Құжат мәтініне өту

Об изменениях в административно-территориальном устройстве города Павлодара Павлодарской области

Қаулы · № 156/17 · қабылданған 12.04.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-72550/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об изменениях в административно-территориальном устройстве города Павлодара Павлодарской области Қолданыста Қаулы ·№ 156/17 ·12.04.2013
12.04.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об изменениях в административно-территориальном устройстве города Павлодара Павлодарской области

Қолданыста Қаулы ·№ 156/17 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изменениях в административно-территориальном устройстве города Павлодара Павлодарской области
Атауы (қаз.)
Павлодар облысы Павлодар қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
156/17
Қабылданған күні
12.04.2013
Көрсетілген редакция
12.04.2013 72550_166586.kaz
Соңғы өзгеріс
12.04.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13P0003534
ЭКБ идентификаторы
72550
Редакция идентификаторы
72550_166586
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:17

0 Павлодар облысы Павлодар қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Әкімшілік реформалар жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2013 жылғы 28 ақпандағы отырысының хаттамалық тапсырмасы, "Павлодар ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Павлодар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 70/3 қаулысы және Павлодар ауданы мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 14/91 шешімі, "Павлодар қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Павлодар қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 409/2 қаулысы және Павлодар қалалық мәслихатының 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 120/17 шешімі негізінде, Павлодар ауданының Жетекші ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Павлодар қаласының әкімшілік-аумақтық құрылымына келесі өзгеріс енгізілсін:

жалпы ауданы 2111,0 гектар болатын аумағын Павлодар облысы Павлодар қаласының құрамына енгізу арқылы Павлодар ауданының Жетекші ауылы таратылып, есепті деректерден шығарылсын.

2 2. Павлодар қаласының әкімдігіне Павлодар облысы әкімдігінің қаулысы мен Павлодар облыстық мәслихатының шешімін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы комиссияның келісімдеуіне енгізу тапсырылсын.

3 3. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының
Өңірлік даму министрі
Б. Сағынтаев

Қолданыстағы