Об утверждении перечня специальностей, требующих специальной или творческой подготовки, и Правил проведения специальных или творческих экзаменов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня специальностей, требующих специальной или творческой подготовки, и Правил проведения специальных или творческих экзаменов
- Атауы (қаз.)
- Арнайы немесе шығармашылық даярлауды талап ететін мамандықтардың тізбесін және Арнайы немесе шығармашылық емтихандар өткізу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 153
- Қабылданған күні
- 25.04.2013
- Көрсетілген редакция
- 13.09.2017 72853_241405.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.09.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008479
- ЭКБ идентификаторы
- 72853
- Редакция идентификаторы
- 72853_241405
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:12
0 Арнайы немесе шығармашылық даярлауды талап ететін мамандықтардың тізбесін және Арнайы немесе шығармашылық емтихандар өткізу қағидаларын бекіту туралы
«Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған:
1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Арнайы немесе шығармашылық даярлауды талап ететін мамандықтар тiзбесі;
2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Арнайы немесе шығармашылық емтихандар өткізу қағидалары бекітілсін.
2 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова):
1 1) осы бұйрықтың белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар тізбесі
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 25 сәуірдегі
№ 153 бұйрығына
1-қосымша
Арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар тізбесі
Коды
Мамандықтардың атаулары
Арнайы дайындықты талап ететін мамандықтар
5В010300
Педагогика және психология*
5В010400
Бастапқы әскери дайындық
5В010800
Дене шынықтыру және спорт
5В021500
Исламтану
5В020600
Дінтану
Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар
5В010600
Музыкалық білім
5В010700
Бейнелеу өнері және сызу
5В040100
Музыкатану
5В040200
Аспаптық орындаушылық
5В040300
Вокалдық өнер
5В040400
Дәстүрлі музыка өнері
5В040500
Дирижерлеу
5В040600
Режиссура
5В040700
Актерлік өнер
5В040800
Эстрада өнері
5В040900
Хореография
5В041000
Сценография
5В041100
Композиция
5В041200
Операторлық өнер
5В041300
Кескіндеме
5В041400
Графика
5В041500
Мүсін
5В041600
Өнертану
5В041700
Сән өнері
5В042000
Сәулет
5В042100
Дизайн
5В042300
Арт-менеджмент
5В050400
Журналистика
5В090600
Мәдени-тынығу жұмысы
5В140100
Орындаушылық өнер
5В140200
Халық аспаптары
5В140300
Ән айту өнері
*өнер саласындағы жоғары оқу орындарының мамандығы
10 Арнайы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 25 сәуірдегі
№ 153 бұйрығына
2-қосымша
Арнайы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Арнайы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларының 10-тармағына сәйкес әзірленген және арнайы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібін анықтайды.
2 2. Арнайы немесе шығармашылық емтихандар (бұдан әрі – шығармашылық емтихандар) жоғары оқу орындарына арнайы немесе шығармашылық даярлықты талап ететін мамандықтарға түсетін тұлғалар үшін өткізіледі.
3 3. Шығармашылық емтиханның мақсаты талапкерлердің шығармашылық қабілеттерінің және шығармашылық бағыттағы кәсіптерді меңгерудегі тұлғалық алғышарттарының болуын тексеру болып табылады.
4 4. Шығармашылық емтихандарды жоғары оқу орындарының пәндік комиссиялары өткізеді.
5 5. Әрбір мамандық бойынша шығармашылық емтиханның саны екіге тең.
6 6. Шығармашылық мамандықтарға талапкерлерден өтінімдерді қабылдау олардың таңдаған жоғары оқу орнының мекен-жайы бойынша жүзеге асырылады.
7 7. Шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны мен мазмұныосы Қағидаларға қосымшаға сәйкес анықталады.
8 8. Шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін құрамы ректордың бұйрығымен бекітілетін пәндік комиссиялар құрылады.
9 9. Шығармашылық емтихандардың кестесін (пәннің атауы, күні, уақыты және өткізілетін орны, консультациялар, нәтижелерді жариялау күні) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттар қабылдау басталғаннан кешіктірілмей талапкерлердің назарына жеткізіледі.
10 10. Шығармашылық емтихандар 25 балдық жүйе бойынша бағаланады. Шығармашылық емтиханның нәтижесі бойынша, олардың сәтті өткенін растайтын ең төменгі балл саны – 10 балл.
11 11. Бірінші шығармашылық емтиханда белгіленген балл санынан кем алған талапкерлер келесі емтиханға жіберілмейді.
2 2. Шығармашылық емтиханды өткізу тәртібі
12 12. Шығармашылық емтихандар өткізу аудиториясына жіберуді және емтиханды өткізу кезінде осы Қағидаларды сақтауды қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы және оның орынбасары, емтиханды өткізуге тартылған арнайы кезекшілер, техникалық хатшылар қамтамасыз етеді.
13 13. Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде аудиторияда бөтен тұлғалардың болуына жол берілмейді.
