Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента электронной государственной услуги

Қаулы · № 62 · қабылданған 04.03.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-72359/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении регламента электронной государственной услуги Күшін жойған Қаулы ·№ 62 ·04.03.2013
14.04.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента электронной государственной услуги

Күшін жойған Қаулы ·№ 62 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента электронной государственной услуги
Атауы (қаз.)
Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
62
Қабылданған күні
04.03.2013
Қолданысқа енгізілген күні
25.05.2013
Көрсетілген редакция
14.04.2014 72359_154017.kaz
Соңғы өзгеріс
14.04.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13G0001936
ЭКБ идентификаторы
72359
Редакция идентификаторы
72359_154017
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:33

0 Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса берілген «Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғали Нәжімеденұлы Есқалиевке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі
А. Жұмағалиев
26 наурыз 2013 жыл

4 Жамбыл облысы әкімдігінің

2013 жылғы 4 наурыздағы
№ 62 қаулысымен бекітілген
«Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» электронды мемлекеттік қызметтің регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» электронды мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы (бұдан әрі – уәкілетті орган), сондай-ақ «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – электрондық цифрлық қолтаңба) болған жағдайда www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы көрсетеді.

2

2. Электрондық мемлекеттік қызмет «Өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1130 Қаулысымен бекітілген «Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі (бұдан әрі - стандарт).

3 3. Электрондық мемлекеттік қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.

4 4. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсетудің түрі: транзакциялық.

5 5. Осы регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартылулар:

1 1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе;

2 2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – электрондық үкіметтің веб-порталы);

3

3) «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры ақпараттық жүйе веб-порталы – берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, қайта басталған және әрекет етуін тоқтатқан лицензиялар, сондай-ақ лицензиялар беретін лицензиялардың сәйкестендірме нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объекттері, пункттері, учаскелері) туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе (бұдан әрі - «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры ақпараттық жүйе веб-порталы)

4 4) «электрондық үкіметтің» шлюзі – электрондық қызметтерді іске асыру шеңберінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру үшін арналған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «электрондық үкіметтің» шлюзі);

5

5) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі – жеке және заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыруда «электрондық үкімет» пен екінші деңгейдегі банктер, жеке банктік операциялардың түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ақпараттық жүйелерінің арасындағы өзара іс-қимылдарды қамтамасыз ету үшін арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі);

6

6) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерек қоры - ақпаратты автоматтандырылған түрде жинау, сақтау және өңдеу, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлағалардың, филиалдардың, өкілдіктердің және жеке бірлескен кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай ұлттық сәйкестендірілуін енгізу мақсатында бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жасауға және мемлекеттік басқару органдарына және олардың өкілеттілігі шеңберінде өзге де субъектілерге Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес олар туралы өзекті және нақты мәліметтерді беруге арналған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерек қоры);

7 7) тұтынушы – мемлекеттік электрондық қызмет көрсетілетін жеке немесе заңды тұлға;

8 8) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – жеке сәйкестендіру нөмірі);

9 9) бизнес - сәйкестендіру нөмірі – бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкілдік) және жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – бизнес сәйкестендіру нөмірі);

10 10) пайдаланушы – оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;

11 11) транзакциялық қызмет – пайдаланушыларға ақпаратпен өзара алмасу, төлемдерді жүргізу және электрондық цифрлық қолтаңба пайдаланумен басқа әрекеттерді талап ететін электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну қызметтері;

12 12) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі (бұдан әрі – электрондық цифрлық қолтаңба);

13 13) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

14 14) электрондық мемлекеттік қызметтер – ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер (бұдан әрі - электрондық мемлекеттік қызметтер);

15 15) электрондық лицензия – ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ресімделетін және берілетін, қағаз тасығыштағы лицензияға салалас электронды құжат түріндегі лицензия;

16 16) құрылымдық-функционалды бірліктер - электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдар құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік мекемелердің немесе басқа ұйымдардың тізбесі (бұдан әрі – құрылымдық - функционалды бірліктер).

