Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи разрешения на рекламу лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники в Республике Казахстан

Бұйрық · № 167 · қабылданған 20.03.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-72644/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи разрешения на рекламу лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники в Республике Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 167 ·20.03.2013
20.02.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи разрешения на рекламу лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники в Республике Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 167 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи разрешения на рекламу лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники в Республике Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
167
Қабылданған күні
20.03.2013
Көрсетілген редакция
20.02.2015 AI72644_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008444
ЭКБ идентификаторы
72644
Редакция идентификаторы
AI72644_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:27

0 Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының кодексінің 18-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес денсаулық саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Д.С. Есімов):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2013 жылғы 20 наурыздағы
№ 167 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 18-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорын (бұдан әрі – ЕЛ МДҚ) пайдалана отырып Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру тәртібін айқындайды.

2 2. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беруді «Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – Департамент) жүзеге асырады.

3

3. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат берудің міндетті шарты дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы (бұдан әрі – сараптама ұйымы) жарнамалық материалдарға алдын ала сараптама жүргізу болып табылады.

4

4. Жарнамалауға рұқсат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1262 қаулысымен бекітілген «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру» мемлекеттік Стандартқа (бұдан әрі – Стандарт) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзіміне беріледі.

5

5. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамаланатын қасиеттері мен сипаттамалары жарнама түріне қарамастан мемлекеттік тіркеу кезінде уәкілетті орган бекіткен медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулыққа, медицина техникасына арналған пайдалану құжатына сәйкес келуі қажет.

6 6. Жарнамалық үлгілер ретінде таралатын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника Қазақстан Республикасында тіркелуі және медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен, пайдалану құжатымен (медицина техникасы үшін) сүйемелденуі тиіс.

7 7. Осы Қағида егер онда дәрілік препараттарға жанама сілтемелері болмаған жағдайда төменде көрсетілген:

1 1) адам денсаулығына немесе ауруларына қатысы бар ақпаратқа;

2 2) медицинада қолдану жөніндегі нұсқаулыққа, саудалық каталогтарында, прайс-парақтарға, анықтамалық материалдарға, ғылыми-ақпараттық материалдарға, медициналық сипаттағы әдістемелік және оқу материалдары;

3 3) дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіретін немесе жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға туралы ақпарат;

4

4) медицина және фармацевтика қызметкерлері арасында таралатын өнеркәсіп өніміне логотип, саудалық және/немесе халықаралық патенттелмеген атау жабыстыру (қалам, блокнот, сөмке, медициналық халаттар және басқалары) құрамында дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника туралы жарнамалық ұйғарымдар болмаса таралмайды.

8 8. Жарнама таратушы жарнама беруші Департамент берген жарнамаға рұқсатты ұсынғаннан кейін ғана жарнаманы орналастырады.

9

9. Рецепт бойынша босатылатын, сондай-ақ есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды қамтитын және Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес бақылауда жатқан дәрілік заттардың жарнамасы тек медицина және фармацевтика қызметкерлеріне (бұдан әрі - мамандар) арналған мамандандырылған баспасөз басылымдарында ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Рецептісіз босатылатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымның және медициналық техниканың жарнамасы бұқаралық ақпарат құралдарында және денсаулық сақтау ұйымдарында жүзеге асырылуы мүмкін және тұрғындар үшін көзделген.

10 10. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1

1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасы – кез келген құралдар арқылы кез келген нысанда таратылатын және орналастырылатын, медицина, фармацевтика қызметкерлеріне және халыққа арналған, олардың дамуы мен өткізілуіне ықпал ететін дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника туралы жеке мәліметтерді немесе мәліметтер жиынтығын қамтитын ақпарат;

2 2) ғылыми-ақпараттық материал – ғылыми мақалалар, әдістемелік нұсқаулар, оқу құралдары нысанында таралатын ғылыми және талдау деректерін қамтитын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника туралы мәліметтер немесе мәліметтер жиынтығы;