14 14. Талапкер шығармашылық емтиханға кестеде көрсетілген мерзімде келеді. Талапкер аудиторияға емтихан басталғанға дейін 30 минут бұрын жіберіледі.
15 15. Талапкер шығармашылық емтихан өткізу аудиториясына жеке басын куәландыратын құжатты және құжаттарын қабылдағаны туралы қолхатты көрсеткен жағдайда жіберіледі.
16 16. Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде бір орыннан басқа орынға ауысуға, емтихан материалдарымен алмасуға, көшіріп алуға, аудиторияға оқулықтарды, басқа да әдістемелік әдебиеттерді, мобильді байланыс құралдарын кіргізуге және қолдануға тыйым салынады.
17 17. Шығармашылық емтихандар тыныш және қолайлы жағдаймен қамтамасыз етіледі, талапкерлерге өз білімі мен білік деңгейін толық көрсете алуына барынша мүмкіндік жасалады.
18 18. Шығармашылық емтихандарды өткізу кезінде талапкерлерге және оны өткізу үшін тартылған жоғары оқу орнының қызметкерлеріне өзімен бірге байланыс және электрондық-есептеу техникаларын алуға және пайдалануға тыйым салынады.
19
19. Шығармашылық емтихан басталғаннан кейін талапкерлерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеуге ұсынылған тәртіптер түсіндіріледі, сондай-ақ шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыттары, нәтижелерді жариялаудың және аппеляция өткізудің уақыты мен орны көрсетіледі.
20 20. Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде талапкерлер мынадай талаптарды сақтайды:
1 1) тыныштық сақтау және өз бетінше жұмыс істеу, емтихан алушымен және басқа талапкерлермен сөйлеспеу;
2 2) аудиторияда жүрмеу, басқа орынға отырмау;
3 3) шығармашылық емтиханның аяқталғанға дейін емтихан алушының рұқсатынсыз емтихан аудиториясынан шықпау.
21 21. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін талапкер аудиториядан шығарылады. Бұл ретте емтихан жұмысының тутулдық парағына емтихан алушының қолымен расталған шығару себебі туралы жазылады. Талапкердің бұл жұмысы жойылады.
22
22. Талапкер дәлелді себептермен емтиханға кешігіп немесе келмеген жағдайда ол шығармашылық емтиханды жазбаша өтініші мен шығармашылық емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептерін растайтын құжаттарды ұсынуы негізінде ректордың рұқсаты бойынша бекітілген кесте шеңберінде басқа уақытта тапсыруға жіберіледі.
Шығармашылық емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептер мыналар болып табылады:
1 1) талапкердің ауырып қалуы (емдеу мекемесінен ауырып қалғандығы туралы анықтаманы ұсынумен расталады, анықтама емдеу мекемесінің мөрімен бекітіледі);
2 2) төтенше жағдайлар, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы (мемлекеттік мекемеден төтенше жағдайдың немесе жол-көлік оқиғасының болу фактісін айғақтайтын анықтама ұсынумен расталады);
3 3) жақын туыстарының (ата-анасы, ерлі-зайып, балалары, асырап алушылар, асырап алғаны, толыққанды және толыққанды емес ағайындары мен апа-қарындастары, атасы, әжесі) қайтыс болуы (анықтамамен расталады).
23 23. Дәлелді себептер бойынша шығармашылық емтиханға келмеген тұлғалар оған шығармашылық емтихандарды өткізу мерзімінен кешіктірілмей қосымша анықталған күні жіберіледі.
24 24. Дәлелсіз себептермен шығармашылық емтиханға келмеген талапкерлер емтихан тапсыруға жіберілмейді.
25 25. Шығармашылық емтиханға қайта қатысуға және қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
26 26. Емтихан жұмыстарын тексеру тек жоғары оқу орнының ғимаратында жүргізіледі.
27 27. Шығармашылық жұмыстарды тексеруді тек пәндік комиссияның мүшелері жүргізеді.
28 28. Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары еркін нысандағы бағалау ведомосымен және пәндік комиссия хаттамасымен ресімделеді.
29 29. Тексерілген жұмыстар, бағалау ведомостері және бағалары мен тексеруші емтихан қабылдаушылардың, пәндік комиссиясы төрағасының қолдары қойылған хаттамалар жауапты хатшыға (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі.
30 30. Шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткеннен кейін келесі күні хабарланады.
31 31. Талаптарды сақтауды және шығармашылық емтихандарды бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешуді, емтихан өткізу кезеңінде шығармашылық емтихандар тапсырушы тұлғалардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында әрбір жоғары оқу орнында апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляциялық комиссия шығармашылық емтиханның нәтижелерімен келіспейтін тұлғалардың өтінімдерін қарастыру үшін құрылады. Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен бекітіледі.
32 32. Апелляцияға өтінімді аппеляциялық комиссия төрағасының атына шығармашылық емтихан тапсырушы тұлға жеке береді. Өтінім шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады.
33 33. Апелляциялық комиссия әрбір тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның өтінімі апелляцияға қарастырылмайды.
34
34. Шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және комиссия мүшелерінің барлығының қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
35 35. Жоғары оқу орындары меншік нысанына қарамастан:
1 1) апелляция аяқталған күні шығармашылық емтихандарды өткізу нәтижелерін Ұлттық тестілеу орталығына тапсырады;
2 2) он күнтізбелік күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ шығармашылық емтихан тапсыру туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
56 Арнайы немесе шығармашылық емтихандардың нысаны мен мазмұны
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 25 сәуірдегі
№ 153 бұйрығымен бекітілген
Арнайы немесе шығармашылық
емтихандарды өткізу қағидаларына
қосымша
Арнайы немесе шығармашылық емтихандардың нысаны мен мазмұны
Коды
Мамандықтардың атаулары
Бірінші шығармашылық емтихан
Екінші шығармашылық емтихан
1
2
3
4
Арнайы дайындықты талап ететін мамандықтар
5В010300
Педагогика және психология*
Музыкалық аспапта жеке орындаушылық
Музыкалық білім берудегі педагогика және психология бойынша сұрақтар – ауызша
5В010400
Бастапқы әскери дайындық
Спорт түрлері бойынша нормативтер
Спорт ойындары
5В010800
Дене шынықтыру және спорт
Мамандану бойынша нормативтер
Жалпы дене даярлығы бойынша нормативтер
5В020600
Дінтану
Кәсіпке жарамдығын анықтау үшін әңгімелесу
Дін негіздері бойынша ауызша емтихан
5В021500
Исламтану
Кәсіпке жарамдығын анықтау үшін әңгімелесу
Ислам негіздері бойынша ауызша емтихан
Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар
5В010600
Музыкалық білім
Соло орындау
Өнер тарихы бойынша ауызша емтихан
5В010700
Бейнелеу өнері және сызу
Сурет
Кескіндеме
5В040100
Музыкатану
Музыкалық шығарманы сынап талдау.
Музыкалық викторина.
Музыкалық тақырыптарды орындау
Гармония бойынша ауызша емтихан.
Сольфеджио бойынша диктант
5В040200
Аспаптық орындаушылық
Соло бағдарламаны орындау
Гармония бойынша ауызша емтихан.
Сольфеджио бойынша диктант
5В040300
Вокалдық өнер
Соло бағдарламаны орындау
Музыканың бастауыш теориясы бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант
5В040400
Дәстүрлі музыка өнері
Соло бағдарламаны орындау
Гармония бойынша ауызша емтихан.
Сольфеджио бойынша диктант
5В040500
Дирижерлеу
Дирижерлеу. Естіп талдау. Рояльда ойнау. Коллоквиум
Гармония бойынша ауызша емтихан.
Сольфеджио бойынша диктант
5В040600
Режиссура
Жазбаша жұмыс
Режиссура бойынша ауызша емтихан
5В040700
Актерлік өнер
Актер шеберлігі, сахна тілі
Би, вокал
5В040800
Эстрада өнері
Эстрада вокалы. Аспапшылар үшін бағдарлама орындау
Гармония бойынша ауызша емтихан, сольфеджио
5В040900
Хореография
Орындау шеберлігі
Хореография педагогикасы бойынша ауызша емтихан
5В041000
Сценография
Сурет, кескіндеме
Композиция
5В041100
Композиция
Шағын нысанды жанрдағы шығармалардан көрініс. Музыкалық әдебиет бойынша коллоквиум
Гармония бойынша ауызша емтихан.
Сольфеджио бойынша диктант
5В041200
Операторлық өнер
Практикалық жұмыс – павильонда және табиғатта түсіру
Физика бойынша ауызша емтихан
5В041300
Кескіндеме
Сурет, кескіндеме
Композиция
5В041400
Графика
Сурет, кескіндеме
Композиция
5В041500
Мүсін
Сурет, мүсін
Композиция
5В041600
Өнертану
Жазбаша жұмыс
Өнертану бойынша ауызша емтихан
5В041700
Сән өнері
Сурет, кескіндеме
Композиция
5В042000
Сәулет
Сурет
Сызу
5В042100
Дизайн
Сурет
Сызу
5В042300
Арт-менеджмент
Коллоквиум. Арт-жобаны таныстыру
«Психологиялық менеджмент» тренингі
5В050400
Журналистика
Шығарма
Кәсіпке жарамдығын анықтау үшін әңгімелесу
5В090600
Мәдени-тынығу жұмысы
Орындау шеберлігі
Ұйымдастырушы-режиссерлік шеберлік
5В140100
Орындаушылық өнер
Соло бағдарламаны орындау
Гармония бойынша ауызша емтихан.
Сольфеджио бойынша диктант
5В140200
Халық аспаптары
Соло бағдарламаны орындау
Гармония бойынша ауызша емтихан.
Сольфеджио бойынша диктант
5В140300
Ән айту өнері
Соло бағдарламаны орындау
Музыканың бастауыш теориясы бойынша ауызша емтихан.
Сольфеджио бойынша диктант
*өнер саласындағы жоғары оқу орындарының мамандығы