Құжат мәтініне өту

О реорганизации отдельных республиканских государственных предприятий Министерства образования и науки Республики Казахстан

Қаулы · № 529 · қабылданған 29.05.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-72794/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О реорганизации отдельных республиканских государственных предприятий Министерства образования и науки Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 529 ·29.05.2013
19.08.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реорганизации отдельных республиканских государственных предприятий Министерства образования и науки Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 529 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации отдельных республиканских государственных предприятий Министерства образования и науки Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген республикалық мемлекеттік ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
529
Қабылданған күні
29.05.2013
Көрсетілген редакция
19.08.2022 72794_592387.kaz
Соңғы өзгеріс
19.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000529
ЭКБ идентификаторы
72794
Редакция идентификаторы
72794_592387
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:01

0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген республикалық мемлекеттік ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қосылу жолымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып;

2

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Шәкәрiм атындағы Семей мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Семей мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қосылу жолымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Мыналар:

1 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі кәсіпорындарға қатысты тиісті саланы басқару жөніндегі уәкілетті орган;

2 2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы, сондай-ақ ғылыми зерттеулер саласындағы қызметті жүзеге асыру кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні болып айқындалсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорындар жарғыларын бекітуге ұсынуды;

2 2) кәсіпорындарды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

13 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 мамырдағы
№ 529 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

2 2. «Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі № 1021 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 28, 339-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесінде:
реттік нөмірлері 8 және 19-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 35 және 36-жолдармен толықтырылсын:
«35. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақтөбе қаласы;
36. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Семей қаласы».

3

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

5

Қолданыстағы