Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил доступа и передачи информации

Бұйрық · № 135 · қабылданған 24.04.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-72749/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил доступа и передачи информации Күшін жойған Бұйрық ·№ 135 ·24.04.2013
08.04.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил доступа и передачи информации

Күшін жойған Бұйрық ·№ 135 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил доступа и передачи информации
Атауы (қаз.)
Ақпаратқа қол жеткізу және беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
135
Қабылданған күні
24.04.2013
Көрсетілген редакция
08.04.2016 AI72749_2.kaz
Соңғы өзгеріс
08.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008470
ЭКБ идентификаторы
72749
Редакция идентификаторы
AI72749_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:13

0 Ақпаратқа қол жеткізу және беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 54 қаулысымен бекітілген Электрондық сатып алу жүйелерi жұмыстарының жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмi жұмысымен қадамдастыру қағидасының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған Ақпаратқа қол жеткізу және беру қағидалары бекiтiлсiн.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Жергілікті қамтуды дамыту департаменті (С. Кәмелі) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

КЕЛІСУ
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі
______________ А. Жұмағалиев
2013 жылғы 19 сәуір

4 Ақпаратқа қол жеткізу және беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар министрінің
2013 жылғы 24 сәуірдегі № 135
бұйрығымен бекітілді
Ақпаратқа қол жеткізу және беру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ақпаратқа қол жеткізу және беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінің және басқа да электрондық сатып алу жүйелерінің деректеріне қол жеткізу және беру бөлігіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайды.

2 2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

1 1) ақпараттық өзара іс-қимыл – бір ақпараттық жүйеден екіншісіне деректер беру және қабылдау процесі;

2

2) «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінің әкімшісі (бұдан әрі – Тізілім МАЖ Әкімшісі) – Тізілім МАЖ әкімшілік етуді және сүйемелдеуді қамтамасыз етуші жауапты маман;

3 3) ҚР ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;

4 4) прецедент – ақпараттық жүйе, кіші жүйе немесе класс сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл жасай отырып, жүзеге асыратын әрекеттердің ілеспелік ерекшелігі;

5 5) сервис – белгілі логиканы іске асыратын және электрондық хабарламаларды беруге негізделген интерфейстер арқылы желілік өзара іс-қимыл үшін қолжетімді операциялар жиынтығы;

6 6) Тізілім МАЖ – «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі;

7 7) хабарлама – таңба тілінің кеңейтілген пішімінде (бұдан әрі - XML) хабарламаның тақырыбынан және мәтінінен тұратын және бір ақпараттық жүйеден екіншісіне ақпарат беру үшін қызмет ететін құрылым;

8 8) электрондық сатып алу жүйесінің әкімшісі (бұдан әрі – ЭСЖ Әкімшісі) – ЭСЖ әкімшілік етуді және сүйемелдеуді қамтамасыз етуші жауапты маман;

9 9) ЭСЖ – электрондық сатып алу жүйесі.

2 2. Ақпаратты жеткізу тәртібі

3

3. ЭСЖ иесінің МАЖ тізіліміне қол жетімділігі «Электрондық сатып алу жүйелерi жұмыстарының жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмi жұмысымен қадамдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 54 қаулысына сәйкес жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмi бар электрондық сатып алу жүйелерiнiң ақпараттық өзара iс-қимылын iске асыруға арналған өтінімі қанағаттандырылғандығы туралы хабарламаны уәкілетті орган бергеннен кейін жүзеге асырылады.

3 3. Ақпаратты беру тәртібі

4 Ақпараттық өзара іс-қимылға қатысушылары ҚР ИЖТМ және ЭСЖ иесі болады.

5 5. ЭСЖ иесі осы Қағидалардың 10-тармақшасында көрсетілген ақпаратты Тізілім МАЖ-ға ұсынады.

6 6. Тізілім МАЖ мен ЭСЖ арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл веб-сервистер арқылы жүзеге асырылады.

7 7. Ақпараттық өзара іс-қимылға бастамашы ЭСЖ иесі болып табылады. Ақпарат Тізілім МАЖ қосымшаларының серверінде жарияланған веб-сервиске үндеу арқылы XML форматында жіберіледі.

