О единых ставках фиксированного налога по Сарыкольскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О единых ставках фиксированного налога по Сарыкольскому району
- Атауы (қаз.)
- Сарыкөл ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкалары туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 86
- Қабылданған күні
- 20.05.2013
- Көрсетілген редакция
- 16.02.2018 73021_296767.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13NQ004148
- ЭКБ идентификаторы
- 73021
- Редакция идентификаторы
- 73021_296767
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:04
0 Сарыкөл ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық
мөлшерлемелері
туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес қызметін Сарыкөл ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық
мөлшерлемелері
белгіленсін.
2 2. Күші жойылды деп танылсын:
1
1) Мәслихаттың 2009 жылғы 30 маусымдағы № 134 "Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған біржолғы талондар құнының және салық салу объектінің бірлігіне тіркелген салық ставкалардың мөлшері туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-17-78 тіркелген, 2009 жылғы 6 тамыздағы "Сарыкөл" газетінде жарияланған);
2
2) Мәслихаттың 2011 жылғы 22 ақпандағы № 231 "Мәслихаттың 2009 жылғы 30 маусымдағы № 134 "Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған біржолғы талондар құнының және салық салу объектінің бірлігіне тіркелген салық ставкалардың мөлшері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-17-110 тіркелген, 2011 жылғы 21 сәуірдегі "Сарыкөл" газетінде жарияланған).
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы бойынша
Салық департаментінің
Сарыкөл ауданы бойынша
Салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_______________ Қ. Өтебай
6 Сарыкөл аудандық мәслихатының
2013 жылғы 20 мамырдағы
№ 86 шешіміне қосымша
Сарыкөл ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық
мөлшерлемелері
№
Салық салу объектісінің атауы
Айына салық салу
объектісінің бірлігіне
мөлшерлемелердің
мөлшері
(айлық есептік
көрсеткіш)
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге
арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
2.
Біреуден артық ойыншылардың
қатысуымен ойын өткізуге
арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
3.
Ойын өткізу үшін
пайдаланылатын дербес
компьютер
1
4.
Ойын жолы
5
5.
Карт
2
6.
Бильярд үстелі
3