасына тиісті өзгерістер енгізсін.

7. Осы Ақмола облыстық мәслихатының шешімі мен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

8 Ақкөл ауданы Жалғызқарағай ауылдық округінің шекарасына қосылатын Қырық құдық ауылы жерлерінің бөлігін экспликациялау

Ақмола облыстық мәслихатының
2013 жылғы 11 сәуірдегі
№ 5С-12-3 шешіміне
қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің
2013 жылғы 11 сәуірдегі
№ А-3/149 қаулысына
қосымша
Ерейментау ауданы Сілеті селосының шекарасына қосылатын Изобильное селосы жерлерінің бөлігін экспликациялау
Аудан­ның ата­уы
Бар­лық жер­лер (гек­тар)
Оның ішін­де:
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы­на ар­нал­ған жер­лер
Су астын­да (гек­тар)
Жол астын­да (гек­тар)
Құ­ры­лыс астын­да (гек­тар)
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы­на ар­нал­ма­ған бас­қа ал­қап­тар (гек­тар)
Егі­стік жер (гек­тар)
Көп жы­л­ғы ек­пе (гек­тар)
Жай­ы­лым (гек­тар)
Ерейментау
100 203
28962
302
68 834
1059
344
75
627
Ақкөл ауданы Жалғызқарағай ауылдық округінің шекарасына қосылатын Қырық құдық ауылы жерлерінің бөлігін экспликациялау
Аудан­ның ата­уы
Бар­лық жер­лер (гек­тар)
Оның ішін­де:
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы­на ар­нал­ған жер­лер
Су астын­да (гек­тар)
Жол астын­да (гек­тар)
Құ­ры­лыс астын­да (гек­тар)
Ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­дың жер­ле­рі (гек­тар)
Егі­стік жер (гек­тар)
Көп жы­л­ғы ек­пе (гек­тар)
Жай­ы­лым (гек­тар)
Ақкөл
105698
35494
-
69734
220
250
-
-

Қолданыстағы