О некоторых вопросах развития экспорта сжиженного углеводородного газа морским путем и внесении изменения и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах развития экспорта сжиженного углеводородного газа морским путем и внесении изменения и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Сұйытылған көмірсутегі газын теңіз жолымен экспорттауды дамытудың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 534
- Қабылданған күні
- 29.05.2013
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2016 AI72799_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000534
- ЭКБ идентификаторы
- 72799
- Редакция идентификаторы
- AI72799_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:01
0 Сұйытылған көмірсутегі газын теңіз жолымен экспорттауды дамытудың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Сұйытылған көмірсутегі газын теңіз жолымен экспорттық жеткізуді дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Ақтау теңіз портының сұйытылған көмірсутегі газын жөнелту жөніндегі теңіз терминалының иесімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 1240 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің ашылу, жұмыс істеу және жабылу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы сұйытылған көмірсутегі газын тасымалдауды жүзеге асыратын кемелерді өткізудің технологиялық схемасын бекіту жөніндегі шараларды қабылдасын.