Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Выдача разрешения на рекламу лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники"

Бұйрық · № 163 · қабылданған 20.03.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-72531/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Выдача разрешения на рекламу лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники" Күшін жойған Бұйрық ·№ 163 ·20.03.2013
26.05.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Выдача разрешения на рекламу лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 163 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Выдача разрешения на рекламу лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники"
Атауы (қаз.)
"Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
163
Қабылданған күні
20.03.2013
Көрсетілген редакция
26.05.2014 AI72531_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.05.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008441
ЭКБ идентификаторы
72531
Редакция идентификаторы
AI72531_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:27

0 "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

«Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына, «Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Д.С. Есімов):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3

3. «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 780 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8192 нөмірімен тіркелген) бұйрығының 1-тармағы 3) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.

4 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі
__________ А. Жұмағалиев
2013 жылғы 29 наурыз

9 «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2013 жылғы 3 наурыздағы
№ 163 бұйрығымен
бекітілген
«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру» электрондық мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – қызмет) «Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – қызмет беруші), халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб–порталы арқылы: www.e.gov.kz немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб–порталы арқылы көрсетеді.

2

2. Осы «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 156 қаулысымен бекітілген «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес әзірленді.

3 3. Көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызметтің автоматтандырылу деңгейі: ішінара автоматтандырылған.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету түрі: медиа-алшақтық.

5 5. Осы регламентте қолданылатын түсініктер:

1 1) ақпараттық жүйе (бұдан әрі - АЖ) - аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және ұсынуға арналған жүйе;

2 2) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) - біріккен кәсіпкерлік түрінде қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкілдік) және дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

3

3) «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ) – берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, жаңартылған және қолданылуын тоқтатқан лицензиялар, сондай-ақ лицензиарлар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын қызметтің лицензияланған түрін (кіші түрін) іске асыратын лицензиат филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;

4 4) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) – жеке тұлға үшін, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

5

5) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) – автоматтандырылған ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу үшін Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың бірыңғай сәйкестендіруін енгізу мақсатында Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тіркелімін құру және олар туралы өзекті және дәйекті мәліметтерді мемлекеттік басқару органдарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың құзыреті шеңберінде басқа да субъектілерге ұсыну үшін арналған ақпараттық жүйе;

6

6) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – ЗТ МДҚ) – автоматтандырылған ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу үшін Қазақстан Республикасында заңды тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіруді енгізу мақсатында Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тіркелімін құру және олар туралы өзекті және дәйекті мәліметтерді мемлекеттік басқару органдарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың құзыреті шеңберінде басқа да субъектілерге ұсыну үшін арналған ақпараттық жүйе;

7

7) Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі – Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, сондай-ақ тиісті министрліктермен және ведомстволармен (бұдан әрі – ХҚО АЖ) халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету процесін автоматтандыру үшін арналған ақпараттық жүйе;

8 8) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) – қызмет көрсету процесіне қатысатын мемлекеттік органдардың, мекемелердің құрылымдық бөлімшелерінің немесе өзге ұйымдар мен ақпараттық жүйелердің тізбесі;

9 9) пайдаланушы - өзіне қажет электронды ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект (тұтынушы, қызмет беруші);

10 10) транзакциялық қызмет - электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып өзара ақпарат алмасуды талап ететін пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну бойынша қызмет;

11 11) тұтынушы – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке немесе заңды тұлға;

12 12) электрондық құжат – ақпарат электрондық цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

13 13) электрондық мемлекеттік қызмет - ақпараттық технологияларды қолдана отырып электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

14 14) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге бірыңғай қолжетімділік терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

15 15) «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) – электрондық қызметтерді іске асыру шеңберінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерін ықпалдастыруға арналған ақпараттық жүйе;

16 16) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен дайындалған және электрондық құжаттың дәйектілігін, оның тиістілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жиыны.

