Об изменении границ города Степногорска и Аккольского района Акмолинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменении границ города Степногорска и Аккольского района Акмолинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облысы Степногорск қаласы мен Ақкөл ауданының шекараларын өзгерту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-4/194
- Қабылданған күні
- 08.05.2013
- Көрсетілген редакция
- 18.06.2020 72815_467550.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13B0003754
- ЭКБ идентификаторы
- 72815
- Редакция идентификаторы
- 72815_467550
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:06
0 Ақмола облысы Степногорск қаласы мен Ақкөл ауданының шекараларын өзгерту туралы
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы аудандарының және облыстық маңызы бар қалаларының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 455 қаулысы негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Ақкөл ауданы Бөгенбай ауылдық округінің жалпы көлемі 10711 гектар жерлерін, оның ішінде Бөгенбай ауылының 5363 гектар жерлері, Байқоныс ауылының 5348 гектар жерлері, сонымен қатар Бөгенбай ауылдық округінің әкімшілік шекараларындағы Ақкөл ауданының басқа санаттағы жалпы көлемі 112289 гектар жерлерін Степногорск қаласының шекарасына беру арқылы Степногорск қаласы мен Ақкөл ауданының шекаралары қосымшаға сәйкес өзгертілсін.
2 2. Степногорск қаласы және Ақкөл ауданы жерді-есепке алу құжаттамасына тиісті өзгерістер енгізсін.
3 3. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Ақмола облысы әкімдігінің
2013 жылғы 8 мамырдағы
№ А-4/194 қаулысына
қосымша
Ақмола облыстық мәслихатының
2013 жылғы 8 мамырдағы
№ 5С-13-2 шешіміне
қосымша
Степногорск қаласының шекарасына енгізілетін Ақкөл ауданы жерлерінің экспликациясы
Өңірдің атауы
Барлық жерлер, гектар
Оның ішінде
Ауыл шаруашылық алқаптары
Су астында
Жол астында
Құрылыс астында
Орман қоры жерлері
Егістік
Шабындық
Жайылым
Бөгенбай ауылдық округі, соның ішінде:
123000
17190
51
87332
3887
213
542
13785
Бөгенбай ауылы
5363
23
-
4843
16
197
284
-
Байқоныс ауылы
5348
17
-
5054
3
16
258
-
Басқа санаттағы жерлер
112289
17150
51
77435
3868
-
-
13785