Об утверждении формы и Правил представления талона о прохождении государственного контроля, выдаваемого территориальными подразделениями Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы и Правил представления талона о прохождении государственного контроля, выдаваемого территориальными подразделениями Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өткендігі туралы талон нысанын және оны табыс ету қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 224
- Қабылданған күні
- 02.05.2013
- Көрсетілген редакция
- 30.01.2018 72963_299217.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.01.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008495
- ЭКБ идентификаторы
- 72963
- Редакция идентификаторы
- 72963_299217
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:08
0 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өткендігі туралы талон нысанын және оны табыс ету қағидаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-6-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1 1. Қоса беріліп отырған:
1 1) Бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өткендігі туралы талон нысаны;
2 2) Бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өткендігі туралы талонды табыс ету қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті:
1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Р.Е. Дәленовке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Н.А. Жоламановқа жүктелсін.
4 4. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өткендігі туралы талон
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2013 жылғы 02 мамырдағы № 219
және Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2013 жылғы 02 мамырдағы № 224
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өткендігі туралы талон
* Автомобильді өткізу пунктінің атауы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасын кесіп өту уақыты көрсетілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі мөртаңбасының орны
2 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өткендігі туралы талонды табыс ету қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2013 жылғы 02 мамырдағы № 219
және Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2013 жылғы 02 мамырдағы № 224
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өткендігі туралы талонды табыс ету қағидалары
1
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өткендігі туралы талонды табыс ету қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-6-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өткендігі туралы талонды (бұдан әрі – талон) табыс ету тәртібін айқындайды.
2 2. Салық төлеушінің импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн салық салынатын импортты жасау күні, атап айтқанда, тауарларды халықаралық автомобиль қатынасымен тасымалдау кезінде - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні талон негізінде айқындалады.