Құжат мәтініне өту

Об охранных зонах, зонах регулирования застройки и зонах охраняемого природного ландшафта объектов историко-культурного наследия

Өзге акт · № 115 · қабылданған 17.04.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-72378/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об охранных зонах, зонах регулирования застройки и зонах охраняемого природного ландшафта объектов историко-культурного наследия Күшін жойған Өзге акт ·№ 115 ·17.04.2013
10.08.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об охранных зонах, зонах регулирования застройки и зонах охраняемого природного ландшафта объектов историко-культурного наследия

Күшін жойған Өзге акт ·№ 115 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об охранных зонах, зонах регулирования застройки и зонах охраняемого природного ландшафта объектов историко-культурного наследия
Атауы (қаз.)
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтары туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
115
Қабылданған күні
17.04.2013
Көрсетілген редакция
10.08.2020 72378_477116.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13C0003575
ЭКБ идентификаторы
72378
Редакция идентификаторы
72378_477116
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:15

0 Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтары туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 36-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10171 тіркелген, Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарын айқындау және пайдалану режимі қағидаларының 3, 9-тармақтарына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекаралары қоса беріліп отырған схемалық карталарға сәйкес бекітілсін:

Осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес, Қобда ауданында орналасқан, Абат-Байтақ қорымы.
Осы шешімнің 3, 4 қосымшаларына сәйкес, Әйтеке би ауданында орналасқан, «Хан моласы» қорымы.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасарына (С. Қ. Нұрқатова) жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 115

облыстық мәслихаттың шешіміне
1 қосымша
Абат-Байтақ қорымы ескерткішінің қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафты аймағының шекаралары
Ескерткіштің қорғау аймағы, Қобда ауданының Талдысай ауылынан оңтүстікке қарай 12 км жерде орналасқан, Абат-Байтақ қорымының бөлінбес функционалдық бөлігі болып табылатын ландшафттың шекаралары бойынша өтеді.
Қорғау аймағына:
200 астам ерекше құлпытастар бар Абат-Байтақ қорымы;
14-15 ғ.ғ. Абат-Байтақ мавзолейі;
қорғандар;
жолдар енгізілген.
Ескерткіштің қорғау аймағының жалпы көлемі 57,0 гектарды құрайды.
Құрылыс салуды реттеу аймағы, қазіргі заманғы негізгі жолдар мен олардың қиылыстарына іргелес жатқан аумақты алып жатыр. Құрылыс салуды реттеу аймағының көлемі 19,0 гектар.
Қорғалатын табиғат ландшафты аймағы, ескерткішті қорғау аймағының шекарасына іргелес жатқан аумақты алып жатыр. Оған тарих және мекендік тіршілік үшін аса маңызды, жоғары ғылыми маңызға және жоғары эстетикалық сапаға ие табиғи айналасы енгізілген. Қорғалатын табиғат ландшафты аймағының көлемі 92,0 гектар.

5 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 115

облыстық мәслихаттың шешіміне
2 қосымша
Абат-Байтақ қорымы ескерткішінің қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафты аймағының шекаралары

6 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 115

облыстық мәслихаттың шешіміне
3 қосымша
«Хан моласы» қорымы ескерткішінің қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафты аймағының шекаралары
Ескерткіштің қорғау аймағы, Әйтеке би ауданының Толыбай ауылынан шығысқа қарай 90 км жерде орналасқан, «Хан моласы» қорымының бөлінбес функционалдық бөлігі болып табылатын ландшафттың шекаралары бойынша өтеді.
Қорғау аймағына:
«Самарқанд тас» құлпытастары бар 1000 жуық жерлеу орындарынан тұратын «Хан моласы» қорымы;
Кіші жүз ханы Әбілқайырдың моласы;
жолдар енгізілген.
Ескерткіштің қорғау аймағының жалпы көлемі 56,0 гектарды құрайды.
Құрылыс салуды реттеу аймағы, қазіргі заманғы негізгі жолдар мен олардың қиылыстарына іргелес жатқан аумақты алып жатыр. Құрылыс салуды реттеу аймағының көлемі 40,0 гектар.
Қорғалатын табиғат ландшафты аймағы, ескерткішті қорғау аймағының шекарасына іргелес жатқан аумақты алып жатыр. Оған тарих және мекендік тіршілік үшін аса маңызды, жоғары ғылыми маңызға және жоғары эстетикалық сапаға ие табиғи айналасы енгізілген. Қорғалатын табиғат ландшафты аймағының көлемі 593,9085 гектар.

7 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 115

облыстық мәслихаттың шешіміне
4 қосымша
«Хан моласы» қорымы ескерткішінің қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафты аймағының шекаралары

Қолданыстағы