8 8. Тізілім МАЖ осы сауалды өңдейді, алынған ақпараттың бүтіндігін тексереді және XML форматта жауап-хабарламасын құрады.

9 9. Хабарламаларды қабылдау-жіберу процесінде барлық уақытша параметрлерді белгілеу Астана қаласының уақыты бойынша жүргізіледі.

10 10. ЭСЖ иесі мынадай ақпараттарды беруді қамтамасыз етеді:

1 1) сатып алуды өткізу туралы хабарландырулар;

2 2) конкурстық өтінімдерді ашу хаттамалары;

3 3) конкурсқа қатысуға рұқсат хаттамалары;

4 4) қорытындыларды шығару хаттамалары.

Сатып алуды өткізу рәсімдері туралы ұсынылған деректерді ЭСЖ иесі электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.
Ақпараттық өзара іс-қимыл осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген деректерді беру схемасына сәйкес жүзеге асырылады.

11 11. Тізілім МАЖ мен ЭСЖ арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл прецеденттері осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.

12 12. ЭСЖ және Тізілім МАЖ ақпараттық өзара іс-қимылы кезінде пайдаланылатын жіктеуіштер мен анықтамалықтар тізбесі мен құрамы осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.

13 13. Ақпарат барлық прецеденттер бойынша қадамдастыру режимінде беріледі.

14 14. Ақпаратты өзектендіру процесі толық ауқымда орындалмаған жағдайда, онда келесі ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде қалған жаңартылған деректер өзектендіріледі.

15 15. Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі кезіндегі технологиялық үзілістер Тізілім МАЖ мен ЭСЖ әкімшілерімен алдын ала келісіледі.

16

16. Ақпараттық өзара іс-қимылға қатысушылармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін ақпаратты сипаттау тілі ретінде, XML және объектілерге қол жеткізудің қарапайым хаттамасы (SOAP) ерекшелігін пайдаланатын веб-сервистер қолданылады. Берілетін веб-сервистердің бағдарламалық интерфейстерін сипаттау үшін XML тіліне негізделген (WSDL (Web Services Description Language) сипаттау тілі пайдаланылады.

17 17. Ақпаратты беру үшін көлік хаттамасы (TCP), гипермәтінді беру хаттамасы (HTTP/HTTPS), хабарлама арнасының хаттамасы (MCP), сондай-ақ веб-сервистердің хаттамалары мен стандарттарының жиынтығы (WSDL/SOAP) пайдаланылады.

18 18. Ақпаратты беру процесінде авариялық жағдай туындаған кезде, сондай-ақ зақымданған (бұрмаланған) жағдайда, ЭСЖ әкімшісі және (немесе) Тізілім МАЖ Әкімшісі дереу олардың туындау себептерін анықтау және жою шараларын қабылдайды.

19 19. Хабарламаларды жіберуге бір сағаттан астам кедергі келтіретін жоғарыда аталған барлық жағдайлар кідірістің басталу және жою күні, уақыты себептері мен қабылданған шаралар, жауапты тұлғалардың тегі мен қолы көрсетіліп жазылады.

20 20. Техникалық олқылықтардың себебінен жіберілмеген деректер, оларды жойғаннан кейін қайта жіберіледі.

21 21. Ақпараттық өзара іс-қимыл ақпараттандыру саласында уәкілетті органның пайдалануына мақұлданған, берілетін ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралдарды пайдаланыла отырып, жүзеге асырылады.

1 Деректерді беру схемасы

Ақпаратқа қол жеткізу
және беру қағидаларына
1-қосымша
Деректерді беру схемасы

1 1. ЭСЖ-дан жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары туралы ақпаратты беру» прецедентінің схемасы»

