Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в административно-территориальное устройство городов Усть-Каменогорск и Риддер, Зыряновского, Бородулихинского, Кокпектинского и Уланского районов Восточно-Казахстанской области

Қаулы · № 90 · қабылданған 15.04.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-72323/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в административно-территориальное устройство городов Усть-Каменогорск и Риддер, Зыряновского, Бородулихинского, Кокпектинского и Уланского районов Восточно-Казахстанской области Қолданыста Қаулы ·№ 90 ·15.04.2013
26.03.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в административно-территориальное устройство городов Усть-Каменогорск и Риддер, Зыряновского, Бородулихинского, Кокпектинского и Уланского районов Восточно-Казахстанской области

Қолданыста Қаулы ·№ 90 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в административно-территориальное устройство городов Усть-Каменогорск и Риддер, Зыряновского, Бородулихинского, Кокпектинского и Уланского районов Восточно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен және Риддер қалаларының, Зырян, Бородулиха, Көкпекті және Ұлан аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
90
Қабылданған күні
15.04.2013
Көрсетілген редакция
26.03.2014 72323_124161.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13V0002939
ЭКБ идентификаторы
72323
Редакция идентификаторы
72323_124161
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:16

0 Шығыс Қазақстан облысы Өскемен және Риддер қалаларының, Зырян, Бородулиха, Көкпекті және Ұлан аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8 және 11-баптарына сәйкес, «Өскемен қаласының Меновной ауылдық округін тарату жөніндегі ұсыныс енгізу туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 16/4-V шешімі және Өскемен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 18 наурыздағы № 5942 қаулысы, «Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» Риддер қалалық мәслихатының 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 14/3-V шешімі және Риддер қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 274 қаулысы, «Зырян ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныс туралы» Зырян аудандық мәслихатының 2013 жылғы 18 наурыздағы № 15/2-V шешімі және Зырян ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 наурыздағы № 1766 қаулысы, «Бородулиха ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгертулер енгізу бойынша ұсыныс туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 наурыздағы № 13-6-V шешімі және Бородулиха ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 641 қаулысы, «Көкпекті ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгертуге ұсыныс енгізу туралы» Көкпекті аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы № 12-2 шешімі және Көкпекті ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 84 қаулысы, «Ұлан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгеріс енгізу бойынша ұсыныс жасау туралы» Ұлан аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 105 шешімі және Ұлан ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 28 наурыздағы № 673 қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен және Риддер қалаларының, Зырян, Бородулиха, Көкпекті және Ұлан аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) есепті деректерден шығарылып, таратылсын:

Өскемен қаласының Меновное ауылдық округі;
Риддер қаласының Пригородный ауылдық округі мен Ульба кент округі;
Зырян ауданының Березовка ауылдық округі;
Бородулиха ауданының Уба-Форпост ауылдық округі;
Көкпекті ауданының Қарағандыкөл ауылдық округі;
Ұлан ауданының Гагарин ауылдық округі;

2 2) аумақтары қосылсын:

Зырян ауданы Маяк және Подорленок ауылдары Соловьев ауылдық округінің құрамына, Ландман ауылы Малеевск ауылдық округінің құрамына және Восточное ауылы Чапаев ауылдық округінің құрамына;
Уба-Форпост және Девятка ауылдары Бородулиха ауданы Краснояр ауылдық округінің құрамына;
Көкпекті ауданы Мамай ауылы Үлгілімалшы ауылдық округінің құрамына, Қарағандыкөл ауылы Көкжайық ауылдық округінің құрамына;
Гагарин ауылы Ұлан ауданы Таврия ауылдық округінің құрамына;

3 3) мыналар:

Ново-Троицкое, Самсоновка, Меновное, Ахмирово, Ново-Ахмирово, Ново-Явленка, Прудхоз ауылдары Өскемен қаласы;
Пригородное, Верхняя Хариузовка, Бутаково, Поперечное, Коноваловка, Ливино ауылдары, Лениногорский лесхоз, «Лениногорский» Демалыс үйі, Ульбастрой станция-кенті, Ульба кенті елді мекендері Риддер қаласы;
Березовка ауылы Зырян ауданы Зырян қаласы;
Белогор кенті Ұлан ауданы Асубұлақ кентінің әкімшілік және аумақтық бағыныштылығына берілсін.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 26.03.2014 № 69 қаулысымен және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 11.04.2014 № 19/235-V шешімімен (шешім және қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2 2. Осы шешім және қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы