Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени риска и формы проверочного листа в сфере деятельности по исполнению исполнительных документов на частной основе (частных судебных исполнителей)

Бұйрық · № 62 · қабылданған 26.02.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-72529/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени риска и формы проверочного листа в сфере деятельности по исполнению исполнительных документов на частной основе (частных судебных исполнителей) Күшін жойған Бұйрық ·№ 62 ·26.02.2013
01.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени риска и формы проверочного листа в сфере деятельности по исполнению исполнительных документов на частной основе (частных судебных исполнителей)

Күшін жойған Бұйрық ·№ 62 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени риска и формы проверочного листа в сфере деятельности по исполнению исполнительных документов на частной основе (частных судебных исполнителей)
Атауы (қаз.)
Жеке негізде (жеке сот орындаушылары) атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін және тексеру парағының нысанын бағалау критерийлерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
62
Қабылданған күні
26.02.2013
Көрсетілген редакция
01.01.2016 AI72529_4.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008400
ЭКБ идентификаторы
72529
Редакция идентификаторы
AI72529_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:37

0 Жеке негізде (жеке сот орындаушылары) атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін және тексеру парағының нысанын бағалау критерийлерін бекіту туралы

«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13, 14, 15-баптарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Бекітілсін:

1 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жеке негізде (жеке сот орындаушылары) атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызмет саласындағы тәуекелді бағалау дәрежесінің критерийлері;

2 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жеке негізде (жеке сот орындаушылары) атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызметтің бақылау парағының нысаны.

2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы Ж.Б. Ешмағамбетовке жүктелсін.

3 Жеке негізде (жеке сот орындаушылары) атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

3. Осы бұйрық оның алғаш жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Министр                                          Б.Имашев
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2013 жылғы 26 ақпандағы
№ 62 бұйрығына
1-қосымша
Жеке негізде (жеке сот орындаушылары) атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1

1. Осы Жеке негізде (жеке сот орындаушылары) атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыратын бақылау субъектісінің тәуекел көрсеткіштерін дәрежелері бойынша анықтау үшін әзірленген.

2 2. Осы Критерийлерде мына түсініктер қолданылған:

1 1) тәуекелді бағалау критерийлері - жеке сот орындаушылары атқарушылық іс әрекетті жүзеге асыру нәтижесінде оның салдарының дәрежесі есебімен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүддесіне нұқсан келтіру мүмкіндігі;

2 2) тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері - бақылау субъектісін түрлі тәуекел дәрежелерін жатқызуға мүмкіндік беретін оның тікелей қызметімен байланысты сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

3 3) тәуекелдерді бағалау жүйесі - сот актілерін жеке атқару саласында бақылау субъектісін тексеруді жоспарлау мақсатында уәкілетті орган өткізетін іс-шаралар кешені;

4 4) бақылау субъектісі - «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға.

3

3. Бақылау субъектісі қызметінің тәуекелін бағалау оның жұмыс өтілі, тексеру нәтижелері, жоспарлы және жоспардан тыс тексерістер нәтижесінде анықталған бұзушылықтар есебімен жүргізіледі. Субъектілерді тәуекел дәрежелері бойынша тексеріс нәтижелері есебінен бөлу оның қызмет тәуекелінің сапалық көрсеткіштеріне сәйкес жүргізіледі.

4 4. Тәуекел дәрежесіне қарай бақылау субъектілерін сыныптастыру:

1 1) тәуекел дәрежесі жоғары субъектілер - жұмыс тәжірибесі бір жылдан кем емес сот орындаушылары;

2 2) тәуекел дәрежесі орташа субъектілер – атқарушылық іс жүргізу саласында 3-5 жыл жұмыс тәжірибесі бар жеке сот орындаушылары;

3 3) тәуекел дәрежесі болмашы субъектілер - атқарушылық іс жүргізу саласында 5 жыл және одан жоғары жұмыс тәжірибесі бар жеке сот орындаушылары.

5 5. Бақылау субъектісінің тәуекел дәрежесі жеке сот орындаушысы ретінде оның қызметі нәтижесінде сапалы критерийлерге байланысты қайта бөлінеді.