Пре­це­дент­тің ата­уы:
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­лар­дың са­тып алуы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты бе­ру
Қы­сқа­ша си­патта­ма:
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­лар­дың са­тып алу­ла­ры ту­ра­лы ақ­па­рат­ты бе­ру
Кон­текст:
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­лар­дың са­тып алу­ла­ры ту­ра­лы ақ­па­рат­ты бе­ру жа­ңа/өзгер­ті­л­ген жа­з­ба­лар бар болған кез­де ав­то­мат­ты ре­жим­де жүр­гі­зі­ле­ді
Ар­найы та­лап­тар
Қа­уіп­сіз­дік:
Бағ­дар­ла­ма­лық дең­гей­де – тех­но­ло­ги­я­лық сер­ти­фи­кат­тар­ды пай­да­ла­ну есе­бі­нен
Ал­ғы­шарт:
Ті­зі­лім МАЖ бе­рі­ле­тін де­ректер па­ке­тін ку­әлан­ды­ру үшін ұй­ым­ды сүй­е­мел­де­уді жү­зе­ге асы­ра­тын оның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­на ие.
ЭСЖ бе­рі­ле­тін де­ректер па­ке­тін ку­әлан­ды­ру үшін ұй­ым­ды сүй­е­мел­де­уді жү­зе­ге асы­ра­тын оның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­на ие.
Негіз­гі про­цесс
ЭСЖ
Ті­зі­лім МАЖ
1. ЭСЖ жа­ңа/өзгер­ті­л­ген жа­з­ба­лар­ды бе­ре­ді және Ті­зі­лім МАЖ-ға жі­бе­ре­ді (са­тып алу жа­сал­ды, са­тып алу­ға кон­кур­стық құ­жат­та­ма өзгер­тіл­ді, са­тып алу тоқ­та­тыл­ды, са­тып алу ұзар­тыл­ды, қай­та са­тып алу жа­сал­ды, аяқ­тал­ған са­тып алу негі­зін­де бір көз­ден са­тып алу тә­сі­лі­мен са­тып алу жа­сал­ды, бе­рі­л­ген кон­кур­стық өті­нім­дер ті­зі­мі құ­рыл­ды, кон­кур­стық құ­жат­та­ма­ны кө­ші­ріп ал­ған жет­кі­зу­ші­лер­дің ті­зі­мі құ­рыл­ды, кез кел­ген түр­дің хат­та­ма­сы құ­рыл­ды және/неме­се қол қой­ыл­ды және т.б.)
2. Ті­зі­лім МАЖ қа­был­дан­ған де­ректер­дің бү­т­ін­ді­гін тек­се­ре­ді.
3. Ті­зі­лім МАЖ элек­трон­дық цифр­лық қол­та­ба­ның сер­ти­фи­ка­ты­ның бар бо­луын және нақ­ты­лы­ғын/өзек­ті­лі­гін тек­се­ре­ді.
4. Ті­зі­лім МАЖ қа­был­дан­ған де­ректер­ді ав­то­мат­ты ре­жим­де пі­шім­ді-ло­ги­ка­лық ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­ды.
Ба­ла­ма­лы про­цесс. Де­ректер қа­был­дан­ды
5. Ті­зі­лім МАЖ де­ректер­ді қа­был­дау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ра­ды.
6. ЭСЖ ха­бар­ла­ма­ны қа­был­дай­ды.
Ба­ла­ма­лы про­цесс. Де­ректер қа­был­дан­ба­ды
7. Ті­зі­лім МАЖ қа­те ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ра­ды.
8. ЭСЖ жа­ңа/өзгер­ті­л­ген жа­з­ба­лар­ды қай­та бе­ре­ді және Ті­зі­лім МАЖ-ге жі­бе­ре­ді.

