О переименовании Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт проблем информатики и управления" Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт проблем информатики и управления" Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Информатика және басқару проблемалары институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 465
- Қабылданған күні
- 08.05.2013
- Көрсетілген редакция
- 23.08.2023 72521_650710.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000465
- ЭКБ идентификаторы
- 72521
- Редакция идентификаторы
- 72521_650710
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:06
0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Информатика және басқару проблемалары институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта атау туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Информатика және басқару проблемалары институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта аталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге беруді;
2 2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін;
3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
8 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 8 мамырдағы
№ 465 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2 2. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 16-19-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«16-19. Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты».