Об изменениях в административно-территориальном устройстве Павлодарской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменениях в административно-территориальном устройстве Павлодарской области
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық кұрылысындағы өзгерістер туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 155/17
- Қабылданған күні
- 12.04.2013
- Көрсетілген редакция
- 12.04.2013 72631_166545.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.04.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13P0003533
- ЭКБ идентификаторы
- 72631
- Редакция идентификаторы
- 72631_166545
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:17
0 Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық кұрылысындағы өзгерістер туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Әкімшілік реформалар жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2013 жылғы 28 ақпандағы отырысының хаттамалық тапсырмасы, "Павлодар облысы Ақсу өңірінің әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Ақсу қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 193/2 қаулысы және Ақсу қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы № 111/14 шешімі, "Ақтоғай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы кейбір өзгерістер туралы" Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 67/1 қаулысы және Ақтоғай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 наурыздағы № 60/14 шешімі, "Баянауыл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріс туралы" Баянауыл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 8 сәуірдегі № 115/04 қаулысы және Баянауыл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 8 сәуірдегі № 86/15 шешімі, "Железин ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымдарын оңтайландыру бойынша кейбір мәселелер туралы" Железин ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 119/4 қаулысы және Железин аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 101-5/13 шешімі, "Ертіс ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгерістер туралы" Ертіс ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 166/2 қаулысы және Ертіс аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 64-16-5 шешімі, "Качир ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын оңтайландыру бойынша кейбір мәселелер туралы" Качир аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 77/3 қаулысы және Качир аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 3/12 шешімі, "Павлодар облысы Лебяжі ауданының Қазы ауылдық округін тарату туралы" Лебяжі аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 100/16 қаулысы және Лебяжі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 наурыздағы № 1/14 шешімі, "Павлодар ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Павлодар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 76/3 қаулысы және Павлодар ауданы мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 14/92 шешімі, "Успен ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы кейбір өзгерістері туралы" Успен ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 132/4 қаулысы және Успен аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 73/14 шешімі, "Шарбақты ауданының кейбір ауылдық округтерінің әкімшілік-аумақтық құрылымдарына өзгерістер енгізу туралы" Шарбақты ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 28 наурыздағы № 120/3 қаулысы және Шарбақты аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 72/22 шешімі, "Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Екібастұз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 270/3 қаулысы және Екібастұз қалалық мәслихатының 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 110/14 шешімі негізінде, аталған елді мекендер тұрғындарының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық құрылымына келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) Ақсу қаласы бойынша:
Ақсу кенті Ақсу қаласының әкімшілік бағынысына;
Үштерек ауылы Ақсу қаласының Евгеньевка ауылдық округінің әкімшілік бағынысына енгізілсін;
құрамына Айнакөл және Жолқұдық ауылдық округтерін енгізу арқылы Алғабас ауылын Ақсу қаласының аталған ауылдық округінің орталығы ретінде бекіте отырып, Алғабас ауылдық округі;
құрамына Ақжол ауылдық округін енгізу арқылы Қалқаман ауылын Ақсу қаласының аталған ауылдық округінің орталығы ретінде бекіте отырып, Қалқаман ауылдық округі құрылсын;