2 2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қызмет берушінің қызмет тәртібі

6 6. ЭҮП арқылы қадамдық әрекеттер және шешімдер (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы) осы Регламетке 1-қосымшада келтірілген:

1 1) тұтынушы ЭҮП тіркелуді компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады (ЭҮП тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);

2 2) 1-процесс - тұтынушы компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының ЭҮП пароль енгізу процесі (іске қосу процесі);

3 3) 1-шарт – ЭҮП тіркелген тұтынушы туралы мәліметтің дұрыстығын логин (ЖСН/БСН) және пароль арқылы тексеру;

4 4) 2-процесс – тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты ЭҮП-да іске қосудан бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;

5

5) 3-процесс - тұтынушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және электрондық түрде қажетті құжаттардың сұратуына тіркелген оның құрылымдық және форматтық талаптарын ескере отырып, тұтынушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу);

6 6) 4-процесс – тұтынушының сұратуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

7 7) 2-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және қайтарылып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сұратуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру мәліметтерінің сәйкестігін ЭҮП-да тексеру;

8 8) 5-процесс - тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқасының расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

9 9) 6-процесс – қызмет көрсетуге арналған сұратудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) тұтынушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);

10 10) 7-процесс - электрондық құжатты (тұтынушының сұратуын) «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тіркеу және сұратуды «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да өңдеу;

11 11) 3-шарт – қызмет берушінің тұтынушының рұқсат беруге арналған біліктілік талаптары мен негіздемелеріне сәйкес келуін тексеруі;

12 12) 8-процесс - «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

13 13) 9-процесс – тұтынушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қалыптасқан қызмет нәтижесін алуы (дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру). Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.

7 7. Қызмет беруші арқылы қадамдық әрекеттер мен шешімдер (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы) осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген:

1 1) 1-процесс – мемлекеттік қызмет көрсету үшін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-ға қызмет беруші қызметкерінің логин мен парольді енгізуі (іске қосу процесі);

2 2) 1-шарт – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тіркелген қызмет берушінің қызметкері туралы мәліметтердің дұрыстығын логин және пароль арқылы тексеру;

3 3) 2-процесс – қызмет беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты іске қосудан бас тарту туралы «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да хабарламаны қалыптастыру;

4 4) 3-процесс – қызмет беруші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсетуге арналған сұратудың нысанын экранға шығару және қызмет беруші қызметкерінің тұтынушы деректерін енгізуі;

5 5) 4-процесс – тұтынушының деректері туралы сұратуды ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-ға жіберу;

6 6) 2-шарт - ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да тұтынушы деректерінің болуын тексеру;

7 7) 5-процесс - ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да тұтынушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;

8 8) 6-процесс – қағаз нысанындағы құжаттардың болуы туралы белгі бөлігінде сұрату нысанын толтыру және қызмет беруші қызметкерінің тұтынушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрату нысанына қоса тіркеуі;

9 9) 7-процесс - «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да сұратуды тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қызметті өңдеу;

10 10) 3-шарт – қызметті ұсынушының тұтынушының рұқсат беруге арналған біліктілік талаптары мен негіздемелеріне сәйкес келуін тексеруі;

11 11) 8-процесс - «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

12 12) 9-процесс – тұтынушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ қалыптасқан қызмет нәтижесін алуы (дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру). Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.

8 8. Орталық операторының ХҚО АЖ автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) арқылы қадамдық әрекеттері және шешімдері (қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 3 диаграммасы) осы Регламетке 1-қосымшада келтірілген:

1 1) 1-процесс – қызмет көрсету үшін Орталық операторының ХҚО АЖ АЖО логин және пароль енгізуі (іске қосу процесі);

2 2) 2-процесс – Орталық операторының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және Орталық операторының тұтынушы деректерін енгізуі;

3 3) 3-процесс – тұтынушының деректері туралы сұратуды ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-ға жіберу;

4 4) 1-шарт – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да тұтынушы деректерінің болуын тексеру;

5 5) 4-процесс – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да тұтынушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;

6

6) 5-процесс – Орталық операторының қағаз нысанындағы құжаттардың болуы туралы белгі бөлігінде сұрату нысанын толтыруы және тұтынушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі, оларды сұрату нысанына қоса тіркеуі және қызмет көрсетуге арналған сұратудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы куәландыруы;

