Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 405 · қабылданған 29.04.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-72411/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 405 ·29.04.2013
17.07.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 405 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
405
Қабылданған күні
29.04.2013
Көрсетілген редакция
17.07.2018 72411_345040.kaz
Соңғы өзгеріс
17.07.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000405
ЭКБ идентификаторы
72411
Редакция идентификаторы
72411_345040
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:10

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынaн кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 сәуірдегі
№ 405 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.12.2016 № 769 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 630 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4 4. «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 116-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасында:
13-тармақтың бірінші бөлігінде:
6), 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) кадрлардағы ең төменгі жергілікті қамту;
7) тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі ең төменгі жергілікті қамту;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшері қамтылуға тиіс.»;
23-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қазақстандық кадрларды оқыту мен олардың біліктілігін арттырудың міндетті бағдарламаларының іске асырылуына қарай өсіп отыруға тиіс кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелер;»;
6), 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту бойынша міндеттемелер;
7) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшері;»;
41-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге;».

5 5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2015 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қолданыстағы