құрамына Ақсу қаласының Сарышығанақ ауылдық округінің аумағын енгізе отырып, Қызылжар ауылдық округінің;
құрамына Ақсу қаласының Еңбек және Құркөл ауылдық округтерінің аумақтарын енгізе отырып, Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің;
құрамына Ақсу қаласының Пограничный ауылдық округінің аумағын енгізе отырып, Достық ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін;
2 2) Ақтоғай ауданы бойынша:
Ақтоғай ауданының Ақтоғай ауылын ауылдық округтің орталығы ретінде белгілеп, Приреченск ауылдық округінің Жоламан, Қамбар, Приреченск және Тортай ауылдары Ақтоғай ауылдық округінің құрамына;
Ақтоғай ауданының Андрияновка ауылын ауылдық округтің орталығы ретінде белгілеп, Барлыбай ауылы және Барлыбай ауылдық округі Разумовка ауылдық округінің құрамына енгізілсін;
Ақтоғай ауданының келесі ауылдық округтері:
Приреченск ауылдық округі;
Барлыбай ауылдық округі таратылып, есепті деректерден шығарылсын;
3 3) Баянауыл ауданы бойынша:
аумағын Баянауыл ауданының Қызылтау ауылдық округінің құрамына енгізу арқылы Лекер ауылы және Лекер ауылдық округі таратылып, есепті деректерден шығарылсын;
4 4) Железин ауданы бойынша:
Еңбекші ауылдық округімен біріктіру жолымен Уәлиханов ауылдық округі таратылсын және Железин ауданының Еңбекші ауылы ауылдық округтің орталығы болып белгіленсін;
5 5) Ертіс ауданы бойынша:
Тоқта ауылы мен оның аумағын оған қосу жолымен Ертіс ауданының Панфилов ауылы Панфилов ауылдық округі болып қайта құрылсын және Панфилов ауылы Панфилов ауылдық округінің орталығы болып белгіленсін;
Қызылқақ ауылы мен оның аумағын оған қосу жолымен Ертіс ауданының Қоскөл ауылы Қоскөл ауылдық округі болып қайта құрылсын және Қоскөл ауылы Қоскөл ауылдық округінің орталығы болып белгіленсін;
6 6) Қачиры ауданы бойынша:
аумағын Воскресенка ауылдық округінің құрамына енгізу жолымен Березовка ауылдық округі таратылып, есепті деректерден шығарылсын және Качиры ауданының Воскресенка ауылы ауылдық округтің орталығы болып белгіленсін;
аумағын Верненка ауылдық округіне жатқызу жолымен Коммунар ауылдық округі таратылып, есепті деректерден шығарылсын және Качиры ауданының Львовка ауылы ауылдық округтің орталығы болып белгіленсін;
7 7) Лебяжі ауданы бойынша:
Лебяжі ауданының Қазы ауылдық округі таратылсын және есепті деректерден шығарылсын;
құрамына Қазы ауылын енгізу арқылы Малыбай ауылдық округі қайта құрылсын және Лебяжі ауданының Малыбай ауылы ауылдық округтің орталығы болып белгіленсін;
8 8) Павлодар ауданы бойынша:
Шақат ауылдық округімен біріктіру жолымен Маралды ауылдық округі есепті деректерден шығарылу арқылы таратылсын және Павлодар ауданының Шақат ауылы ауылдық округтің орталығы болып белгіленсін;
Чернорецк ауылдық округімен біріктіру жолымен Пресное ауылы есепті деректерден шығарылу арқылы таратылсын және Павлодар ауданының Чернорецк ауылы ауылдық округтің орталығы болып белгіленсін;
9 9) Успен ауданы бойынша:
Успен ауданының Ольгин ауылдық округі таратылсын және есепті деректерден шығарылсын;
Белоусов ауылы Успен ауылдық округінің құрамынан шығарылсын;
құрамына Белоусов, Ольгин, Тимирязев, Ольхов ауылдарын енгізу арқылы Белоусов ауылдық округі құрылсын, Успен ауданының Белоусов ауылы ауылдық округтің орталығы болып белгіленсін;
10 10) Шарбақты ауданы бойынша:
осы аумақтың шекараларында бір ауылдық округтің құрылуымен Назаровка және Алексеевка ауылдық округтері біріктірілсін, ауылдық округтің атауы "Алексеевка ауылдық округі" болып, Шарбақты ауданының Алексеевка ауылы ауылдық округтің орталығы болып белгіленсін;
осы аумақтың шекараларында бір ауылдық округтің құрылуымен Қарабидай және Татьяновка ауылдық округтері біріктірілсін, ауылдық округтің атауы "Татьяновка ауылдық округі" болып, Шарбақты ауданының Малиновка ауылы ауылдық округтің орталығы болып белгіленсін;
осы аумақтың шекараларында бір ауылдық округтің құрылуымен Ильичевка және Сынтас ауылдық округтері біріктірілсін, ауылдық округтің атауы "Сынтас ауылдық округі" болып, Шарбақты ауданының Сынтас ауылы ауылдық округтің орталығы болып белгіленсін;
11 11) Екібастұз қаласы бойынша:
Екібастұз қаласының Өлеңті ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
Тай, Талдықамыс және Көксиыр ауылдары жер пайдалану шегіндегі аумағымен бірге Екібастұз ауылдық округінің әкімшілік бағынысына берілсін.