7 7) 6-процесс – Орталық операторының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (тұтынушының сұратуы) ЭҮШ арқылы «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-ға жіберу;

8 8) 7-процесс – электрондық құжатты «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тіркеу;

9 9) 2-шарт – қызмет берушінің тұтынушының рұқсат беруге арналған біліктілік талаптары мен негіздемелеріне сәйкес келуін тексеруі;

10 10) 8-процесс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

11 11) 9-процесс – тұтынушының Орталық операторы арқылы «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ қалыптасқан қызмет нәтижесін алуы (дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру).

9 9. Қызмет көрсетуге арналған сұрату мен жауапты толтыру нысандары www.elicense.kz «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да келтірілген.

10 10. Тұтынушының электрондық мемлекеттік қызмет бойынша сұратудың орындалу жағдайын тексеру тәсілі: ЭҮП-да «Қызметтерді алу тарихнамасы» деген бөлімде, сондай-ақ қызмет берушіге жүгіну кезінде.

11

11. Электрондық мемлекеттік қызмет туралы ақпарат алу үшін, сондай-ақ олардың сапасын бағалау (оның ішінде шағымдану) қажет болған кездегі байланыс телефондары: 8 (7272) 71-32-89, электрондық мекенжайы: farmco.almaty@gmail.com 274-05-68, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» call-орталық ақпараттық-анықтама қызметінің телефоны бойынша (1414) хабарласуға болады.

3 3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

12 12. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын ҚФБ:

1 1) ЭҮП;

2 2) ЭҮШ;

3 3) «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ;

4 4) ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ;

5 5) ХҚО АЖ АЖО;

6 6) қызмет беруші.

13 13. Әрбір іс-әрекеттің орындалу мерзімі көрсетілген әрекеттердің (рәсімнің, қызметтің, операцияның) жүйелілігінің мәтіндік кесте сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

14 14. Әрекеттердің логикалық бірізділігі арасындағы өзара байланысты (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процесінде) олардың сипаттамаларына сәйкес көрсететін диаграмма осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.

15 15. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ұсынылуы тиіс нысандар, бланкілердің шаблондары стандартқа 2, 3, 4, 5,6-қосымшаларда келтірілген.

16 16. Мемлекеттік қызметті тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

17 17. Мемлекеттік қызметті тұтынушыға электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қойылатын талап - мемлекеттік қызметті тұтынушының құжаттарындағы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.

18 18. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің техникалық шарттары:

интернетке шығу;
рұқсат берілетін пайдаланушыларда ЖСН немесе БСН болуы;
ЭҮП іске қосу;
пайдаланушының ЭЦҚ болуы.

1 ЭҮП арқылы электронды мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы

«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру»
электрондық мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
ЭҮП арқылы электронды мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы
Қызмет беруші арқылы электронды мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы
ХҚКО АЖ АЖО арқылы электронды мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың № 3 диаграммасы
Шартты белгілер

