Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра здравоохранения Республики Казахстан

Бұйрық · № 269 · қабылданған 06.05.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-73004/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра здравоохранения Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 269 ·06.05.2013
15.01.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра здравоохранения Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 269 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра здравоохранения Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
269
Қабылданған күні
06.05.2013
Көрсетілген редакция
15.01.2021 73004_508136.kaz
Соңғы өзгеріс
15.01.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008501
ЭКБ идентификаторы
73004
Редакция идентификаторы
73004_508136
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:07

0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1

2

2) «Интернатура және резидентурада клиникалық мамандықтарды даярлау тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2008 жылғы наурыз, № 3, 311-бап) бұйрығына:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген интернатурада клиникалық мамандықтарды даярлау тізбесінде:
4, 8 және 9-тармақтар алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген резидентурада клиникалық мамандықтарды даярлау тізбесінде:
1, 2, 26 және 40-тармақтар алынып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Гематология»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Балалар онкологиясы және гематологиясы»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Онкология».

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (А.Ә. Сыздықова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың бұқаралық ақпараттық құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

Қолданыстағы