Құжат мәтініне өту

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи

Өзге акт · № 97 · қабылданған 02.05.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-72811/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи Күшін жойған Өзге акт ·№ 97 ·02.05.2013
08.11.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.11.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи

Күшін жойған Өзге акт ·№ 97 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи
Атауы (қаз.)
Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
97
Қабылданған күні
02.05.2013
Көрсетілген редакция
08.11.2017 72811_260297.kaz
Соңғы өзгеріс
08.11.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13LC004459
ЭКБ идентификаторы
72811
Редакция идентификаторы
72811_260297
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:08

0 Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңдарына, және "Тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 Қаулысына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШТI:

1 1. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2

2. Арал аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегi "Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң Қағидасын бекiту туралы" N 56 шешiмiнiң (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 4329 нөмiрiмен тiркелген, аудандық "Толқын" газетiнiң 2012 жылы 07 қарашадағы N 90 санында жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

4 Арал аудандық мәслихатының

2013 жылғы "02" мамырдағы
кезектен тыс он бесiншi сессиясының
N 97 шешiмiне қосымша
Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi
Осы тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекiтiлген "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiне" сәйкес әзiрлендi.

1 1. Тұрғын үй көмегiн көрсету тәртiбi

1

1. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекiтiлген "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiнiң" 2-тармағында көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық табыстың 12 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.

2 2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады

3

4 4. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы (азамат) уәкiлеттi органға өтiнiшпен жүгiнедi және Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекiтiлген "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiнiң" 4-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

2 2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi

5 5. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн тағайындау төмендегi пайдалану нормаларына сәйкес жүргiзiледi:

1 1) Электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:

1 адамға - 70 киловатт;
2 адамға – 140 киловатт;
3 және одан да көп адамға – 150 киловатт.

2 2) Газ пайдалану нормалары 1 айға:

4 адамға дейiн – 10 килограмм;
4 және одан да көп адамға – 20 килограмм.

3 3) отын пайдалану от жағу маусымына:

4 адамға дейiн – 0,5 тонна.
4 және одан да көп адамға – 1 тонна.

4 4) сумен жабдықтау – 1 айға 1 адамға тиiстi уәкiлеттi органдардың берген тарифi бойынша.

5 5) тұрғын үйдi күтiп ұстау – ай сайын 1 адамға 18 шаршы метр.

3 3. Тұрғын үй көмегiн төлеу тәртiбi

6 6. Тұрғын үй көмегiн төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегiн алушылардың жеке шоттарына екiншi деңгейдегi банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.

Қолданыстағы