2 1-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ әрекеттерін сипаттау

«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру»
электрондық мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
1-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ әрекеттерін сипаттау
Әре­кет­тің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ле­гі­нің) №
1
2
3
4
5
6
7
8
9
ҚФБ ата­уы
Тұ­ты­ну­шы
ЭҮП
Тұ­ты­ну­шы
Тұ­ты­ну­шы
ЭҮП
Тұ­ты­ну­шы
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ
Әре­кет (про­цесс, рә­сім, опе­ра­ция) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Тұ­ты­ну­шы ком­пью­те­рі­нің ин­тер­нет-бра­у­зе­ріне ЭЦҚ тір­кеу ку­ә­лі­гін бе­кі­ту
Тұ­ты­ну­шы де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ра­ды
Қыз­мет­ті таң­дай­ды және элек­трон­дық түр­де қа­жет­ті құ­жат­тар­ды бе­кі­те оты­рып сұ­ра­ту де­ректе­рін қа­лып­та­сты­ра­ды
ЭЦҚ ар­қы­лы сұ­ра­ту­ды ку­әлан­ды­ру (қол қою)
Тұ­ты­ну­шы ЭЦҚ түп­нұс­қа­сы­ның рас­тал­мауы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ра­ды
Сұ­ра­ту­ды ку­әлан­ды­ру (қол қою) үшін ЭЦҚ таң­дау
Элек­трон­дық құ­жат­ты «Е-ли­цен­зи­я­лау» МДҚ АЖ-да тір­кеу (тұ­ты­ну­шы­ның сұ­ра­туы және сұ­ра­ту­ды өң­деу
Тұ­ты­ну­шы де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
Элек­трон­дық құ­жат (рұқ­сат)
Аяқ­тау ны­са­ны (мә­лі­мет­тер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-бас­қа­ру­шы­лық ше­шім)
Сұ­ра­ту­дың сәт­ті қа­лып­та­суы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма көр­се­ту
Сұ­ра­ты­л­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
Сұ­ра­ту­дың сәт­ті қа­лып­та­суы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма көр­се­ту
Сұ­ра­ту­дың бағ­да­ры
Сұ­ра­ты­л­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
Сұ­ра­ту­дың бағ­да­ры
Өті­ніш­ке нө­мір бе­ре оты­рып сұ­ра­ту­ды тір­кеу
Сұ­ра­ты­л­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
Дә­рі­лік заттар­ды, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар мен ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны жар­на­ма­ла­у­ға рұқ­сат бе­ру
Орын­дау мер­зі­мі
10-15 сек
20 сек
1,5 мин
10-15 сек
10-15 сек
1,5 мин
1,5 мин
20 сек
1) Ор­та­лық­қа жү­гін­ген кез­де қыз­мет се­гіз жұ­мыс кү­нін құ­рай­ды.
Де­пар­та­мент қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі­нің аяқ­та­луы­на бір күн қал­ған­да ұсы­на­ды;
2) кү­ту­дің ең ұзақ уа­қы­ты – жиыр­ма ми­нут­тан ас­пай­ды;
3) қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­ле­тін ең ұзақ уа­қы­ты – жиыр­ма ми­нут­тан ас­пай­ды;
4) Пор­тал­ға жү­гін­ген кез­де қыз­мет се­гіз жұ­мыс кү­ні ішін­де көр­се­ті­ле­ді
Ке­ле­сі әре­кет­тің нө­мі­рі
2 – егер алушы­ның де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар бол­са, 3 - егер іс­ке қо­су сәт­ті өт­се
-
4
5 – егер ЭЦҚ қа­те бол­са, 6 – егер ЭЦҚ қа­те­сіз бол­са
-
-
9 – қыз­мет бе­ру­ші­нің алушы­ның бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на және ли­цен­зия бе­ру үшін негіз­де­ме­лер­ге сәй­кест­і­гін тек­се­руі
-
-
2-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ әрекеттерін сипаттау
Әре­кет­тің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ле­гі­нің) №
1
2
3
4
5
6
7
8
9
