Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением карантинного режима в Урджарском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением карантинного режима в Урджарском районе
- Атауы (қаз.)
- Үржар ауданына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағына ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 250
- Қабылданған күні
- 30.05.2013
- Көрсетілген редакция
- 05.07.2013 AI72889_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.07.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13VR002968
- ЭКБ идентификаторы
- 72889
- Редакция идентификаторы
- AI72889_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:01
0 Үржар ауданына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағына ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекция бастығының 2013 жылдың 27 мамырдағы № 512 ұсынысының негізінде Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақшоқы ауылдық округінің Ақшоқы ауылында ірі қара малдар арасынан аусыл індетінің пайда болуына байланысты, Үржар ауданына карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағына ветеринариялық режим белгіленсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С. Садвакасовқа осы карантин іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3 3. Үржар ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Н. Дүйсекеновке сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
4
4. Ақшоқы ауылдық округінің әкімі Р. Саржановқа шектеу белгіленген аумақтан немесе аумаққа ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу және осы аймақтан алып кету, ауыл шаруашылығы жануарлары шикізаттарын, өнімдерін дайындау және өткізу, еңбекті ұйымдастыру Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларда белгіленген ережелерін сақтай отырып жүргізу тапсырылсын.
5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Байсабыровқа жүктелсін.
6 6. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
ҚР ауыл шаруашылық министрлігі
ветеринариялық бақылау және қадағалау
комитетінің Үржар аудандық аумақтық
инспекциясы бастығы
С. Садвакасов
30 мамыр 2013 жыл
Үржар ауданының ішкі істер
бөлімі бастығының орынбасары
Н. Дүйсекенов
30 мамыр 2013 жыл