3 3) жарнамалық слоган – жарнамалық ұран ретінде бір қарап оқылатын жарнамалық үндеудің негізгі ойын айқындайтын фраза;

4 4) жарнамаға рұқсат – жарнаманы тарату және орналастыру құқығын растайтын Департамент беретін құжат;

5 5) өтініш беруші – жеке немесе заңды тұлға (өндіруші-ұйым, дистрибьютор, өкілдік) немесе олардың жарнамаға рұқсат алуға өтініш, құжаттар және материалдар беруге уәкілетті сенімді тұлғасы;

6 6) жарнамалық материал – өтініш берушіден және мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасына алдын ала сараптама жүргізу кезінде қолданылатын құжаттар мен материалдар;

7

7) жарнамалық материалға алдын ала сараптама жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды - дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның және медициналық техниканың жарнамалық материалдарына алдын ала сараптама нәтижелерін және Қазақстан Республикасында жарнаманы шығару, тарату, орналастыру және пайдалану туралы ұсынымдарды қамтитын сараптама ұйымы беретін құжат;

8 8) жарнамалық модуль – қағаз тасығышта орындалатын және таралатын жарнама макеті (үндеу, лифлет, басқасы);

9 9) жарнамалық мақала – халыққа арналған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасынан тұратын ақпараттық мақала;

10 10) кадрлық көрсетілім – бейне роликтерді әзірлеу кезінде қосалқы құрал ретінде пайдаланылатын суреттер тізбегі;

11 11) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасын алдын ала сараптау – берілген құжаттар мен жарнамалық материалдардың Қазақстан Республикасының жарнама саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізу;

12 12) жарнама таратушы – мүлiктi, оның iшiнде телерадио хабарларын таратудың тexникалық құралдарын беру және (немесе) пайдалану арқылы және өзге де тәсiлдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

11 11. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасы және онда қолданылатын жарнамалық слоган:

1 1) мемлекеттік және орыс тілдерінде жеңіл оқылатын, нақты және айқын шрифтімен ұсынылады;

2 2) жарнамаланатын құрал дәрілік зат, медициналық мақсаттағы бұйым және медициналық техника болып табылатыны анық болатын түрде орындалады;

3 3) дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның және медициналық техниканың тиімді қолданылуына ықпал етеді;

4 4) жарнамаланатын дәрілік заттың фармакологиялық қасиеттері мен терапиялық көрсетілімдерін, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қолданылу аясын асыра көрсетпейді;

5 5) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелгені туралы ақпаратты (берілген күні, тіркеу куәлігінің нөмірі) қамтиды;

6 6) жарнамалауға рұқсат беру туралы ақпаратты (жарнамалауға рұқсаттың берілген күнін, нөмірін, қолданылуының аяқталу мерзімін) қамтиды.

2 2. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру тәртібі

12 12. Жарнамалауға рұқсат беруге өтініш ұсынғанға дейін өтініш беруші сараптама ұйымына дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның және медициналық техниканың алдын ала сараптамасы үшін (бұдан әрі – алдын ала сараптама) жарнамалық материалдарды (модуль, аудио- бейне, мақала) ұсынады.

13 13. Алдын ала сараптама осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдын ала сараптама жүргізуге арналған өтініш бойынша, сондай-ақ өтініш беруші және сараптама ұйымы арасында жасалған шарт пен прейскурантқа сәйкес құнын төлеу бойынша жүргізіледі.

14 14. Өтінішке мемлекеттік және орыс тілдерінде:

1 1) мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электрондық нұсқадағы жарнамалық ақпарат (модуль, мақала, бейне жарнаманың кадрлық көрсетілімі, аудио жарнаманың жарнамалық мәтіні);

2 2) бейне- радио арналарда тарату кезінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бейне-, аудиожазбадағы жарнамалық ақпарат;

3 3) пайдалану құжаты (медициналық техникаға жарнама ұсынылған жағдайда) қоса ұсынылады.

Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тіркелгенін, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауіпсіздігі мен тиімділігінің бағалануын куәландыратын құжаттар туралы деректерді, медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықты сараптама ұйымы Портал арқылы электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

15 15. Халыққа арналған жарнама түсінікті тілде баяндалады, арнайы білімсіз және арнайы құралдарды қолданусыз түсінікті болады және жарнамаланып отырған құрал дәрілік зат, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техника болып табылатындығын көрсетеді.

16 16. Дәрілік препараттардың дұрыс және тиімді қолдану және/немесе пайдалану үшін қажетті ақпаратты:

1 1) саудалық атауын;

2 2) халықаралық патенттелмеген атауын немесе құрамын;

3 3) қолдану бойынша негізгі көрсетілімдерді;

4 4) қолдану тәсілін және дозаларын;

5 5) негізгі жанама әсерлерін;

6 6) негізгі қарсы көрсетілімдерін;

7 7) балаларға, жүкті әйелдерге қатысты, сонымен қатар емізу кезеңіндегі айрықша нұсқауларды;

8 8) босатылу шарттарын;

9 9) тағайындар және қолданар алдында медицианада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқыңыз деген анық және көрнекі ұсынымды;

10 10) өндірушінің немесе Қазақстан Республикасындағы сауда өкілдігінің атауын, мекенжайын қамтиды.

Рецепт арқылы босатылатын дәрілік препараттардың жарнамасында негізгі дәрілік әрекеттесулері қосымша көрсетіледі.
Теле- және радиоарналарға арналған жарнамада осы тармақтың 1), 3), 7), 9) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты қамтиды.

17 17. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасы міндетті түрде:

1 1) саудалық атауын;

2 2) қолдану бойынша негізгі көрсетілімдерді;

3 3) қолдану тәсілін;

4 4) болған кездегі негізгі жанама әсерлерін;

5 5) болған кездегі негізгі қарсы айғақтарын;

6 6) тағайындар және қолданар алдында медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқыңыз деген анық және көрнекі ұсынымды (медициналық техника үшін пайдалану құжатын);

7 7) өндірушінің немесе Қазақстан Республикасындағы сауда өкілдігінің атауын, мекенжайын қамтиды.

Теле- және радиоарналарға арналған жарнамада осы тармақтың 1), 2), 6) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты қамтиды.

18 18. Халыққа арналған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың жарнамасында төмендегідей ақпаратты пайдалануға тыйым салынады:

1 1) қате диагностикалауға және өзін-өзі қате диагностикалауға әкелуі мүмкін ауру симптомдарының сипаттамасы болса немесе сырқатнама келтірілсе;

2 2) медициналық консультацияның немесе хирургиялық операциялардың қажеттілігі жоқ деген пікір қалыптасса;

3 3) адам ағзасының немесе дене бөліктерінің қолдануға дейінгі және одан кейінгі өзгеру бейнесі пайдаланылса;

4 4) жарнамаланатын өнімді қолданбаса (пайдаланбаса) адам денсаулығы нашарлайды деген ой салса;

5 5) сауығу туралы пікірлерге сілтемелер болса.

19 19. Сараптама ұйымы өтінішті қабылдап, тіркегеннен кейін 20 жұмыс күні ішінде алдын ала сараптауды жүргізеді.

20 20. Жарнамалық материалдардың осы Қағидаларға сәйкессіздігі айқындалған жағдайда сараптама ұйымы өтініш берушіге жазбаша түрде ескертулер жолдайды.

Өтініш беруші күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде сараптама ұйымына ескертулерді ескере отырып жарнама материалдарын ұсынады, бұл ретте ескертулерді жою уақыты алдын ала сараптама жүргізу мерзіміне кірмейді.

21

21. Алдын ала сараптама жүргізу нәтижесі сараптама ұйымының қорытындысы қалыптасатын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарнамалық материалдарды сараптамалық бағалау актісімен ресімделеді, оның негізінде Стандартқа 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша сараптама ұйымы қорытындыны қалыптастырады.

