Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени рисков и формы проверочного листа по оказанию государственных услуг

Бұйрық · № 06-7/64 · қабылданған 04.05.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-72944/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени рисков и формы проверочного листа по оказанию государственных услуг Күшін жойған Бұйрық ·№ 06-7/64 ·04.05.2013
31.12.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени рисков и формы проверочного листа по оказанию государственных услуг

Күшін жойған Бұйрық ·№ 06-7/64 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени рисков и формы проверочного листа по оказанию государственных услуг
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
06-7/64
Қабылданған күні
04.05.2013
Көрсетілген редакция
31.12.2014 AI72944_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008485
ЭКБ идентификаторы
72944
Редакция идентификаторы
AI72944_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:07

0 Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 13-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берілген:

1 1) Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері.

2 2) Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органдар үшін тексеру парағының нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Инспекция және бақылау бөлімі (Л. Шекимова):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары С.Қ. Ахметжановқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оны бірінші рет ресми жариялағаннан бастап қолданысқа енгізіледі бірақ, 2013 жылғы 20 мамырдан ерте емес.

0 Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
2013 жылғы 4 мамырдағы
№ 06-7/64 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1 1. Жалпы ережесі

1

1. Осы Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 13-бабы 3-тармағын және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңын орындау мақсатында мемлекеттік қызмет көрсететін тексерілетін субъектілерді тиісті тәуекел тобына жатқызу үшін әзірленген.

2 2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы тәуекел – сапасыз мемлекеттік қызмет көрсету және мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерін қолдану нәтижесінде мемлекеттік қызметтердің тұтынушыларына жағымсыз нәтиженің туу ықтималдығы;

2 2) тексерілетін субъекті – орталық мемлекеттік орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері;

3

3) тиімді қызмет – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2013 жылғы 9 қаңтардағы № 06-7/2 және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2013 жылғы 10 қаңтардағы № 22 бірлескен бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8260 тіркелген Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес 70 баллдан жоғары алған тексерілетін субъектілердің қызметі;

4 4) тиімсіз қызмет – Әдістемеге сәйкес 50 баллдан төмен алған тексерілетін субъектілердің қызметі;

5 5) төмен тиімді қызмет – Әдістемеге сәйкес 50 баллдан 70 баллға дейін алған тексерілетін субъектілердің қызметі.

2 2. Объективті критерийлерді ескере отырып, субъектілерді жоғары, орташа не шамалы тәуекел топтарына таратып бөлу

3

3. Алғашқыда мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау нәтижелері бойынша тиімді қызмет көрсеткен тексерілетін субъектілер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде көрсетілген қызметтер түрінің саны мен көрсетілген қызметтер саны ескеріліп, төменгі тәуекел дәрежесіне, төмен тиімді қызмет көрсеткен бақылау субъектілері – тәуекел дәрежесінің орташа тобына, тиімсіз қызмет көрсеткен тексерілетін субъектілер – тәуекел дәрежесінің жоғары тобына жатқызылады.

4 4. Әр тәуекел критерийі бойынша шекті мөлшерде тиісті бал беріледі.

Тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері болып мыналар табылады:

1 1) мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген стандартының болмауы – 10 балл;

2 2) мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген регламентінің болмауы – 10 балл;

3 3) мемлекеттік қызметке шағымдану:

есеп кезеңінде көрсетілген жалпы қызмет санының 0,1-ден 2 %-ға дейін – 2 балл;
есеп кезеңінде көрсетілген жалпы қызмет санының 2-ден 5 %-ға дейін – 5 балл;
есеп кезеңінде көрсетілген жалпы қызмет санының 5 %-дан жоғары – 10 балл;

4 4) мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің сақталмауы:

есеп кезеңінде көрсетілген жалпы қызмет санының 0,1-ден 2 %-ға дейін – 2 балл;
есеп кезеңінде көрсетілген жалпы қызмет санының 2-ден 5 %-ға дейін – 5 балл;
есеп кезеңінде көрсетілген жалпы қызмет санының 5 %-дан жоғары – 10 балл;

5 5) мемлекеттік қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын әзірлеуінде немесе пысықтауында қатысуының болмауы – 10 балл;

6 6) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етудің болмауы – 10 балл;

7 7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылауын жүргізбеу – 10 балл;

8 8) мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына ішкі бақылау нәтижелерін мониторингілеу шеңберінде дұрыс емес есептік ақпаратты ұсыну – 10 балл;

9 9) көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібі туралы хабардар етпеу – 10 балл.

