Құжат мәтініне өту

Об утверждении схемы зонирования земель для целей налогообложения и процентах повышения (понижения) базовых ставок земельного налога

Өзге акт · № 5C-13/4-13 · қабылданған 27.03.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-72535/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении схемы зонирования земель для целей налогообложения и процентах повышения (понижения) базовых ставок земельного налога Күшін жойған Өзге акт ·№ 5C-13/4-13 ·27.03.2013
07.03.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении схемы зонирования земель для целей налогообложения и процентах повышения (понижения) базовых ставок земельного налога

Күшін жойған Өзге акт ·№ 5C-13/4-13 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении схемы зонирования земель для целей налогообложения и процентах повышения (понижения) базовых ставок земельного налога
Атауы (қаз.)
Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздары және салық салу мақсаттары үшін жерлерді аймақтарға бөлу сызбанұсқасын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5C-13/4-13
Қабылданған күні
27.03.2013
Көрсетілген редакция
07.03.2014 72535_185614.kaz
Соңғы өзгеріс
07.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13BI003721
ЭКБ идентификаторы
72535
Редакция идентификаторы
72535_185614
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:25

0 Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздары және салық салу мақсаттары үшін жерлерді аймақтарға бөлу сызбанұсқасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8 бабына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387 бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Салық салу мақсаттары үшін Ерейментау қаласы бойынша аймақтарға бөлу сызбанұсқасы және аймақтар шекарасының сипаттамасы 1 және 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

2 2. Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздары 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

Аталған жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздары автотұрақтарға (паркингтер) және жанар-жағар май құю станцияларына бөлінген жер учаскелеріне қолданылмайды.

3

3. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау қаласының жерін аймақтандыру сызбанұсқасын және жер учаскелерінің салық салу мақсатына арналған кадастрлық (бағалау) құнының базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" 2005 жылғы 29 наурыздағы № С-16/12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 7 сәуірдегі № 1-9-5 болып тіркелген, 2005 жылғы 7 мамырында "Ереймен" аудандық газетінде, 2005 жылғы 7 мамырдағы "Ерейментау" аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

"КЕЛІСІЛДІ"
Ерейментау ауданының әкімі А.Қалжанов
"Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Ақмола
облысы бойынша Салық
департаментінің Ерейментау
ауданы бойынша Салық
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Т.Ахметуллин

5 Ерейментау аудандық мәслихатының

2013 жылғы 27 наурыздағы
№ 5С-13/4-13 шешіміне
1 қосымша

6 Салық салу мақсаты үшін Ерейментау қаласы аумағының аймақ шекараларының мінездемесі

Ерейментау аудандық мәслихатының
2013 жылғы 27 наурыздағы
№ 5С-13/4-13 шешіміне
2 қосымша
Салық салу мақсаты үшін Ерейментау қаласы аумағының аймақ шекараларының мінездемесі
№ р/р аймақтар
Аймақ шекаралары
I-т
Тұрғын үй аймағы Ерейментау қаласының орталық бөлігінде орналасқан. Солтүстіктен Кенесары Қасымов көшесімен, шығыстан Аманжол Әлжанов көшесімен, батыстан Мира көшесімен, ал оңтүстікте Ерейментау қаласының шекарасына дейін шектескен
II-т
Тұрғын үй аймағы Ерейментау қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Солтүстіктен Кенесары Қасымов көшесімен, шығыстан Мира көшесімен, батыста Ерейментау қаласының шекарасына дейін, ал оңтүстікте Ерейментау қаласының шекарасына дейін шектескен
III-т
Тұрғын үй аймағы Ерейментау қаласының орталық шығысында орналасқан. Солтүстіктен Кенесары Қасымов көшесімен, шығыстан Зеленый хутор көшесімен, батыстан Аманжол Әлжанов көшесімен, ал оңтүстікте Ерейментау қаласының шекарасына дейін шектескен
IV-т
Тұрғын үй аймағы Ерейментау қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстіктен темір жолдармен, батыстан Зеленый хутор көшесімен, оңтүстікте Ерейментау қаласының шекарасына дейін, ал шығыста Ерейментау қаласының шекарасына дейін шектескен
V-т
Тұрғын үй аймағы Ерейментау қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан. Оңтүстіктен темір жолдармен, батыстан II өндірістік аймақпен, шығыстан III өндірістік аймақпен, ал солтүстікте Ерейментау қаласының шекарасына дейін шектескен
VI-т
Тұрғын үй аймағы Ерейментау қаласының орталық бөлігінде орналасқан. Батыстан, солтүстіктен және шығыстан III өндірістік аймақпен, ал оңтүстіктен темір жолдармен шектескен
VII-т
Тұрғын үй аймағы Ерейментау қаласының шығыс бөлігінде орналасқан. Оңтүстіктен темір жолдармен, батыста, солтүстікте және шығыста III және IV өндірістік аймақтармен шектескен
I-ө
Өндірістік аймақ созылыңқы пішін үйлесімімен Ерейментау қаласының орталық бөлігінде орналасқан. Солтүстікте темір жолдармен, оңтүстікте Кенесары Қасымов көшесімен, шығыста Ерейментау қаласының шекарасына дейін, батыста IV тұрғын үй аймағымен шектескен
II-ө
Өндірістік аймақ Ерейментау қаласының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Шығыста V тұрғын үй аймағымен, оңтүстікте темір жолдармен, солтүстік және батыста Ерейментау қаласының шекарасына дейін шектескен
III-ө
Өндірістік аймақ Ерейментау қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан. Оңтүстікте VI тұрғын үй аймағымен, батыста V тұрғын үй аймағымен, шығыста VII тұрғын үй аймағымен, солтүстікте Ерейментау қаласының шекарасына дейін шектескен
IV-ө
Өндірістік аймақ Ерейментау қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. VII тұрғын үй аймағымен, оңтүстікте, шығыста, солтүстікте Ерейментау қаласының шекарасына дейін шектескен

7 Жер салығы базалық мөлшерлемесінің арттыру (төмендету) пайыздары

Ерейментау аудандық мәслихатының
2013 жылғы 27 наурыздағы
№ 5С-13/4-13 шешіміне
3 қосымша
Жер салығы базалық мөлшерлемесінің арттыру (төмендету) пайыздары
Аймақ нөмірлері
Жер салығы базалық мөлшерлемесінің арттыру (+), төмендету (-) пайыздары
I-т
+ 40
II-т
+ 20
III-т
+ 20
IV-т
0
V-т
0
VI-т
0
VII-т
0
I-ө
+ 20
II-ө
0
III-ө
0
IV-ө
-10

Қолданыстағы