2 2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша уәкілетті орган қызметінің тәртібі

6 6. Уәкілетті органның «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы қадамдық іс-қимылы және шешімі осы регламентке 2-қосымшада келтірілген (электронды мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы):

1 1) тұтынушы электрондық үкіметінің веб-порталына тіркелуді компьютердің интернет-браузеріне сақталған өзінің электрондық цифрлық қолтаңба тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады (электрондық үкіметінің порталында тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);

2 2) 1 үдеріс - тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасының тіркеу куәлігін компьютердің интернет-браузеріне бекітуі, мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы парольді енгізуі (авторландыру үдерісі);

3 3) 1-шарт – электрондық үкіметтің порталында тіркелген тұтынушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес - сәйкестендіру нөмірі) және пароль арқылы тексеру;

4 4) 2 үдеріс - тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты, электрондық үкіметінің веб-порталында авторландырудан бас тарту хабарламасын қалыптастыру;

5

5) 3 үдеріс - тұтынушының «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры ақпараттық жүйе веб-порталынан осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, тұтынушының нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару, қажетті құжаттардың электрондық нұсқасын сұрау салу нысанына бекіту (деректерді енгізу);

6 6) 4 үдеріс – қызметтерді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзіне төлеу, одан кейін бұл ақпарат «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры ақпараттық жүйе веб-порталына түседі;

7 7) 2-шарт - қызмет көрсеткені үшін төлем фактісін «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры ақпараттық жүйе веб-порталынан тексеру;

8 8) 5 үдеріс – қызметтерді «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры ақпараттық жүйе веб-порталынан қызмет көрсету үшін төлемдердің болмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;

9 9) 6 үдеріс – сұрауды куәландыру (қол қою) үшін тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасын тіркеу куәлігін таңдауы;

10

10) 3-шарт – «электрондық үкіметінің» веб-порталында электрондық цифрлік қолтаңбаны тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және тізімде қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сауалда көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі мен электрондық цифрлік қолтаңбаның тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі арасындағы сәйкестендірме деректерге сәйкес келуін тексеру;

11 11) 7 үдеріс – тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасының нақтылығының расталмауымен байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;

12 12) 8 үдеріс – тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қызмет көрсетуге сұраудың толтырылған (енгізілген деректер) нысанын куәландыру (қол қою);

13 13) 9 үдеріс - «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры ақпараттық жүйе веб-порталына электронды құжатты (тұтынушының сұрауын) тіркеу және «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры ақпараттық жүйе веб-порталында сұрауды өңдеу;

14 14) 4 шарт – лицензия беру үшін тұтынушының біліктілік талаптарына және негіздерге сәйкестігін уәкілетті органның тексеруі;

15 15) 10 үдеріс - «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры ақпараттық жүйе веб-порталында тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

16 16) 11 үдеріс – тұтынушының «электрондық үкіметтің» веб-порталында құрған қызмет (электрондық лицензия) нәтижелерін алуы. Электрондық құжат уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлік қолтаңбасын пайдалануымен құрастырылады.

7 7. Уәкілетті орган арқылы қадамдық іс-қимылы және шешімі осы регламентке 2-қосымшада келтірілген (электронды мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы):

1 1) 1 үдеріс – уәкілетті орган қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры ақпараттық жүйе веб-порталына логині мен паролін енгізу (авторландыру үдерісі);

2 2) 1 шарт – жеке сәйкестендіру нөмірі және пароль арқылы тіркелген уәкілетті орган қызметкері туралы деректердің дұрыстығын «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры ақпараттық жүйе веб-порталында тексеру;

3 3) 2 үдеріс - «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры ақпараттық жүйе веб-порталында уәкілетті орган қызметкері деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

4 4) 3 үдеріс – уәкілетті орган қызметкерінің осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсетуге арналған сауал нысанын экранға шығаруы және тұтынушының деректерін енгізу;

5 5) 4 үдеріс –«Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерек қорына «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тұтынушының деректері туралы сұрау салуды жолдау;

6 6) 2 шарт – «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерек қорында тұтынушы деректерінің болуын тексеру;

