Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил возмещения государству бюджетных средств, затраченных на обучение военнослужащих Внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан в военных учебных заведениях

Бұйрық · № 339 · қабылданған 20.05.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-72879/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил возмещения государству бюджетных средств, затраченных на обучение военнослужащих Внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан в военных учебных заведениях Күшін жойған Бұйрық ·№ 339 ·20.05.2013
24.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил возмещения государству бюджетных средств, затраченных на обучение военнослужащих Внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан в военных учебных заведениях

Күшін жойған Бұйрық ·№ 339 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил возмещения государству бюджетных средств, затраченных на обучение военнослужащих Внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан в военных учебных заведениях
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтару қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
339
Қабылданған күні
20.05.2013
Көрсетілген редакция
24.06.2015 AI72879_4.kaz
Соңғы өзгеріс
24.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008483
ЭКБ идентификаторы
72879
Редакция идентификаторы
AI72879_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:04

0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтару қағидасын бекіту туралы

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтару қағидасы бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және мерзімдік басылымдарда жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер бас қолбасшысына жүктелсін.

4 Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтару ҚАҒИДАСЫ

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
полиция генерал-лейтенанты                 Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 20 мамырдағы
№ 339 бұйрығымен
бекітілген
Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтару ҚАҒИДАСЫ

1

1. Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтару қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-бабына сәйкес әзірленген және бір әскери қызметшіні әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтару тәртібін айқындайды.

2

2. Әскери оқу орнынан шығарылған, сондай-ақ әскери қызмет өткеру туралы келісiмшарт жасасудан бас тартқан әскери қызметші, егер оқудан шығарылу сәтінде ол он сегіз жасқа толған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзiмін өткермеген болса, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті Ұйымдастыру-жұмылдыру басқармасының өкімі бойынша әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін әскери қызмет өткеру орнына жіберіледі. Бұл ретте үлгерімінің төмен болуы, тәртiп сақтамағаны үшін, Заңының 26-бабында көрсетілген басқа да теріс себептер бойынша немесе өз бастамасы бойынша әскери оқу орнынан шығарылған әскери қызметші өзін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке Қазақстан Республикасының заңнамаларына және осы Қағидаға сәйкес өтеуге міндеттi.

3

3. Әскери қызметшi әскери оқу орнын аяқтағаннан кейiн әскери қызмет өткеруден бас тартса немесе теріс себептер бойынша немесе өз бастамасы бойынша келiсiмшартты бұзған жағдайда ол өзін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке Қазақстан Республикасының заңнамаларына және осы Қағидаға сәйкес өтеуге міндеттi. Ұстауға жататын сома келiсiмшарт мерзiмi аяқталғанға дейiн әрбiр толық өткерiлмеген айға барабар есептеледі.

4

4. Әскери оқу орындарында және әскери бөлімдер, офицер әскери оқу орнын аяқтағаннан кейiн әскери қызмет өткеруден бас тартса, теріс себептер бойынша келiсiмшартты бұзған және босатылған жағдайда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитетінің Кадр және әскери білім басқармасына дереу хабарлайды және аттестациялық материалдарын жібереді.

5

5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті Кадр және әскери білім және Бюджет-қаржы басқармаларының бастықтары жыл сайын 20 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер Бас қолбасшысына осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша бір әскери қызметшіні оқу жылында оқытуға жұмсалған нақты қаражаттың жиынтық есебін бекітуге ұсынады. Бұл ретте бюджет қаражатын өтеу сомасы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен есептеледі.

6

6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті Кадр және әскери білім және Бюджет-қаржы басқармаларының бастықтары жыл сайын 20 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер Бас қолбасшысына осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлерінің бір әскери қызметшісін оқу жылында жақын және алыс шетел оқу орындарында оқытуға жұмсалған нақты қаражаттың жиынтық есебін осы мемлекетпен (тиісті министрлікпен немесе ведомствамен) жасалған келісім (келісімшарт) бойынша төлем жүргізілген валютада бекітуге ұсынады. Бұл ретте бюджет қаражатын өтеу сомасы өтеу туралы талаптар қойылған күні Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің курсын қайта қаржыландыру ставкасы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен есептеледі.

