О персональных данных и их защите Қолданыста Заң ·№ 94-V ·21.05.2013
02.03.2026 редакциясы
Қолданыста · 02.03.2026 редакциясы

23-1-бап. Ерікті киберсақтандыру

О персональных данных и их защите · № 94-V

1. Ерікті киберсақтандырудың мақсаты Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес субъектіге, меншік иесіне және (немесе) операторға, үшінші тұлғаға келтірілген мүліктік зиянды өтеу болып табылады.
2. Ерікті киберсақтандыру тараптардың ерік білдіруіне қарай жүзеге асырылады. Ерікті киберсақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі тараптардың келісімімен айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-72730/st-23-1/