5 5. Барлық критерийлер бойынша жалпы жиынтық қорытындыны анықтау үшін тәуекел критерийлері бойынша балдар қосылады.

6 6. Барлық критерийлер бойынша жиынтық қорытындының нәтижелері тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесінің топтары бойынша қайта бөлу үшін қолданылады.

7 7. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесінің топтары бойынша қайта бөлу мынадай түрде жүргізіледі:

1 1) бес жылда 1 рет тексеру жиілігімен тәуекел дәрежесінің төменгі тобына 0-ден 30-ға дейін бал жинаған тексерілетін субъектілер жатады;

2 2) үш жылда 1 рет тексеру жиілігімен тәуекел дәрежесінің орташа тобына 31-ден 40-қа дейін бал жинаған тексерілетін субъектілер жатады;

3 3) бір жылда 1 рет тексеру жиілігімен тәуекел дәрежесінің жоғары тобына 41-ден жоғары бал жинаған тексерілетін субъектілер жатады.

Баллдарды санау үшін ашық 10 балдық бағана қолданылады.

3 3. Қорытынды ережелер

8 8. Тәуекел деңгейі жоғары немесе орташа субъектілерді тексеру кезеңділігі тексеру нәтижелеріне тәуелді болады.

Тексерулердің нәтижесінде бұзушылықтар анықталған және анағұрлым жоғары балл алған жағдайда, орташа немесе төмен тәуекел дәрежесіндегі субъектілер тиісінше жоғары немесе орташа тәуекел дәрежесіне ауыстырылатын болады.

9 9. Тәуекел дәрежесінің бір деңгейі шеңберінде тексерулер жүргізу үшін субъектілерді іріктеу принциптері:

1 1) берілген (алған) баллдардың едәуір сомасы бойынша;

2 2) берілген баллдар тең болған жағдайда, едәуір тексерілмеген кезеңі бар субъектілер тексеру жоспарына енгізіледі.

Тәуекел дәрежесінің бір топ шеңберінде тексеру жүргізу үшін субъектілерді іріктеу Агенттіктің лауазымды адамдарымен тексерілетін субъектілердің қызметіне тексерулердің нәтижелеріне сәйкес жарты жылда бір рет жүргізіледі.

1 Мемлекеттік қызметтерді көрсететін бақылау субъектілері үшін тексеру парағы

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
2013 жылғы 4 мамырдағы
№ 06-7/64 бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Мемлекеттік қызметтерді көрсететін бақылау субъектілері үшін тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік органның атауы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектісінің атауы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
ЖСН _____________________________________________________________
Орналасқан жердің мекен-жайы (бақылау субъектісінің заңды мекен-жайы)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Тексерудің басталған күні ___________________________________________