22 22. Сараптама ұйымы алдына ала сараптама жүргізу нәтижелері бойынша:

1 1) Департаментке электрондық және қағаз тасығыштарда:

саратама ұйымының қорытындысын;
«Жарнаманы сараптау (№ ___ күні) жүргізілді, жауапты тұлғаның Т.А.Ә. және қолы» деген мөртабанмен куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жарнаманы (модуль, мақала, бейнематериал жарнамалық ақпаратының мәтіні (кадрлық көрсетілімі), теледидар арналары мен радиода жарнама орналастыру кезіндегі аудиожазба мәтіні);

2 2) өтініш берушіге қағаз тасығыштарда:

сараптама ұйымы жетекшісінің қолымен куәландырылған сараптама ұйымы қорытындысы көшірмесінің (жарнаманы қоса бермей) ұсынылуын қамтамасыз етеді.

23 23. Сараптама ұйымының теріс қорытындысы мынадай жағдайларда:

1 1) осы Қағидалардың 13, 14-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық жиынтығы ұсынылмағанда;

2 2) жарнама Қазақстан Республикасының жарнама саласындағы заңнамасына сәйкес келмегенде;

3 3) сараптама жүргізу кезінде өтініш берушіге қойылған ескертулер осы Қағидалармен белгіленген мерзімде жойылмағанда;

4 4) өтініш беруші дұрыс деректерді ұсынбағанда беріледі.

24 24. Қорытынды теріс болған жағдайда немесе алдын ала сараптаманы жүргізу басталғаннан кейін өтініш беруші өтінішті кері қайтарған жағдайда алдын ала сараптаманы жүргізу құны қайтарылмайды.

25 25. Жарнамалық материалдарды сараптамалық бағалау актісі, қорытынды көшірмесі, электрондық және қағаз тасымалдағыштардағы жарнама, сондай-ақ сараптамаға ұсынылған құжаттар жарнамаға рұқсат берудің жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін сараптама ұйымында сақталады.

26 26. Департамент сегіз жұмыс күні ішінде өтініш берушіге дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат береді.

27 27. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беруден бас тарту негіздері Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

1.1 Өтініш

Қазақстан Республикасында
дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдар мен медициналық техниканы
жарнамалауға рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Өтініш беруші _______________________________________________________
заңды мекенжайы _____________________________________________________
телефон _____________________________________________________________
факс ________________________________________________________________
өтініш берушінің электрондық поштасының мекенжайы ___________________
Өтініш берушінің өкілі ______________________________________________
                          (Т.А.Ә., лауазымы, сенімхат қоса беріледі)
телефон ___________________ факс ____________________________________
өтініш берушінің электрондық поштасының мекенжайы ___________________
Өтініш
Осымен
_____________________________________________________________________
(сараптама ұйымының толық атауы)
дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканы
(қажеттісінің астын сызу) жарнамалауға сараптама жүргізуіңізді
сұраймыз.
cаудалық атауы ______________________________________________________
халықаралық патенттелмеген атауы (бар болса) ________________________
дәрілік түрі, мөлшері, орамы (бар болса) ____________________________
босату шарты ________________________________________________________
бұл ретте, көрсетілген дәрілік зат, медициналық мақсаттағы бұйым мен
медициналық техника (қажеттісінің астын сызу) Қазақстан
Республикасында тіркелгенін хабарлаймыз.
Тіркеу куәлігі 20___ жылғы «____» __________________________ № ______
Дәрілік зат, медициналық мақсаттағы бұйым Қазақстан Республикасында
қауіпсіздік пен сапа бағалауынан өтті
(қауіпсіздік пен сапа туралы қорытынды № ___, күні ____, ___ берілді)
ұйымның атауы
немесе сәйкестігін растау
(сәйкестік сертификаты № ___, күні ___________, ____________ берілді)
ұйымның атауы
Өтінішке:
Мемлекеттік және орыс тілдерінде PDF форматындағы қағаз немесе электрондық тасығыштардағы жарнамалық ақпараттың мәтіні;
жарнаманы теледидар арналарында және радиода орналастыру үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде аудио- бейне жазбаларға жарнамалық ақпараты қоса беріледі.