7

7. Әрбір әскери қызметшіні оқытуға нақты шығындардың жыл сайын қалыптастырылатын жиынтық есеп білім алушы әскери қызметшілердің жеке (оқу) ісіне қоса тігіледі және оқудан шығарылған кезде немесе әскери қызметші әскери қызмет өткеруден бас тартқан жағдайда оқу аяқталған соң бір ай мерзімде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын өтеуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитетінің, Әскери институттың және оқу орнынан шығарылған немесе әскери қызметтен босатылған әскери қызметшінің тұрғылықты орны (қызмет орны) бойынша әскери бөлімдердің заң қызметтеріне жіберіледі.

8 8. Әскери қызметшілер оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын өз еркімен өтеуден бас тартқан жағдайда осы Қағиданың 1, 2-тармақтарында көрсетілген өтеу жөніндегі материалдар бір айлық мерзімде сотқа тапсырылады.

9

9. Келісімшарт бұзған немесе теріс себептері бойынша босатылған офицерлерге және босатылған курсанттарға қатысты әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтаруға есеп және мониторинг жүргізу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитетіне жүктеледі.

10 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің бір әскери қызметшісін ____________ мамандығы бойынша ____/____ оқу жылына оқытуға жұмсалған нақты қаражаттың жиынтық есебі _________________________________________________ Әскери оқу орнының атауы

10. Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған қайтарылатын қаражат республикалық бюджет кірісіне аударуға жатады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери
қызметшілерін Қазақстан Республикасының
әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған
бюджет қаражатын мемлекетке қайтару
қағидасына 1-қосымша
Үлгі
БЕКІТЕМІН
Қазақстан Республикасы ІІМ
Ішкі әскерлер бас қолбасшысы
___________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
«____» ____________________
(күні)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің бір әскери қызметшісін ____________ мамандығы бойынша ____/____ оқу жылына оқытуға жұмсалған нақты қаражаттың жиынтық есебі _________________________________________________ Әскери оқу орнының атауы
(теңге)

р/с
Шы­ғы­стар ата­уы
1 курс
2 курс
3 курс
4 курс
Бар­лы­ғы
1
Оқи­тын әс­ке­ри қыз­мет­ші­нің сти­пен­ди­я­сы
2
Оқу про­це­сін қам­та­ма­сыз ете­тін адам­дар­дың ең­бе­ка­қы­сын тө­ле­умен бай­ла­ны­сты шы­ғы­стар
3
Азық-тү­лік­пен қам­та­ма­сыз ету­ге бай­ла­ны­сты шы­ғы­стар
4
Ме­ди­ци­на­лық қам­та­ма­сыз ету­ге бай­ла­ны­сты шы­ғы­стар
5
Ки­ім-ке­шек­пен қам­та­ма­сыз ету­ге бай­ла­ны­сты шы­ғы­стар
6
Жа­нар-жа­ғар май ма­те­ри­ал­да­ры­на ар­нал­ған шы­ғы­стар
7
Кең­се, ша­ру­а­шы­лық және бас­қа да заттар­ды са­тып алу­ға ар­нал­ған шы­ғы­стар
8
Ком­му­нал­дық шы­ғы­стар
9
Бай­ла­ныс және ин­тер­нет қыз­ме­ті
10
Кө­лік қыз­мет­те­рін тө­леу
11
Жал­ға алу бой­ын­ша шы­ғы­стар
12
Ғи­ма­рат­тар­ды, құ­рал-жаб­дық­тар­ды, кө­лік құ­рал­да­рын ұстау, қыз­мет көр­се­ту және ағым­да­ғы жөн­деу, мон­ша-кір жуу қыз­ме­ті, банк­тік және бас­қа да қыз­мет көр­се­ту­лер
13
Іс­са­пар және қыз­мет­тік жол жү­ру­ге ар­нал­ған шы­ғын­дар
14
Бас­қа да ағым­да­ғы шы­ғын­дар
15
Азық-тү­лік үле­сі­нің ор­ны­на ақ­ша­лай өте­ма­қы тө­ле­умен бай­ла­ны­сты шы­ғы­стар және бас­қа да транс­ферт­тер
16
Бас­қа да шы­ғы­стар
Жиы­ны
Ескертпе: Барлық шығыстарды қызмет бастықтары есептер-негіздемелермен растайды, содан кейін қорытынды жасау үшін қаржы қызметіне ұсынады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі
әскерлер комитеті Кадр және әскери білім басқармасының бастығы
М.О.             ______________________________________
(әскери атағы, қолы)
«___» _____________________
(күні)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі
әскерлер комитеті Бюджет-қаржы басқармасының бастығы
____________________________________
(әскери атағы, қолы)
«_____»_____________________
(күні)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери
қызметшілерін Қазақстан Республикасының
әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған
бюджет қаражатын мемлекетке қайтару
қағидасына 2-қосымша
Үлгі
БЕКІТЕМІН
Қазақстан Республикасы ІІМ
Ішкі әскерлер бас қолбасшысы
___________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
«____» ____________________
(күні)
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің бір әскери қызметшісін жақын және алыс шетел жоғары оқу орындарында ____/____ оқу жылына оқытуға жұмсалған нақты шығынның жиынтық есебі
(шарт.бірл.)