ҚФБ ата­уы
Қыз­мет бе­ру­ші
«Е-ли­цен­зи­я­лау» МДҚ АЖ
Қыз­мет бе­ру­ші
ЖТ МДҚ/ ЗТ МДҚ
ЖТ МДҚ/ ЗТ МДҚ
Қыз­мет бе­ру­ші
«Е-ли­цен­зи­я­лау» МДҚ АЖ
«Е-ли­цен­зи­я­лау» МДҚ АЖ
«Е-ли­цен­зи­я­лау» МДҚ АЖ
Әре­кет (про­цесс, рә­сім, опе­ра­ция) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
«Е-ли­цен­зи­я­лау» МДҚ АЖ іс­ке қо­сы­ла­ды
Де­ректер­де бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ра­ды
Қыз­мет бе­ру­ші қыз­мет­ке­рі­нің қыз­мет­ті таң­да­уы
Тұ­ты­ну­шы­ның де­ректе­рін тек­се­ру үшін ЖТ МДҚ, ЗТ МДҚ сұ­ра­ту жол­дау
Де­ректер­де бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ра­ды
Құ­жат­тар­ды бе­кі­те оты­рып сұ­ра­ту ны­са­нын тол­ты­ру
Элек­трон­дық құ­жат­ты «Е-ли­цен­зи­я­лау» МДҚ АЖ тір­кеу және қыз­мет­ті ДҚБЖ-да өң­деу
«Е-ли­цен­зи­я­лау» МДҚ АЖ тұ­ты­ну­шы де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы­на бай­ла­ны­сты сұ­ра­ты­л­ған қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
Элек­трон­дық құ­жат (рұқ­сат)
Аяқ­тау ны­са­ны (мә­лі­мет­тер, құ­жат ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық бас­қа­ру­шы­лық ше­шім)
Сұ­ра­ту­дың сәт­ті қа­лып­та­суы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны көр­се­ту
Сұ­ра­ты­л­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ру
Сұ­ра­ту­дың сәт­ті қа­лып­та­суы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма көр­се­ту
Сұ­ра­ту­дың бағ­да­ры
Сұ­ра­ты­л­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ру
Сұ­ра­ту­дың сәт­ті қа­лып­та­суы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма көр­се­ту
Өті­ніш­ке нө­мір бе­ре оты­рып сұ­ра­ту­ды жүй­е­де тір­кеу
Сұ­ра­ты­л­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ру
Дә­рі­лік заттар­ды, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар мен ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны жар­на­ма­ла­у­ға рұқ­сат бе­ру
Орын­дау мер­зі­мі
10-15 сек
10 сек
1,5 мин
1,5 мин
1,5 мин
10-15 сек
1,5 мин
-
1. Ор­та­лық­қа жү­гін­ген кез­де қыз­мет се­гіз жұ­мыс кү­нін құ­рай­ды
Де­пар­та­мент қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі­нің аяқ­та­луы­на бір күн қал­ған­да ұсы­на­ды.
2) кү­ту­дің ең ұзақ уа­қы­ты – жиыр­ма ми­нут­тан ас­пай­ды;
3) қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­ле­тін ең ұзақ уа­қы­ты – жиыр­ма ми­нут­тан ас­пай­ды;
4) Пор­тал­ға жү­гін­ген кез­де қыз­мет се­гіз жұ­мыс кү­ні ішін­де көр­се­ті­ле­ді.
Ке­ле­сі әре­кет­тің нө­мі­рі
1 - «Е-ли­цен­зи­я­лау» МДҚ АЖ қыз­мет бе­ру­ші қыз­мет­ке­рі­нің ло­ги­ні мен па­ро­лі де­ректе­рі­нің дұ­ры­стығ­ын тек­се­ру
-
4
5 – егер алушы де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар бол­са, 6 - егер іс­ке қо­су сәт­ті өт­се
-
-
8 - егер «Е-ли­цен­зи­я­лау» МДҚ АЖ сұ­ра­ту бой­ын­ша де­ректер бол­ма­са, 9-егер сұ­ра­ту бой­ын­ша де­ректер та­был­са
-
-
3-кесте. Орталық арқылы ҚФБ әрекеттерін сипаттау
Әре­кет­тің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ле­гі­нің) №
1
2
3
4
5
6
7
8
9
ҚФБ ата­уы
ХҚКО АЖ АЖО
Ор­та­лық­тың опе­ра­то­ры
Ор­та­лық­тың опе­ра­то­ры
ЖТ МДҚ, ЗТ МДҚ
Ор­та­лық­тың опе­ра­то­ры
Ор­та­лық­тың опе­ра­то­ры
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ
Ор­та­лық­тың опе­ра­то­ры