Тәуекелді бағалау бар ақпараттарды жүйелі түрде қолдану жолымен жүргізіледі.

6 6. Бақылау субъектісінің балы келесі критерийлерге сәйкес беріледі:

1 1) жойылмайтын атқарушылық іс жүргізу туралы заңнама нормаларының бұзушылықтарының болуы - 5 балл;

2 2) жеке сот орындаушысына қатысты прокурорлық әрекет ету актісінің болуы - 3 балл;

3 3) жеке сот орындаушысына қатысты сот тәртібінде жойылған, кейін заңды күшіне енген атқарушылық әрекеттің, жеке сот ұйғарымдарының болуы - 3 балл;

4 4) жеке сот орындаушысының кеңсесінде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 306 бұйрығымен бекітілген іс жүргізу ережесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6628 нөмірімен тіркелген) қадағаланбауы - 3 балл;

5 5) Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 307 бұйрығымен бекітілген жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталу талаптарының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6629 нөмірімен тіркелген) қадағаланбауы - 2 балл;

6 6) азаматтық-құқықтық жауапкершілік келісімшартының болмауы – 5 балл;

7 7) жеке сот орындаушысының Кәсіби ар-намыс кодексін бұзғаны үшін тәртіптік жазасының болуы - 2 балл;

8 8) Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 308 бұйрығымен бекітілген атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6630 нөмірімен тіркелген) бұзу туралы – 5 балл;

9 9) жеке сот орындаушысының көмекшісімен еңбек шартының болмауы - 2 балл;

10 10) атқарушылық іс-әрекеттерді жасау кезінде жеке сот орындаушыларының қызметіне (әрекетсіздігіне) жеке және заңды тұлғалардың негізді шағымының болуы - 1 балл;

11 11) жеке және заңды тұлғаларды қабылдау жүзеге асырылмауы - 1 балл;

12 12) Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 303 бұйрығымен бекітілген жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6625 нөмірімен тіркелген) талаптарын қадағаланбауы - 2 балл;

7 7. Әрбір тәуекел критерийі бойынша шекті көлемі бар тиісті балдар беріледі.

8 8. Тәуекел критерийлерінің балдары барлық критерийлер бойынша жалпы қорытындысын анықтау үшін қосылды.

9 9. Барлық тәуекел критерийлері бойынша сандық қорытындысы бақылау субъектісін тәуекел дәрежелері бойынша сараланады.

10 10. Тексеріс субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу мынадай түрде жүзеге асырылады:

1 1) тәуекелдің жоғарғы дәрежесі – 25 балдан жоғары;

2 2) тәуекелдің орташа дәрежесі – 10-нан 25 балға дейін;

3 3) тәуекелдің төменгі дәрежесі – 10 балға дейін.

11 11. Жоспарлы тексерістерді жүргізу мерзімділігі:

1 1) жарты жылда 1 рет – тәуекел дәрежесі жоғары субъектілер;

2 2) жылына 1 рет - тәуекел дәрежесі орташа субъектілер;

3 3) 2 жылда 1 рет - тәуекел дәрежесі төмен субъектілер.

12 12. Жоспарлы тексеріс бір тәуекел тобының ішінде ең көп балл жинаған бақылау субъектісіне жүргізіледі.

13 Жеке негізде (жеке сот орындаушыларының) атқарушылық құжаттарды орындау қызметінің ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ

13. 1 жылға дейін жұмыс өтілі бар бақылау субъектілеріне тексеріс олар тіркеуден өткен, жеке сот орындаушысының лауазымына тағайындалған кезден бастап бір жыл ішінде жүргізіледі.
Тексеріс нәтижесі бойынша бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесін бақылау жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2013 жылғы 26 ақпандағы
№ 62 бұйрығына
2-қосымша
нысан
Жеке негізде (жеке сот орындаушыларының) атқарушылық құжаттарды орындау қызметінің ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ
Тексерісті тағайындаған орган _______________________________________
Тексеріс белгілеу актісі ____________________________________________
(күні, №)
Тексеріс жүргізілетін бақылау субъектісінің аты, әкесінің аты, тегі _____________________________________________________________________
Жеке идентификациялық нөмір (ЖИН) ___________________________________
Тексеріс жүргізілетін жердің мекенжайы ______________________________
Тексеріс жүргізілген кезең __________________________________________
Тексеріс жүргізу мерзімі ____________________________________________
(тексеріс жүргізу үшін кеткен күндер)
Тексерістің басталған және аяқталған кезі ___________________________
(күні, уақыты)

