Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий на территории зимовки Аяккол Кособинского сельского округа Сырымского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий на территории зимовки Аяккол Кособинского сельского округа Сырымского района
- Атауы (қаз.)
- Сырым ауданы Қособа ауылдық округінің Аяққол қыстағы аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 9
- Қабылданған күні
- 03.04.2013
- Көрсетілген редакция
- 31.05.2013 72326_190301.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.05.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13ZJF03278
- ЭКБ идентификаторы
- 72326
- Редакция идентификаторы
- 72326_190301
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:21
0 Сырым ауданы Қособа ауылдық округінің Аяққол қыстағы аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитарлық инспекторының 2013 жылғы 15 ақпандағы № 36 ұсынысы негізінде, жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Сырым ауданы Қособа ауылдық округінің Аяқкөл қыстағы аумағында құтыру ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Сырым ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің
Сырым аудандық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________Б. Ж. Бисенғали
03.04.2013 ж.
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
Комитетінің Батыс Қазақстан
облысы бойынша департаменті
Сырым ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________Қ. Ғинаятұлы
03.04.2013 ж.