Әре­кет (про­цесс, рә­сім, опе­ра­ция) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Ло­гин және па­роль бой­ын­ша Ор­та­лық­тың опе­ра­то­ры іс­ке қо­сы­ла­ды
Қыз­мет­ті таң­дай­ды және сұ­ра­ту­дың мә­лі­мет­те­рін қа­лып­та­сты­ра­ды
ЖТ МДҚ, ЗТ МДҚ сұ­ра­ту­ды жол­дай­ды
Тұ­ты­ну­шы­ның мә­лі­мет­те­рі жоқ­тығ­ы­на бай­ла­ны­сты мә­лі­мет­тер­ді алу мүм­кін­ді­гі жоқ ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ра­ды
Сұ­ра­ту­ды қа­жет­ті құ­жат­тар­ды тір­ке­лу­і­мен тол­ты­ру және ЭЦҚ ку­әлан­ды­ру
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ
АЖ опе­ра­тор­дың ЭЦҚ ку­әлан­ды­ры­л­ған (қол қой­ы­л­ған) құ­жат­тың ата­уы
Құ­жат­ты тір­кеу
Тұ­ты­ну­шы де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
Элек­трон­дық құ­жат (рұқ­сат)
Аяқ­тау ны­са­ны (мә­лі­мет­тер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-бас­қа­ру­шы­лық ше­шім)
Өті­ніш нө­мі­рі бе­рі­лу­і­мен жүй­е­де сұ­ра­ту­ды тір­кеу
Сұ­ра­ту­дың сәт­ті қа­лып­та­суы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма көр­се­ту
Сұ­ра­ту­дың бағ­да­ры
Дәлел­ді бас тар­ту­ды қа­лып­та­сты­ру
Сұ­ра­ту­дың сәт­ті қа­лып­та­суы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма көр­се­ту
Сұ­ра­ту­дың бағ­да­ры
Өті­ніш нө­мі­рі бе­рі­лу­і­мен жүй­е­де сұ­ра­ту­ды тір­кеу
Дәлел­ді бас тар­ту­ды қа­лып­та­сты­ру
Дә­рі­лік заттар­ды, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар мен ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны жар­на­ма­ла­у­ға рұқ­сат бе­ру
Орын­дау мер­зі­мі
30 сек-1 ми­нут
30 сек
1,5 мин
1,5 мин
30 сек-1 ми­нут
1 ми­нут
1 ми­нут
30 сек-1 ми­нут
1. Ор­та­лық­қа жү­гін­ген кез­де қыз­мет се­гіз жұ­мыс кү­нін құ­рай­ды
Де­пар­та­мент қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі­нің аяқ­та­луы­на бір күн қал­ған­да ұсы­на­ды.
2) кү­ту­дің ең ұзақ уа­қы­ты – жиыр­ма ми­нут­тан ас­пай­ды;
3) қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­ле­тін ең ұзақ уа­қы­ты – жиыр­ма ми­нут­тан ас­пай­ды;
4) Пор­тал­ға жү­гін­ген кез­де қыз­мет се­гіз жұ­мыс кү­ні ішін­де көр­се­ті­ле­ді
Ке­ле­сі әре­кет­тің нө­мі­рі
2
-3
4 - егер тұ­ты­ну­шы­ның де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар бол­са, 5-егер бұ­зу­шы­лық­тар жоқ бол­ма­са
-
-
-
8-егер бұ­зу­шы­лық­тар бар бол­са, 9-бұ­зу­шы­лық­тар бол­ма­са
-
-

3 Электрондық мемлекеттік қызметтің «сапа» және «қолжетімділік» көрсеткіштерін анықтауға арналған сауалнама _____________________________________________________________ (қызмет атауы)

«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру»
электрондық мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша
Нысан
Электрондық мемлекеттік қызметтің «сапа» және
«қолжетімділік» көрсеткіштерін анықтауға арналған сауалнама
_____________________________________________________________
(қызмет атауы)

1 1. Сіз электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сапасына және нәтижесіне қанағаттанасыз ба?

1 1) қанағаттанбадым;

2 2) ішінара қанағаттандым;

3 3) қанағаттандым.

2 2. Сіз электрондық мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат сапасына қанағаттанасыз ба?

1 1) қанағаттанбадым;

2 2) ішінара қанағаттандым;

3 3) қанағаттандым.

Қолданыстағы