Та­лап­тар тіз­бе­сі
Ия
Жоқ
1
Же­ке сот орын­да­у­шы­ла­ры­ның ат­қа­ру­шы­лық іс-әре­кет­ті жа­сау ке­зін­де «Ат­қа­ру­шы­лық іс жүр­гі­зу және сот орын­да­у­шы­ла­ры­ның мәр­те­бе­сі ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Заң­ның та­лап­та­рын сақ­та­уы
2
Же­ке сот орын­да­у­шы­сы­ның кең­се­сін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Әді­лет ми­ни­стрі­нің м.а. 2010 жы­л­ғы 3 қа­ра­ша­да­ғы № 306 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген іс жүр­гі­зу ере­же­сін (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де 6628 нө­мі­рі­мен тір­кел­ген) сақ­та­уы
3
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әді­лет ми­ни­стрі­нің м.а. 2010 жы­л­ғы 3 қа­ра­ша­да­ғы № 307 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген же­ке сот орын­да­у­шы­сы кең­се­сі­нің ор­на­лас­қан же­ріне және жаб­дық­та­лу та­лап­та­рын (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де 6629 нө­мі­рі­мен тір­кел­ген) сақ­та­уы
4
Же­ке сот орын­да­у­шы­сы­ның аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лі­гін сақ­тан­ды­ру шар­ты­ның бо­луы
5
Же­ке сот орын­да­у­шы­сы­ның Кә­сі­би ар-на­мыс ко­дек­сін сақ­та­уы
6
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әді­лет ми­ни­стрі­нің м.а. 2010 жы­л­ғы 3 қа­ра­ша­да­ғы № 308 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген ат­қа­ру­шы­лық құ­жат­тар­ды орын­дау ке­зін­де тый­ым са­лын­ған мү­лік­ті са­ту ере­же­сін (Нор­ма­тив­ті құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де 6630 нө­мі­рі­мен тір­кел­ген) сақ­та­уы
7
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әді­лет ми­ни­стрі­нің м.а. 2010 жы­л­ғы 3 қа­ра­ша­да­ғы № 303 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген же­ке сот орын­да­у­шы­сын­да та­ғы­лым­да­ма­дан өту ере­же­сі­нің (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де 6625 нө­мі­рі­мен тір­кел­ген) та­лап­та­рын сақ­та­уы
8
Же­ке сот орын­да­у­шы­сы­ның әр­бір кө­мек­ші­сі­мен ең­бек шар­ты­ның бо­луы
9
Же­ке сот орын­да­у­шы­сы­на қа­ты­сты про­ку­рор­лық әре­кет ету ак­ті­сі­нің бол­мауы
10
Же­ке сот орын­да­у­шы­сы­на қа­ты­сты сот тәр­ті­бін­де жой­ы­л­ған, кей­ін заң­ды кү­шіне ен­ген ат­қа­ру­шы­лық әре­кет­тің, же­ке сот ұй­ға­рым­да­ры­ның бол­мауы
11
Ат­қа­ру­шы­лық іс-әре­кет­тер­ді жа­сау ке­зін­де же­ке сот орын­да­у­шы­ла­ры­ның қыз­ме­тіне (әре­кет­сіз­ді­гіне) же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың негіз­ді ша­ғы­мы­ның бол­мауы
12
Аза­мат­тар­ды қа­был­да­уды жү­зе­ге асы­ру
Лауазымды тұлғалар:
_________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты, тегі, лауазымы)             (қолы)
__________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты, тегі, лауазымы)             (қолы)
Бақылау субъектісі:
__________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты, тегі, лауазымы)             (қолы)

Қолданыстағы