7 7) 5 үдеріс – заңды тұлға мемлекеттік дерек қорында тұтынушы деректерінің болмауымен байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны құрастыру;

8) 6 үдеріс - сауал нысанын құжаттардың қағаз нысанында болуын белгілеу бөлігінде толтыру және уәкілетті орган қызметкерінің тұтынушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеу және оларды сауал нысанына бекіту;

9 9) 7 үдеріс - «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры ақпараттық жүйе веб-порталында сұрау салуды тіркеу және «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры ақпараттық жүйе веб-порталында қызметті өңдеу;

10 10) 3 шарт –тұтынушының біліктілік талаптарына және лицензия беру негіздеріне сәйкестігін уәкілетті органның тексеруі;

11 11) 8 үдеріс - «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры ақпараттық жүйе веб-порталында тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты, сұрау салынған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

12 12) 9 үдеріс – тұтынушының «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры ақпараттық жүйе веб-порталында қалыптастырған қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдаланумен құрастырылады.

8 8. Қызметке сұрауды және жауапты толтыру нысаны www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталында келтірілген.

9 9. Сұрауды өңдегеннен кейін тұтынушыға сұрауды өңдеу нәтижелерін мынадай үлгімен қарау мүмкіндігі беріледі:

«ашу» деген түймені басқаннан кейін – сұрау нәтижесі экранның дисплейіне шығады;
«сақтау» деген түймені басқаннан кейін – сұрау нәтижесі тұтынушы берген магнитті тасығышта Adobe Acrobat форматында сақталады.

10 10. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қажетті ақпарат пен кеңесті call орталығының (1414) телефоны бойынша алуға болады.

3 3. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісі кезіндегі өзара іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы

11 11. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық- функционалдық бірліктер:

1 1) «электрондық үкіметтің» веб-порталы;

2 2) «электрондық үкіметтің» шлюзі;

3 3) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі;

4 4) «Е-лицензиялау» веб-порталы – берілген лицензия туралы мәліметті қамтитын ақпараттық жүйесі;

5 5) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерек қоры;

6 6) тұтынушы;

7 7) уәкілетті орган.

12 12. Әр іс-қимылдың орындалу (рәсім, функция, операция) әрекетінің жүйелілігі мен мерзімі көрсетілген тақталы мәтіндік сипаттамасы осы регламенттің 1 қосымшасында келтірілген;

13 13. Осы регламенттің 2 қосымшасында іс-әрекеттер (№ 1, 2 диаграммалар) іс-қимылының қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграммалар берілген.

14 14. Алушыларға электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы регламенттің 3 қосымшасына сәйкес, сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

15 15. Алушыларға электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қойылатын талаптар:

1 1) құпиялылық (ақпаратты рұқсатсыз алудан қорғау);

2 2) тұтастық (ақпаратты рұқсатсыз өзгертуден қорғау);

3 3) қолжетімділік (ақпараттар мен ресурстарды рұқсатсыз ұстап қалудан қорғау);

16 16. Электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсетудің техникалық талаптары:

1 1) Интернетке шығу;

2 2) электронды лицензия берілетін тұлғада жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес - сәйкестендіру нөмірі бар болуы;

3 3) «электрондық үкіметтің» порталында авторизациялау;

4 4) электрондық цифрлы қолтаңбаның пайдаланушыда болуы;

5 5) екінші деңгейдегі банкіде банкілік карточкасының немесе ағымдағы шотының бар болуы.