Са­рап­та­ма­ны жүр­гі­зу үшін ақы тө­ле­уді жү­зе­ге асы­ра­тын субъ­ект
1.
Ата­уы
2.
Заң­ды ме­кен­жайы
3.
Нақ­ты ме­кен­жайы
4.
Т.А.Ә., ла­у­а­зы­мы
5.
Те­ле­фо­ны
6.
Фак­сы
7.
e-mail
8.
БСН
9.
ЖСН
10.
Банк
11.
Е/ш
12.
В/ш
13.
Ко­ды
14.
БСК
______________________                       __________________
      Өтініш берушінің Т.А.Ә.                             қолы
      мөрі
      Өтінішті қабылдады ____________________________________ ______
                                (Т.А.Ә., лауазымы)            (күні)

1.2 Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың жарнамалық материалдарының сараптамалық бағалау актісі

Қазақстан Республикасында
дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдар мен медициналық техниканы
жарнамалауға рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың жарнамалық материалдарының сараптамалық бағалау актісі
жылғы «___»_______ ___ №_____

Жар­на­ма­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар
Ұсы­ны­л­ған ақ­па­рат­та­ғы та­лап­тар­ды орын­дау
1. Жал­пы мә­лі­мет­тер
1.
Са­уда­лық ата­уы
2.
Ха­лы­қа­ра­лық па­тент­тел­ме­ген ата­уы (ХПА) неме­се құ­ра­мы (бар бол­са)
3.
Бел­сен­ді заттың (заттар­дың) шы­ға­ры­лу тү­рі, до­за­сы (бар бол­са)
4.
Өн­ді­ру­ші-ұй­ым
5.
Заң­ды тұл­ға – жар­на­ма­ға өті­ніш бе­ру­ші­нің ата­уы
6.
Дә­рі­лік зат, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым, ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тір­кел­ген
Тір­кеу ку­ә­лі­гі № ______ бе­рі­л­ген кү­ні ___ жы­л­ғы ______
7.
Дә­рі­лік заттың, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­ның қа­уіп­сіз­дік және са­па ту­ра­лы қо­ры­тындысы (сәй­кест­ік сер­ти­фи­ка­ты) бар
№, бе­рі­лу кү­ні, бер­ген ұй­ым­ның ата­уы
8.
Дә­рі­лік зат Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ба­қы­ла­у­ға жа­та­ды/жат­пай­ды
9.
Жар­на­ма­ла­на­тын дә­рі­лік пре­па­рат дә­рі­ха­на ұй­ы­мы­нан (ре­цепт ар­қы­лы, ре­цеп­ті­сіз) боса­ты­ла­ды
10.
Жар­на­ма мем­ле­кет­тік және орыс тіл­де­рін­де ұсы­ны­л­ған
11.
Мем­ле­кет­тік тіл­де­гі жар­на­ма маз­мұ­ны орыс ті­лін­де­гі жар­на­ма маз­мұ­ны­на дәл­ме-дәл
2. Жар­на­ма­лық ма­те­ри­ал­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін са­рап­тау
12.
Жар­на­ма ар­найы бі­лім­сіз және ар­найы құ­рал­дар­ды қол­да­ну­сыз та­ны­ла­ды және жар­на­ма­ла­на­тын зат дә­рі­лік зат, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым ме­ди­ци­на тех­ни­ка­сы бо­лып та­бы­ла­ты­нын көр­се­те­ді
13.
Жар­на­ма жар­на­ма­ла­нып отыр­ған өнім­нің ти­ім­ді түр­де қол­да­ны­луы­на ық­пал ете­ді, ке­ле­сі ақ­па­рат­тан тұ­ра­ды:
негіз­гі ай­ғақ­тар
негіз­гі қар­сы ай­ғақ­тар
қол­да­ну тә­сі­лі және до­за­сы
негіз­гі жа­на­ма әсер­ле­рі