2 2. «Тізілім МАЖ-дан өзгертілетін деректерді сұрау» прецедентінің схемасы

Пре­це­дент­тің ата­уы:
Өзгер­ті­л­ген де­ректер­ді сұ­рау
Қы­сқа­ша си­патта­ма­сы:
Ті­зі­лім МАЖ-дан өзгер­ті­л­ген де­ректер­ді сұ­рау
Кон­текст:
Анық­та­ма­лық­тар­дың өзгер­ті­л­ген алаң­да­рын бе­ру жа­ңа/өзгер­ті­л­ген жа­з­ба­лар бар болған кез­де ав­то­мат­ты ре­жим­де жүр­гі­зі­ле­ді
Ар­найы та­лап­тар
Қа­уіп­сіз­дік:
Бағ­дар­ла­ма­лық дең­гей­де – тех­но­ло­ги­я­лық сер­ти­фи­кат­тар­ды пай­да­ла­ну есе­бі­нен
Ал­ғы­шарт:
Ті­зі­лім МАЖ бе­рі­ле­тін де­ректер па­ке­тін ку­әлан­ды­ру үшін ұй­ым­ды сүй­е­мел­де­уді жү­зе­ге асы­ра­тын оның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­на ие.
ЭСЖ бе­рі­ле­тін де­ректер па­ке­тін ку­әлан­ды­ру үшін ұй­ым­ды сүй­е­мел­де­уді жү­зе­ге асы­ра­тын оның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­на ие.
Негіз­гі про­цесс
ЭСЖ
Ті­зі­лім МАЖ
1. ЭСЖ де­ректер­ді алу­ға сұ­ра­уды ба­ста­ма­шы­лық ете­ді. Сұ­рау па­ке­тін қа­лып­та­сты­ры­ла­ды және жі­бе­рі­ле­ді.
2. Ті­зі­лім МАЖ сұ­ра­уды ва­ли­да­ци­я­лай­ды.
Ба­ла­ма­лы про­цесс. Де­ректер­ді сұ­рау бой­ын­ша өзгер­ту қа­жет емес
3. Ті­зі­лім МАЖ са­у­ал бой­ын­ша ЭСЖ-ға жа­у­ап жі­бе­ре­ді.
Ба­ла­ма­лы про­цесс. Де­ректер­ді сұ­рау бой­ын­ша өзгер­ту қа­жет
4. Ті­зі­лім МАЖ де­ректер­ді тол­ты­ру­ға сұ­ра­уды қа­лып­та­сты­ра­ды.
5. ЭСЖ сұ­рау бой­ын­ша қо­сым­ша де­ректер­ді қа­лып­та­сты­ры­ла­ды.
6. Ті­зі­лім МАЖ алын­ған де­ректер­дің сәй­кестен­дір­гіш­те­рін қай­та жі­бе­ре­ді.
7. ЭСЖ ха­бар­ла­ма­ны қабл­дай­ды.

3 3. «Тізілім МАЖ-дан анықтамалық деректерді сұрау» прецедентінің схемасы

Пре­це­дент­тің ата­уы:
Анық­та­ма­лық де­ректер­ді сұ­рау
Қы­сқа­ша си­патта­ма­сы:
Ті­зі­лім МАЖ анық­та­ма­лық де­ректе­рін сұ­рау
Кон­текст:
Анық­та­ма­лық­тар­дың алаң­да­рын бе­ру ав­то­мат­ты ре­жим­де жүр­гі­зі­ле­ді
Ар­найы та­лап­тар
Қа­уіп­сіз­дік:
Бағ­дар­ла­ма­лық дең­гей­де – тех­но­ло­ги­я­лық сер­ти­фи­кат­тар­ды пай­да­ла­ну есе­бі­нен
Ал­ғы­шарт:
Жоқ
Негіз­гі про­цесс
ЭСЖ
Ті­зі­лім МАЖ
1. ЭСЖ Ті­зі­лім МАЖ-дан де­ректер алу­ға сұ­ра­у­ға ба­ста­ма­шы бо­ла­ды. Сұ­рау па­ке­ті құ­ры­ла­ды және жі­бе­рі­ле­ді.
2. Ті­зі­лім МАЖ сұ­ра­уды ва­ли­да­ци­я­ла­уды жүр­гі­зе­ді.
3. Ті­зі­лім МАЖ сұ­рау бой­ын­ша ЭСЖ-ға анық­та­ма­лық­тар­дан де­ректер бе­ре­ді.
4. ЭСЖ ха­бар­ла­ма­ны қа­был­дай­ды.