82 1-кесте. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы құрылымдық-функционалдық бірліктерінің іс-қимылдарын сиппатау

«Заңды тұлғалардың түстi және қара
металл сынықтары мен қалдықтарын
жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi
және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге
асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
электронды мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
1-кесте. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы құрылымдық-функционалдық бірліктерінің іс-қимылдарын сиппатау
№ іс-қи­мыл (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­сы­ның)
1
2
3
4
5
Құ­ры­лым­дық-функ­ци­о­нал­дық бір­лік­те­рі­нің ата­уы
Тұ­ты­ну­шы
«Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы
Тұ­ты­ну­шы
«Элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі
«Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы
Іс-қи­мыл­дың ата­уы (үде­ріс, рә­сім, опе­ра­ци­я­лар және олар­ды си­паттау)
Тұ­ты­ну­шы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба тір­кеу ку­ә­лі­гін ком­пью­тер­дің ин­тер­нет бра­у­зе­ріне бе­кі­ту
Тұ­ты­ну­шы­ның де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар­дың бар бо­луы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ра­ды
Қа­жет­ті құ­жат­тар­ды элек­трон­дық түр­де бе­кі­ту­мен са­у­ал де­ректе­рін қа­лып­та­сты­ра­ды және қыз­мет­ті таң­дай­ды
Қыз­мет­тер­ді тө­леу
Төлем­нің жоқ бо­луы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны құ­ра­ды
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім­дер)
Сұ­рау са­лу­дың сәт­ті қа­лып­та­суы жө­нін­де ха­бар­ла­ма­ның көр­се­ті­луі
Сұ­рау са­лы­на­тын элек­трон­ды мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ха­бар­ла­ма­сын қа­лып­та­сты­ру
Сұ­рау са­лу­дың сәт­ті қа­лып­та­суы жө­нін­де ха­бар­ла­ма­ның көр­се­ті­луі
Қыз­мет көр­сет­ке­ні үшін тө­лем фак­ті­сі
Сұ­рау са­лы­на­тын элек­трон­ды мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ха­бар­ла­ма­сын қа­лып­та­сты­ру
Орын­да­лу мер­зім­де­рі
10-15 ми­нут
20 ми­нут
15 ми­нут
15 ми­нут
10-15 ми­нут
Ке­ле­сі іс-қи­мыл нө­мі­рі
2-егер тұ­ты­ну­шы­ның де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар бар бол­са; 3 – егер ав­то­ри­за­ция та­бысты өт­се
-
4
5 – егер тө­ле­ме­се, 6- егер тө­ле­се
-
кестенің жалғасы:
№ іс-қи­мыл (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­сы­ның)
6
7
8
9
10
11
Құ­ры­лым­дық-функ­ци­о­нал­дық бір­лік­те­рі­нің ата­уы
Тұ­ты­ну­шы
«Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы
Тұ­ты­ну­шы
«Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы
«Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы
«Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы
Іс-қи­мыл­дың ата­уы (үде­ріс, рә­сім, опе­ра­ци­я­лар және олар­ды си­паттау)
Сұ­ра­уды ку­әлан­ды­ру (қол қою) үшін элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­ны таң­да­уы
тұ­ты­ну­шы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­ның нақ­ты­лы­ғы­ның рас­тал­мауы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны құ­ра­ды
элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба ар­қы­лы сұ­ра­уды ку­әлан­ды­ру (қол қою)
Элек­трон­ды құ­жат­ты, өті­ніш­ті (тұ­ты­ну­шы­ның сұ­ра­уын) «Е-ли­цен­зи­я­лау» мем­ле­кет­тік де­рек қо­ры ақ­па­рат­тық жүйе веб-пор­та­лы­на тір­кеу және «Е-ли­цен­зи­я­лау» мем­ле­кет­тік де­рек қо­ры ақ­па­рат­тық жүйе веб-пор­та­лын­да сұ­ра­уды өң­деу