дә­рі­лік өза­ра әре­кет­те­суі (ре­цеп­ті­мен боса­ты­ла­тын ДЗ үшін)
боса­ты­лу шар­тта­ры
14.
Дә­рі­лік заттар­дың, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар мен ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның жар­на­ма­сы ба­ла­лар­ға, жүк­ті және ба­ла емі­зе­тін әй­ел­дер­ге қол­да­ну ке­зін­де­гі ай­рық­ша нұс­қа­у­лар, қар­сы ай­ғақ­тар және жа­ғым­сыз әсер­лер ту­ра­лы ақ­па­рат­тан тұ­ра­ды
15.
Ти­іс­сіз жар­на­ма:
15.1
Тө­мен­де­гі жағ­дай­лар­да жар­на­ма жо­сық­сыз бо­лып та­бы­ла­ды
жар­на­ма­ла­на­тын өнім бас­қа же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың өнім­де­рі­мен са­лы­сты­ру­дан тұр­са
же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың абы­ройы мен іс­кер­лік бе­де­ліне нұқ­сан кел­ті­ре­тін сө­здер­ден, бей­не­лер­ден тұр­са
фир­ма­лық ата­уды, та­у­ар бел­гі­сін, фир­ма­лық қап­та­ма­сын, та­у­ар­дың сырт­қы бе­зен­ді­рі­лу­ін, фор­му­ла­лар­ды, бей­не­лер­ді және бас­қа да ком­мер­ци­я­лық бел­гі­ле­рін кө­шір­ме­леу және олар­дың се­ні­мін те­ріс пай­да­ла­ну ар­қы­лы жар­на­ма­ла­на­тын өнім­ге қа­ты­сты тұ­ты­ну­шы­лар­ды ша­ты­су­ға әкел­се
олар­ды пай­да­ла­ну та­у­ар­дың си­па­ты­на, дай­ын­дау тә­сі­ліне, қа­си­ет­те­ріне, қол­да­ну жа­рам­ды­лы­ғы­на неме­се мөл­ше­ріне қа­ты­сты ша­ты­су­ға әке­луі мүм­кін нұс­қа­ма­лар мен ұй­ға­рым­дар­ды қам­ты­са
жар­на­ма­ла­нып отыр­ған ДЗ, ММБ, МТ ем­деу және пай­да­ла­ну ти­ім­ді­лі­гі ке­піл­ді бо­лып та­бы­ла­ды, жар­на­ма­ла­нып отыр­ған өнім­ді қа­был­дау неме­се пай­да­ла­ну жа­ғым­сыз әсер­лер­дің өр­шу­ін бол­дыр­май­ды де­ген көз­қа­рас ша­қыр­са
дә­рі­лік зат, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым және ме­ди­ци­на тех­ни­ка­сы бі­ре­гей, ең ти­ім­ді және қа­уіп­сіз құ­рал ре­т­ін­де ұсы­ныл­са
ДЗ, ММБ, МТ қа­был­да­ған­ға дей­ін және одан кей­ін адам де­не­сін­де­гі, мү­ше­ле­рін­де­гі өзге­рі­стер­дің са­лы­стыр­ма­лы си­патта­ма­сы бол­са
жар­на­ма­ла­на­тын затты қа­был­да­май­тын тұ­лға­лар­дың абы­рой­ын тү­сір­се, кем­сіт­се неме­се ажу­а­ла­са
15.2
Жар­на­ма­да тө­мен­де­гі­лер­ге қа­ты­сты шын­дық­қа жа­на­спай­тын мә­лі­мет­тер бол­са дәй­ек­сіз бо­лып та­бы­ла­ды:
та­би­ға­ты­на, құ­ра­мы­на, дай­ын­дау тә­сі­ліне және кү­ніне, мақ­са­ты­на, тұ­ты­ну­шы­лық қа­си­ет­те­ріне, пай­да­ла­ну шар­тта­ры­на, өнім са­па­сы­на, сер­ти­фи­ка­ци­я­лық бел­гі­ле­ріне және мем­ле­кет­тік стан­дарт­тар­ға сәй­кест­ік бел­гі­ле­ріне, мөл­ше­ріне, шы­ғу те­гіне, жа­рам­ды­лық мер­зі­міне, құ­ны­на (ба­ға­сы­на)
ре­сми та­ны­луы­на, ме­даль, жүл­де, ди­плом және өзге де на­гра­да­лар алу­ға
жар­на­ма­ла­на­тын құ­рал­ға бе­рі­ле­тін ай­рық­ша құқық­тар­ға