4 4. «Жеткізушінің деректерін алу» прецедентінің схемасы

Пре­це­дент­тің ата­уы:
Жі­бе­ру­ші­нің де­ректе­рін алу
Қы­сқа­ша си­патта­ма­сы:
Жет­кі­зу­ші­нің кар­точ­ка­сы алаң­да­ры­ның де­ректе­рін алу
Кон­текст:
Жет­кі­зу­ші­лер­дің кар­точ­ка­ла­ры бой­ын­ша өзгер­ті­л­ген алаң­дар­дың де­ректе­рін алу жар­ты­лай ав­то­мат­ты ре­жим­де жүр­гі­зі­ле­ді
Ар­найы та­лап­тар
Қа­уіп­сіз­дік:
Бағ­дар­ла­ма­лық дең­гей­де – тех­но­ло­ги­я­лық сер­ти­фи­кат­тар­ды пай­да­ла­ну есе­бі­нен
Ал­ғы­шарт:
Ті­зі­лім МАЖ бе­рі­ле­тін де­ректер па­ке­тін ку­әлан­ды­ру үшін ұй­ым­ды сүй­е­мел­де­уді жү­зе­ге асы­ра­тын элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­на ие.
ЭСЖ бе­рі­ле­тін де­ректер па­ке­тін ку­әлан­ды­ру үшін ұй­ым­ды сүй­е­мел­де­уді жү­зе­ге асы­ра­тын элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­на ие.
Негіз­гі про­цесс
ЭСЖ
Ті­зі­лім МАЖ
1. ЭСЖ Ті­зі­лім МАЖ-дан де­ректер алу үшін сұ­ра­у­ға ба­ста­ма­шы бо­ла­ды. Сұ­рау па­ке­ті құ­ры­ла­ды және жі­бе­рі­ле­ді.
2. Ті­зі­лім МАЖ сұ­ра­уды ва­ли­да­ци­я­ла­уды жүр­гі­зе­ді.
Ба­ла­ма­лы про­цесс. Де­ректер­ді сұ­рау бой­ын­ша өзгер­ту қа­жет
3. Ті­зі­лім МАЖ де­ректер­ді тол­ты­ру­ға сұ­рау жа­сай­ды.
4. ЭСЖ Ті­зі­лім МАЖ-дан де­ректер алу үшін сұ­ра­у­ға ба­ста­ма­шы бо­ла­ды. Сұ­рау па­ке­ті құ­ры­ла­ды және жі­бе­рі­ле­ді.
Ба­ла­ма­лы про­цесс. Де­ректер­ді сұ­рау бой­ын­ша өзгер­ту қа­жет емес
5. Ті­зі­лім МАЖ ЭСЖ та­ра­пы­нан таң­дау үшін ті­зім жа­сай­ды.
6. ЭСЖ жар­ты­лай ав­то­мат­ты ре­жим­де таң­да­уды жү­зе­ге асы­ра­ды. Сұ­рау па­ке­ті құ­ры­ла­ды және жі­бе­рі­ле­ді.
7. Ті­зі­лім МАЖ қа­был­дан­ған де­ректер­дің бү­т­ін­ді­гін тек­се­ре­ді.
8. Ті­зі­лім МАЖ элек­трон­дық цифр­лық қол­та­ба сер­ти­фи­ка­ты­ның бар бо­луын және нақ­ты­лы­ғын/өзек­ті­лі­гін тек­се­ре­ді.
9. Ті­зі­лім МАЖ қа­был­дан­ған де­ректер­ді ав­то­мат­ты ре­жим­де пі­шім­ді-ло­ги­ка­лық ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­ды.
Ба­ла­ма­лы про­цесс. Де­ректер қа­был­дан­ды
10. Ті­зі­лім МАЖ де­ректер­ді қа­был­да­ғанды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма жа­сай­ды және жі­бе­ре­ді.
Ба­ла­ма­лы про­цесс. Де­ректер қа­был­дан­ба­ды
11. Ті­зі­лім МАЖ қа­те ту­ра­лы ха­бар­ла­ма жа­сай­ды.
12. ЭСЖ жа­ңа/өзгер­ті­л­ген сұ­ра­уды қай­та жі­бе­ре­ді және Ті­зі­лім МАЖ-ға жі­бе­ре­ді.