Та­лап­тар тіз­бе­сі
Ия
Жоқ
1
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің бе­кі­ті­л­ген стан­дар­ты­ның бо­луы
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің бе­кі­ті­л­ген ре­гла­мен­ті­нің бо­луы
3
Мүм­кін­ді­гі шек­те­улі адам­дар­дың мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді алуы ке­зін­де олар­ға қа­жет­ті жағ­дай­лар жа­сау
4
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы қол­же­тім­ді ны­сан­да то­лық және анық ақ­па­рат ұсы­ну
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­кер­лер­дің бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру
6
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дың ша­ғым­да­рын «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңын­да бел­гі­лен­ген мер­зім­дер­де қа­ра­у­ға және олар­ды қа­рау нәти­же­ле­рі ту­ра­лы ха­бар­дар ету
7
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша қыз­мет алушы­лар ша­ғым­да­ры­ның қа­рау мер­зім­де­рін сақ­тау
8
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дың сұ­рау са­луы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің орын­да­лу са­ты­сы ту­ра­лы ха­бар­дар ету
9
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дың бұ­зы­л­ған құқық­та­рын, бо­стан­дық­та­ры мен заң­ды мүд­де­ле­рін қал­пы­на кел­ті­ру­ге ба­ғыт­тал­ған ша­ра­лар­ды қол­да­ну
10
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер стан­дарт­та­ры мен ре­гла­мент­те­рі­нің қол­же­тім­ді­лі­гін қам­та­ма­сыз етуі
11
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­па­сын іш­кі ба­қы­лау нәти­же­ле­рі бой­ын­ша ақ­па­рат­тың Агент­тікке және оның аумақ­тық бө­лім­ше­ле­ріне ұсы­ны­луын қам­та­ма­сыз етуі
12
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­на мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты ұсы­ну
13
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­па­сын іш­кі ба­қы­ла­уды жүр­гі­зу
14
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­ның жо­ба­сын жа­рия тал­қы­лау үшін оны «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лын­да, өзі­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да және (неме­се) об­лы­стың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның, аудан­ның, об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­га­ны­ның, қа­лад­а­ғы аудан, аудан­дық ма­ңы­зы бар қа­ла, кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­мі­нің ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да ор­на­ла­сты­ру
15
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дың мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­ның жо­ба­сы ту­ра­лы ха­бар­дар ету­дің мер­зім­де­рін сақ­тау
16
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­ның жо­ба­сын жа­рия тал­қы­ла­удың аяқ­тал­ға­ны ту­ра­лы есеп жа­сау
17
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­ның жо­ба­сын жа­рия тал­қы­ла­удың аяқ­тал­ға­ны ту­ра­лы есеп­тің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер ту­ра­лы заң­на­ма­сы­на сәй­кес ке­луі
18
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің ре­гла­мен­тін әзір­леу және бе­кі­ту мер­зім­де­рін сақ­тау
19
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты бе­кі­ті­л­ген неме­се өзгер­ті­л­ген­нен кей­ін оның көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты жа­ңар­ту
20
«Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лын­да, ин­тер­нет-ре­сур­стар­да және бас­қа да бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі қыз­мет ту­ра­лы есеп­ті ор­на­ла­сты­ру
21
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер­дің, мүд­де­лі же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың қа­ты­суы­мен мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­ла­сын­да­ғы қыз­мет ту­ра­лы есеп­тер­ге жа­рия тал­қы­ла­у­лар өт­кі­зу
22
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­па­сы­ның қо­ғам­дық мо­ни­то­рин­гі қо­ры­тындыс­ын ес­ке­ре оты­рып, мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­па­сын арт­ты­ру жө­нін­де ша­ра­лар қол­да­ну
23
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­сы­на сәй­кес қыз­мет бе­ру­ші­лер­дің мін­дет­те­рін орын­дау
24
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер стан­дарт­та­ры­ның жо­ба­ла­рын жа­рия тал­қы­лау тәр­ті­бі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­сы­на сәй­кест­і­гі
25
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да те­гін ұсы­ны­лу­ға ке­піл­дік бе­рі­л­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді те­гін негіз­де көр­се­ту
Тексерудің аяқталу күні ________________________________________
Тексеруді жүргізуге уәкілетті лауазымды адамдар:
_______________________ __________ ___________________________
(аты-жөні, лауазымы) (қолы)
_______________________ __________ ___________________________
(аты-жөні, лауазымы) (қолы)
Те ксерілетін субъектінің басшысы
таныстым:
_______________________ __________ ___________________________
(аты-жөні, лауазымы) (қолы)

Қолданыстағы