бас­қа тұ­лға­лар­дың қыз­ме­тін кем­сі­те­тін ұй­ға­рым­дар­ға
құ­рал­ды өт­кі­зе­тін және жар­на­ма­лай­тын өн­ді­ру­ші­нің, тұ­лға­лар­дың мәр­те­бе­сіне және құ­зі­рет дең­гей­іне
дә­рі­лік пре­па­рат­тың қа­уіп­сіз­ді­гі мен ти­ім­ді­лі­гі оның та­би­ғи шы­ғу те­гі­мен бай­ла­ны­сты де­ген пі­кір­лер бол­са
15.3
Тө­мен­де­гі жағ­дай­лар­да жар­на­ма әдеп­сіз бо­лып та­бы­ла­ды:
тіл тигі­зе­тін сө­здер, те­ңе­улер қол­да­ну ар­қы­лы жал­пы­ға бір­дей адам­гер­ші­лік және ру­ха­ни нор­ма­лар­ды бұ­за­тын мәт­ін­дік, кө­ру, ды­быст­ық ақ­па­рат­ты қам­ты­са
15.4
Тө­мен­де­гі жағ­дай­лар­да жар­на­ма көр­неу жал­ған бо­лып та­бы­ла­ды:
жар­на­ма тұ­ты­ну­шы­ны ша­ты­су­ға қа­са­қа­на әкел­се
қа­те неме­се ша­ты­су­ға әке­ле­тін тер­мин­дер­мен бір­ге жүр­се
15.5
Тө­мен­де­гі жағ­дай­лар­да жар­на­ма жа­сы­рын бо­лып та­бы­ла­ды:
тұ­ты­ну­шы оның бейне-, аудио­өнім­дер­ге се­зім­тал­ды­ғы­на, сон­дай-ақ ар­найы бей­не­көр­се­ті­лім­дер­ді, қо­сар­лан­ған ды­быс жа­з­ба­сын пай­да­ла­ну ар­қы­лы және өзге тәс­iл­дер­мен се­зін­бей оты­рып әсер ете­ді
16.
Жар­на­ма­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес тый­ым са­лын­ған ақ­па­рат­тың бо­луы
ба­ла­лар­да ай­рық­ша неме­се ба­сым қол­да­ну ту­ра­лы (ба­ла­лар­ға ар­нал­ған дә­рі­лік заттар­дан бас­қа­сы)
өзін-өзі қа­те ди­а­гно­сти­ка­ла­у­ға әке­луі мүм­кін ақ­па­рат (ау­ру симп­том­да­рын си­паттау)
ме­ди­ци­на­лық кон­суль­та­ция неме­се хи­рур­ги­я­лық опе­ра­ци­я­лар қа­жет­ті­лі­гі­нің жоқ­тығы ту­ра­лы
ме­ди­ци­на, фар­ма­цев­ти­ка қыз­мет­кер­ле­рі­нің, атақ­ты тұ­лға­лар­дың бей­не­сі пай­да­ла­ныл­са
жар­на­ма­да тұр­ғын­дар­ға ке­ле­сі ау­ру­лар­ды ес­ке са­лу: жы­ны­стық жол­мен бе­рі­ле­тін, он­ко­ло­ги­я­лық, пси­хи­ка­лық, қа­уіп­ті жұқ­па­лы ау­ру­лар, АИТВ/ЖИТС, ту­бер­ку­лез, со­зыл­ма­лы ұй­қы­сыздық, қант диа­бе­ті
ға­лым­дар­дың, ден­са­улық сақ­тау қыз­мет­кер­ле­рі­нің, мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­дің, атақ­ты тұ­лға­лар­дың ұсы­ным­да­ры­на сі­л­те­ме­лер­ді қам­ти­ды
17.
Жар­на­ма жар­на­ма­ла­на­тын құ­рал­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тір­ке­луі ту­ра­лы жол­ма-жол ақ­па­рат­ты қам­ти­ды
18.
Жар­на­ма ме­ди­ци­на­да қол­да­ны­луы ту­ра­лы нұс­қа­улық­ты неме­се ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ға ар­нал­ған пай­да­ла­ну құ­жа­тын зерт­теу қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы жол­ма-жол ақ­па­рат­ты (те­ле- және ра­дио­ар­на­лар­да та­ра­ла­тын жар­на­ма­да­ғы ұсы­ным­ның уа­қыт­ша ұз­ақ­тығы ке­мін­де үш се­кунд­ты, кадр ала­ңы­нан ке­мін­де 7 %-ды құ­рай­ды) қам­ти­ды
19.
Жар­на­ма жар­на­ма­ла­у­ға рұқ­сат ту­ра­лы жол­ма-жол ақ­па­рат­ты қам­ти­ды
Сараптамаға мыналар ұсынылды:

1 1. Өтінім берушінің өтініші.

2 2. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық тасығыштардағы (модуль, мақала, бейнематериалдардың кадрлық көрсетілімі, аудиожазба мәтіні) жарнамалық ақпарат.

3 3. Бейне- радио арналарда тарату кезінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бейне-, аудиожазбадағы жарнамалық ақпарат.

4 4. Пайдалану құжаты (медицина техникасына жарнама ұсынылған жағдайда).

Сараптама барысында мыналар тексерілді:
дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың тіркелуі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тіркелімінде болуы: тіркеу куәлігінің №___, күні____;
медицинада қолданылуы туралы нұсқаулық;
қауіпсіздік пен сапасы туралы қорытындының болуы № ___, күні ______, _____ берілді;
немесе сәйкестік сертификатының болуы №___, күні______, _____ берілді.
Қорытынды: Ұсынылған жарнамалық материалдар Қазақстан Республикасының жарнама саласындағы заңнамасына қайшы келмейді/қайшы келеді.
Жүргізілген сараптама негізінде жарнаманы _____________ өндіру, тарату, орналастыру мүмкін/мүмкін емес деп есептейміз.
_____________________________________________________________________
Сараптама жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілері пайдаланылды:

Ата­уы
Сараптамалық бағалау актісіне мыналар қоса беріледі:

1 1. Жарнамалық материалға сараптама жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды,

2 2. Электрондық тасығыштарда қоса берілген мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы жарнамалық ақпарат (модуль, мақала, бейне жарнаманың кадрлық көрсетілімі, аудио жарнаманың жарнамалық мәтіні).

3 3. Бейне-, радио арналарда тарату кезінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бейне-, аудиожазбадағы жарнамалық ақпарат.

2 Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы күшін жойған кейбір бұйрықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2013 жылғы 20 наурыздағы
№ 167 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы күшін жойған кейбір бұйрықтардың тізбесі

1

1. «Жарнамалауға рұқсат берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 737 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5931 тіркелген, 2010 жылғы № 5 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2010 жылғы қыркүйектегі № 9, 2011 жылғы наурыздағы № 3, 398 бап Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде жарияланған);

2

2. «Жарнамалауға рұқсат берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 737 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 17 қазандағы № 714 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 7279 тіркелген, 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 190 (2006) «Заң газетінде» жарияланған);

3

3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 664 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілер тізбесінің 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8081 тіркелген).

Қолданыстағы