Құжат мәтініне өту

Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева

Қаулы · № 118 · қабылданған 02.05.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-72593/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева Күшін жойған Қаулы ·№ 118 ·02.05.2013
02.05.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева

Күшін жойған Қаулы ·№ 118 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева
Атауы (қаз.)
Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері және оңтайлы себу мерзімдерін анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
118
Қабылданған күні
02.05.2013
Көрсетілген редакция
02.05.2013 72593_217351.kaz
Соңғы өзгеріс
02.05.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13NL004130
ЭКБ идентификаторы
72593
Редакция идентификаторы
72593_217351
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:08

0 Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері және оңтайлы себу мерзімдерін анықтау туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері 2013 жылғы 18 сәуірден бастап 9 маусымға дейін анықталсын.

2 2. Оңтайлы себу мерзімдері анықталсын:

1 1) жазғы егіс, сұлы 15 мамырдан бастап 31 мамырға дейін;

2 2) арпа, тары 20 мамырдан бастап 5 маусымға дейін;

3 3) қарақұмық және астық дақылдары 20 мамырдан бастап 31 мамырға дейін;

4 4) аймақтық ғылыми–негізделген агротехнологияларды сақтап дәнді дақылдар 15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін;

5 5) майлы дақылдар 18 мамырдан бастап 30 мамырға дейін;

6 6) жемшөптік (ағымдағы жылдың біржылдық, көпжылдық шөптері) 15 мамырдан бастап 10 маусымға дейін;

7 7) сүрлемдік жүгері мен күнбағыс 15 мамырдан бастап 31 мамырға дейін;

8 8) бірінші, екінші және үшінші өсіру жылдарындағы жемшөптік, көпжылдық бұршақтұқымдас шөптер (бірінші мерзім) 1 мамырдан бастап 31 мамырға дейін, (екінші мерзім) 5 шілдеден бастап 10 қыркүйекке дейін;

9 9 ) күздік дақылдар 25 тамыздан бастап 10 қыркүйекке дейін;

10 10) көкөніс бақша дақылдары 25 сәуірден бастап 10 маусымға дейін;

11 11) картоп 10 мамырдан бастап 31 мамырға дейін;

12 12) шабындық жерлерді шалғындандыру үшін егілген көпжылдық шөптер (бірінші мерзім) 1 мамырдан бастап 31 мамырға дейін, (екінші мерзім) 5 шілдеден бастап 10 қыркүйекке дейін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.А. Кәкімжановқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 18 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.

Қолданыстағы