5 5. «Тізілім МАЖ-дан ЭСЖ-ға хабарламалар жіберу» прецедентінің схемасы

Пре­це­дент­тің ата­уы:
Ті­зі­лім МАЖ-дан ха­бар­ла­ма­лар жі­бе­ру
Қы­сқа­ша си­патта­ма­сы:
Ті­зі­лім МАЖ-дан ЭСЖ-ға ха­бар­ла­ма­лар жі­бе­ру
Кон­текст:
Ті­зі­лім МАЖ-дан ЭСЖ-ға оқи­ға­лар ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­лар жі­бе­ру
Ар­найы та­лап­тар
Қа­уіп­сіз­дік:
Бағ­дар­ла­ма­лық дең­гей­де – тех­но­ло­ги­я­лық сер­ти­фи­кат­тар­ды пай­да­ла­ну есе­бі­нен
Ал­ғы­шарт:
Жоқ
Негіз­гі про­цесс
ЭСЖ
Ті­зі­лім МАЖ
1. Ті­зі­лім МАЖ ЭСЖ-ға жі­бе­ру үшін ха­бар­ла­ма мәті­нін жа­сай­ды.
Де­ректер па­ке­ті құ­ры­ла­ды және жі­бе­рі­ле­ді.
2. ЭСЖ де­ректер па­ке­тін қа­был­дай­ды.

2 Тізілім МАЖ мен ЭСЖ арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл прецеденттері

Ақпаратқа қол жеткізу
және беру қағидаларына
2-қосымша
Тізілім МАЖ мен ЭСЖ арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл прецеденттері

Пре­це­дент
Ба­ста­ма­шы
Пре­це­дент мы­са­лы
Алушы
1.
Де­ректер бе­ру
ЭСЖ
Са­тып алу­ды құ­ру;
Кон­кур­стық құ­жат­та­ма­ны өзгер­ту;
Са­тып алу­ды ұзар­ту;
Қай­та са­тып алу­ды құ­ру;
Са­тып алу ба­за­сын­да бір де­ректен са­тып алу­ды құ­ру;
Бе­рі­л­ген кон­кур­стық өті­нім­де­рі­нің ті­зі­мін құ­ру;
Кон­курс құ­жат­та­ма­сын жүк­те­ген жет­кі­зу­ші­лер­дің ті­зі­мін құ­ру;
Хат­та­ма құ­ру;
Ті­зі­лім МАЖ
2.
Жа­ңар­ту­ға сұ­рау са­лу
ЭСЖ
Анық­та­ма­лық­тар алаң­да­рын жа­ңар­ту;
Жет­кі­зу­ші­лер бар бо­луын тек­се­ру;
Ті­зі­лім МАЖ
3.
Уа­қыт­ты қа­дам­да­сты­ру
ЭСЖ
Жүй­е­лік да­та­лар­ды жа­ңар­ту
Ті­зі­лім МАЖ
4.
Ва­ли­да­ци­я­лау
ЭСЖ
Ре­зи­дент емес жет­кі­зу­ші­лер­ге алаң­дар сұ­рау
Ті­зі­лім МАЖ
5.
Ха­бар­ла­ма­лар жі­бе­ру
Ті­зі­лім МАЖ
Анық­та­ма­лық­тар­да­ғы өзге­рі­стер ту­ра­лы ақ­па­рат­тан­ды­ру, ақ­па­рат­тық жі­бе­ру;
ЭСЖ

3 ЭСЖ және Тізілім МАЖ ақпараттық өзара іс-қимылы кезінде пайдаланылатын жіктеушілер мен анықтамалықтар тізбесі және құрамы

Ақпаратқа қол жеткізу
және беру қағидаларына
3-қосымша
ЭСЖ және Тізілім МАЖ ақпараттық өзара іс-қимылы кезінде пайдаланылатын жіктеушілер мен анықтамалықтар тізбесі және құрамы
р/с №
Жік­те­уіш­тің ата­уы
1
Әкім­ші­лік-аумақ­тық бір­лік­тер жік­те­уі­ші
2
Өнім­нің ста­ти­сти­ка­лық жік­те­уі­ші
3
Өл­шеу және есеп­теу бір­лік­те­рі­нің ха­лы­қа­ра­лық жік­те­уі­ші
4
Әлем ел­де­рі­нің жік­те­уі­ші
5
Ша­ру­а­шы­лық ету ны­сан­да­ры­ның ұй­ым­дық-құқық­тық жік­те­уі­ші

Қолданыстағы