Об установлении квоты рабочих мест для отдельных категории граждан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для отдельных категории граждан
- Атауы (қаз.)
- Азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 120
- Қабылданған күні
- 15.04.2013
- Көрсетілген редакция
- 04.11.2015 72633_76552.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13SI002287
- ЭКБ идентификаторы
- 72633
- Редакция идентификаторы
- 72633_76552
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:16
0 Азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-2), 5-5), 5-6) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жұмыс орындарына квота белгіленсін:
қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін;
бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін;
интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін;
мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
2 2. Күші жойылды деп танылсын:
1
1) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 22 мамырдағы № 176 «Мағжан Жұмабаев ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектер үшін квоталы жұмыс орындарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік Тізілімінде № 13-9-96 бойынша тіркелген, 2009 жылғы 19 маусымдағы «Мағжан жұлдызы», «Вести» аудандық газеттерінде жарияланған) қаулысы;
2
2) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 494 «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік Тізілімінде № 1989 бойынша тіркелген, 2012 жылғы 21 желтоқсандағы «Мағжан жұлдызы», «Вести» аудандық газеттерінде жарияланған) қаулысы.