«Е-ли­цен­зи­я­лау» мем­ле­кет­тік де­рек қо­ры ақ­па­рат­тық жүйе веб-пор­та­лын­да тұ­ты­ну­шы де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар­дың бар бо­луы­на бай­ла­ны­сты сұ­ра­ты­л­ған қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны құ­ру
Элек­трон­ды құ­жат (элек­трон­ды ли­цен­зия)
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім­дер )
Са­у­ал­ды марш­ру­ти­за­ци­я­лау
Сұ­рау са­лы­на­тын элек­трон­ды мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ха­бар­ла­ма­сын қа­лып­та­сты­ру
Са­у­ал­ды марш­ру­ти­за­ци­я­лау
Са­у­ал­ды тір­кеу және өті­нім­ге но­мер бе­ру
Сұ­рау са­лы­на­тын элек­трон­ды мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ха­бар­ла­ма­сын қа­лып­та­сты­ру
ли­цен­зия
Орын­да­лу мер­зім­де­рі
10-15 ми­нут
10-15 ми­нут
15 ми­нут
15 жұ­мыс кү­ні
-
-
Ке­ле­сі іс-қи­мыл нө­мі­рі
7-егер элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба қа­те бол­са; 8 – элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы қа­те бол­ма­са
-
-
Ли­цен­зия бе­ру үшін қыз­мет көр­се­ту­ші­нің бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на және негіз­дер­ге тұ­ты­ну­шы­ның сәй­кест­і­гін тек­се­ру
2-кесте. Уәкілетті орган арқылы құрылымдық-функционалдық бірліктерінің іс-қимылдарын сипаттау
№ іс-қи­мыл (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­сы­ның)
1
2
3
4
5
Құ­ры­лым­дық-функ­ци­о­нал­дық бір­лік­те­рі­нің ата­уы
Қыз­мет көр­се­ту­ші
«Е-ли­цен­зи­я­лау» мем­ле­кет­тік де­рек қо­ры ақ­па­рат­тық жүйе веб-пор­та­лы
Қыз­мет көр­се­ту­ші
«Заң­ды тұ­лға­лар» мем­ле­кет­тік де­рек қо­ры
«Е-ли­цен­зи­я­лау» мем­ле­кет­тік де­рек қо­ры ақ­па­рат­тық жүйе веб-пор­та­лы
Іс-қи­мыл­дың ата­уы (үде­ріс, рә­сім, опе­ра­ци­я­лар және олар­ды си­паттау)
«Е-ли­цен­зи­я­лау» мем­ле­кет­тік де­рек қо­ры ақ­па­рат­тық жүйе веб-пор­та­лын­да ав­то­ри­за­ци­я­ла­на­ды
Де­ректер­де бұ­зу­шы­лық­тар­дың бар бо­луы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны құ­ру
Қыз­мет көр­се­ту­ші қыз­мет­ке­рі­нің қыз­мет­тер­ді таң­да­уы
Тұ­ты­ну­шы­ның де­ректе­рін тек­се­ру­ге сұ­ра­уды «Заң­ды тұ­лға­лар» мем­ле­кет­тік де­рек қо­ры­на жі­бе­ру
Де­ректер­де бұ­зу­шы­лық­тар­дың бар бо­луы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны құ­ру
Аяқ­та­лу ны­са­ны(де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім­дер )
Сұ­рау са­лу­дың сәт­ті қа­лып­та­суы жө­нін­де ха­бар­ла­ма­ның көр­се­ті­луі
Сұ­рау са­лы­на­тын элек­трон­ды мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ха­бар­ла­ма­сын қа­лып­та­сты­ру
Сұ­рау са­лу­дың сәт­ті қа­лып­та­суы жө­нін­де ха­бар­ла­ма­ның көр­се­ті­луі
Са­у­ал­ды марш­ру­ти­за­ци­я­лау
Сұ­рау са­лы­на­тын элек­трон­ды мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ха­бар­ла­ма­сын қа­лып­та­сты­ру
Орын­да­лу мер­зім­де­рі
10-15 мин
10 мин
15 мин
15 мин
15 мин
Ке­ле­сі іс-қи­мыл нө­мі­рі
1-қыз­мет көр­се­ту­ші қыз­мет­ке­рі­нің ло­ги­ні мен па­ро­лін «Е-ли­цен­зи­я­лау» мем­ле­кет­тік де­рек қо­ры ақ­па­рат­тық жүйе веб-пор­та­лы – бе­рі­л­ген ли­цен­зия ту­ра­лы мә­лі­мет­ті қам­ти­тын ақ­па­рат­тық жүй­е­сін­де тек­се­ру
-
4
5 – егер тұ­ты­ну­шы де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар бар бол­са; 6- егер ав­то­ри­за­ция та­бысты өт­се
-
кестенің жалғасы:
№ іс-қи­мыл (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­сы­ның)
6
7
8
9
