Құжат мәтініне өту

О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах

Өзге акт · № 16-83 · қабылданған 15.05.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-73016/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Күшін жойған Өзге акт ·№ 16-83 ·15.05.2013
19.12.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах

Күшін жойған Өзге акт ·№ 16-83 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах
Атауы (қаз.)
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16-83
Қабылданған күні
15.05.2013
Көрсетілген редакция
19.12.2014 73016_321517.kaz
Соңғы өзгеріс
19.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13DB002375
ЭКБ идентификаторы
73016
Редакция идентификаторы
73016_321517
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:05

0 Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес Қапшағай қалалық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.

2

2. Қапшағай қалалық мәслихатының 2009 жылғы 05 қазандағы N 165-30 "Қапшағай өңірінің ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымының педагогикалық мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілер тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 28 қазандағы 2-2-92 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 2 қарашадағы "Нұрлы Өлке" газетінің 43(55) нөмірінде жарияланған), Қапшағай қалалық мәслихатының 2009 жылғы 05 қазандағы N 166-30 "Қапшағай өңірінің ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілер тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 28 қазандағы 2-2-93 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 2 қарашадағы "Нұрлы Өлке" газетінің 43(55) нөмірінде жарияланған), Қапшағай қалалық мәслихатының 2009 жылғы 05 қазандағы N 167-30 "Қапшағай өңірінің ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік мәдениет ұйымының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілер тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 28 қазандағы 2-2-94 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 2 қарашадағы "Нұрлы Өлке" газетінің 43(55) нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, еңбек, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, тіл, спорт және ұлтаралық қатынастар жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы