Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам

Қаулы · № 3-676 · қабылданған 15.04.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-72671/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам Күшін жойған 21.07.2016 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам

Күшін жойған Қаулы № 3-676 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам
Атауы (қаз.)
Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3-676
Қабылданған күні
15.04.2013
Көрсетілген редакция
21.07.2016 72671_276496.kaz
Соңғы өзгеріс
21.07.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13DJ002355
ЭКБ идентификаторы
72671
Редакция идентификаторы
72671_276496
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:17
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Еңбек нарығындағы жағдайды және бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі келесідей белгіленсін:

екі және одан да көп ай жұмыс істемейтін адамдар;
бұрын жұмыс істемеген адамдар;
отбасында бірде-бір жұмыс істейтін мүшесі жоқ тұлғалар;
техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітірушілер;
елу жастан үлкен тұлғалар.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.