р/с
Шы­ғы­стар ата­уы
1 курс
2 курс
3 курс
4 курс
5 курс
6 курс
Бар­лы­ғы
Әс­ке­ри оқу ор­ны­ның тың­да­у­шы­сы
1
Оқы­ту
2
Ке­лі­сім­шарт (шарт) бой­ын­ша тө­ле­не­тін ақы
3
Ақ­ша­лай үлес және бас­қа да тө­лем­дер
4
Ки­ім-ке­шек үле­сі
5
Тың­да­у­шы­ның және оның от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің қыз­мет ат­қа­ра­тын (тұ­ра­тын) ор­ны­нан оқи­тын орын­ға дей­ін жол жү­руі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на қай­туы
6
Үй мүл­кін та­сы­мал­дау
7
Тың­да­у­шы­ның от­ба­сы мү­ше­ле­рін ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру
8
Әс­ке­ри оқу ор­ны ұсын­ған пәтер­лер­де тұ­ру
9
Пәтер тө­лем­де­рі, жи­һаз­дар­ды, электр тұр­мыстық тех­ни­ка­ны және бас­қа да мү­лік­тер­ді қол­дан­ға­ны үшін тө­лем­дер
10
Жол жү­ру құ­жат­та­рын ре­сім­деу
11
Бас­қа да шы­ғы­стар
Жиы­ны
Әс­ке­ри оқу ор­ны­ның кур­сан­ты
1
Оқы­ту
2
Ке­лі­сім­шарт (шарт) бой­ын­ша тө­ле­не­тін ақы
3
Сти­пен­дия
4
Ұшу прак­ти­ка­сы
5
Оқу­ға түс­кен­нен кей­ін кур­сант­тың оқи­тын әс­ке­ри оқу ор­ны­на жол жү­руі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на қай­туы
6
Кур­сант­тың оқи­тын пунк­ті­нен оқу-жа­уын­гер­лік атыс өт­кі­зу үшін по­ли­гон­ға жол жү­руі және ке­рі қай­туы
7
По­ли­гон­дар­да оқу-жа­уын­гер­лік аты­стар­ды қам­та­ма­сыз ету үшін зы­мы­ран­дар, оқ-дә­рі­лер және бас­қа да мү­лік бө­лу
8
Жол жү­ру құ­жат­та­рын ре­сім­деу
9
Ба­стап­қы оқу­ды қам­та­ма­сыз ету
10
Бас­қа да шы­ғы­стар
Жиы­ны
Ескертпе: барлық шығыстар келісімшарттардың (шарттардың) және оларға қосымша келісімдердің көшірмелерімен, сондай-ақ шетелде кадрларды даярлауға жауап беретін лауазымды тұлғалардың есептері-негіздемелерімен расталады, одан кейін қорытынды жасау үшін қаржы қызметіне ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі
әскерлер комитеті Кадр және әскери білім басқармасының бастығы
М.О.             ______________________________________
(әскери атағы, қолы)
«___» _____________________
(күні)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі
әскерлер комитеті Бюджет-қаржы басқармасының бастығы
____________________________________
(әскери атағы, қолы)
«_____»_____________________
(күні)

Қолданыстағы