Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Сарканском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Сарканском районе
- Атауы (қаз.)
- Сарқан ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 213
- Қабылданған күні
- 16.04.2013
- Көрсетілген редакция
- 03.08.2016 72627_200370.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13DQ002354
- ЭКБ идентификаторы
- 72627
- Редакция идентификаторы
- 72627_200370
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:16
0 Сарқан ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік құқығына қарамастан, Сарқан ауданының ұйымдары мен мекемелерінде, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш процент мөлшерінде квота белгіленсін.
2. Сарқан ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 наурыздағы "Сарқан ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 128 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 12 сәуірінде 2-17-112 нөмірімен тіркелген, 2012 жылдың 28 сәуірдегі Сарқан аудандық "Сарқан" газетінің 17-18 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.