Құжат мәтініне өту

Об утверждении Перечня информации и услуг, подлежащих предоставлению субъектам агропромышленного комплекса на безвозмездной основе специализированными организациями

Бұйрық · № 10-1/150 · қабылданған 04.04.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-72439/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Перечня информации и услуг, подлежащих предоставлению субъектам агропромышленного комплекса на безвозмездной основе специализированными организациями Күшін жойған Бұйрық ·№ 10-1/150 ·04.04.2013
01.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Перечня информации и услуг, подлежащих предоставлению субъектам агропромышленного комплекса на безвозмездной основе специализированными организациями

Күшін жойған Бұйрық ·№ 10-1/150 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Перечня информации и услуг, подлежащих предоставлению субъектам агропромышленного комплекса на безвозмездной основе специализированными организациями
Атауы (қаз.)
Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын ақпарат пен қызметтердiң тiзбесiн бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
10-1/150
Қабылданған күні
04.04.2013
Көрсетілген редакция
01.01.2016 AI72439_4.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008443
ЭКБ идентификаторы
72439
Редакция идентификаторы
AI72439_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:20

0 Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын ақпарат пен қызметтердiң тiзбесiн бекіту туралы

2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын ақпарат пен қызметтердiң тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясаты департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тiркелуiн және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын ақпарат пен қызметтердiң тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2013 жылғы 4 сәуірдегі
№ 10-1/150 бұйрығымен
бекітілген
Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын ақпарат пен қызметтердiң тізбесі

1 1. Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын ақпараттар:

1 1) агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау бағыттары, агроөнеркәсіп кешені саласында қабылданған нормативтік-құқықтық актілер және агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзге де мәселелері бойынша;

2 2) республиканың барлық өңірлері бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің, азық-түліктің, төрт түлік малдың, жем-шөп пен жанар-жағар майдың ағымдағы бағалары бойынша;

3 3) агроөнеркәсіп кешені үшін материалдық-техникалық ресурстарды және қызметтерді өндірушілер мен жеткізушілер бойынша;

4 4) өңірлерге байланысты (тұқым сорты, тыңайтқыштар, улы химикаттар, сонымен қатар механизация құралдары), одан әрі жұмыс істеу үшін байланыс телефондары мен мекен-жайлары туралы мәліметтерімен қоса өндіріске енгізу үшін сынақтан өткен және ұсынылған соңғы ғылыми әзірлемелер бойынша;

5 5) республикада және басқа да елдерде жоспарлап отырған семинарлар, тренингтер, тұсау-кесерлер мен ұйымдастырылатын көрме-жәрмеңкелік шаралар туралы;

6 6) ұсақ және орта ауыл шаруашылығы құрылымдарының қаржылық сауаттылығын арттыру (бухгалтерлік есепті жүргізу мен есептілік және басқа да ұқсас мәселелер жөнінде) бойынша;

7 7) дәнді дақылдар түрлері жөнінде көктемгі егіс егу және жинау жұмыстары бойынша.

2 2. Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын қызметтер:

1 1) қаржылық (екінші деңгейлі банктер, шағын несие мекемелер), сақтандыру және бағалау қызметтердің шарттары мен құны бойынша кеңес беру;

2 2) арнайы мамандандырылған мерзімдік басылым (бюллетень) шығару және оны агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне жеткізу.

Қолданыстағы