Құ­ры­лым­дық-функ­ци­о­нал­дық бір­лік­те­рі­ның ата­уы
Қыз­мет көр­се­ту­ші
«Е-ли­цен­зи­я­лау» мем­ле­кет­тік де­рек қо­ры ақ­па­рат­тық жүйе веб-пор­та­лы
«Е-ли­цен­зи­я­лау» мем­ле­кет­тік де­рек қо­ры ақ­па­рат­тық жүйе веб-пор­та­лы
«Е-ли­цен­зи­я­лау» мем­ле­кет­тік де­рек қо­ры ақ­па­рат­тық жүйе веб-пор­та­лы
Іс-қи­мыл­дың ата­уы (үде­ріс, рә­сім, опе­ра­ци­я­лар және олар­ды си­паттау)
Құ­жат­тар­ды бе­кі­те оты­рып сұ­ра­ныс ны­са­нын тол­ты­ру
Элек­трон­ды құ­жат­ты, өті­ніш­ті (тұ­ты­ну­шы­ның сұ­ра­уын) «Е-ли­цен­зи­я­лау» мем­ле­кет­тік де­рек қо­ры ақ­па­рат­тық жүйе веб-пор­та­лы­на тір­кеу және «Е-ли­цен­зи­я­лау» мем­ле­кет­тік де­рек қо­ры ақ­па­рат­тық жүйе веб-пор­та­лын­да сұ­ра­уды өң­деу
Тұ­ты­ну­шы­ның де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар­дың бар бо­луы­на бай­ла­ны­сты сұ­рал­ған қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны «Е-ли­цен­зи­я­лау» мем­ле­кет­тік де­рек қо­ры ақ­па­рат­тық жүйе веб-пор­та­лын­да құ­ру
Элек­трон­ды құ­жат (элек­трон­ды ли­цен­зия)
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім­дер )
Са­у­ал­ды марш­ру­ти­за­ци­я­лау
Са­у­ал­ды тір­кеу және өті­нім­ге но­мер бе­ру
Сұ­рау са­лы­на­тын элек­трон­ды мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ха­бар­ла­ма­сын қа­лып­та­сты­ру
ли­цен­зия
Орын­да­лу мер­зім­де­рі
10-15 мин
15 жұ­мыс кү­ні
Ке­ле­сі іс-қи­мыл нө­мі­рі
8 - егер «Е-ли­цен­зи­я­лау» веб-пор­та­лы – бе­рі­л­ген ли­цен­зия ту­ра­лы мә­лі­мет­ті қам­ти­тын ақ­па­рат­тық жүй­е­сі­нен сұ­рау бой­ын­ша де­ректер бол­ма­са, 9-егер де­ректер сұ­рау бой­ын­ша та­был­са
-
-

83 «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электронды мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалды өзара іс қимылдың № 1 диаграммасы

«Заңды тұлғалардың түстi және қара металл
сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы),
сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу жөніндегі
қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия
беру,қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын
беру» электронды мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электронды мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалды өзара іс қимылдың № 1 диаграммасы
Уәкілетті орган арқылы электронды мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалды өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы
Шартты белгілер:

84 Электронды мемлекеттік қызметтің: «сапа» және «қолжетімділік» көрсеткіштерін анықтау үшін сауалнама нысаны

«Заңды тұлғалардың түстi және қара
металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы
(дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу
жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия
беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын
беру» электронды мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша
Электронды мемлекеттік қызметтің: «сапа» және «қолжетімділік» көрсеткіштерін анықтау үшін сауалнама нысаны
__________________________________________________________
қызмет атауы)

1 1. Сіз электронды мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі сапасымен және нәтижесімен қанағаттанасыз ба?

1 1) қанағаттанбаймын

2 2) шінара қанағаттанамын;

3 3) қанағаттанамын.

2 Сіз электронды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?

1 1) қанағаттанбаймын;

2 2) ішінара қанағаттанамын;

3 3) қанағаттанамын.

Қолданыстағы