Об утверждении границ зон регулирования застройки и зон охраняемого природного ландшафта памятников истории и культуры республиканского значения, расположенных на территории города Туркестан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении границ зон регулирования застройки и зон охраняемого природного ландшафта памятников истории и культуры республиканского значения, расположенных на территории города Туркестан
- Атауы (қаз.)
- Түркістан қаласының аумағында орналасқан республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 13/117-V
- Қабылданған күні
- 15.05.2013
- Көрсетілген редакция
- 14.09.2022 73032_592257.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13U0002312
- ЭКБ идентификаторы
- 73032
- Редакция идентификаторы
- 73032_592257
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:05
0 Түркістан қаласының аумағында орналасқан республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын бекіту туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұсынысын қарап, «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 36 бабы 2-тармағына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Осы шешімнің 1, 2, 3, 4 - қосымшаларына сәйкес, Түркістан қаласының аумағында орналасқан республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекаралары бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2013 жылғы
15 мамырдағы № 13/117-V
шешіміне 1-қосымша
Түркістан қаласының аумағында орналасқан республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекаралары
№
р/с
Тарих және мәдениет ескерткіштердің атауы, мерзімі
Ескерткіш түрі
Алаңы гектар
Құрылыс салуды реттеу аймағы
Қорғалатын табиғат ландшафты аймағы
1
2
3
4
5
1.
ХҮ-ХІХ ғасырлар Түркістан қалашығының тарихи қалыптасқан аумағында оқшауланған ескерткіштер тобы
35,4
35,4
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі XIV ғасырдың соңы
Қала құрылысы және сәулет
Күлтөбе қалашығы I мыңжылдықтың ортасы – XIV ғасыр
Археология
Түркістан қалашығы XV–XIX ғасырлар
Археология
Үлкен хильвет XII ғасыр
Қала құрылысы және сәулет
Жұма мешіті XIX ғасыр
Қала құрылысы және сәулет
Шілдехана XIV ғасыр
Қала құрылысы және сәулет
Сегіз қырлы кесенесі XIV-XVI ғасырлар
Қала құрылысы және сәулет
Рәбия Сұлтан Бегім кесенесі XV ғасыр
Қала құрылысы және сәулет
Атаусыз кесене (сағана) XVI ғасыр
Қала құрылысы және сәулет
Бекініс қамалы XVI-XIX ғасырлар
Қала құрылысы және сәулет
Шығыс моншасы XVI-XVІІІ ғасырлар
Қала құрылысы және сәулет
Есім ханның кесенесі XVII ғасыр
Қала құрылысы және сәулет
Қамал қақпалары XVIII-XIX ғасырлар
Қала құрылысы және сәулет
2.
Әулие Құмшық-ата хильветі XII ғасыр
Қала құрылысы және сәулет
0,53
0,53
3.
Темір жол станциясы кешені 1903 жыл (вокзал, депо, тұрғын үйлер, мұздықтар)
Қала құрылысы және сәулет
10,4
10,4
4 Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2013 жылғы
15 мамырдағы № 13/117-V
шешіміне 2-қосымша
XV-XIX ғасырлар Түркістан қалашығының тарихы қалыптасқан аумақта оқшауланған, Түркістан қаласының аумағында орналасқан республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің (Қожа Ахмет Яссауи кесенесі XIV ғасырдың соңы, Күлтөбе қалашығы І мыңжылдықтың ортасы - XIV ғасыр, Түркістан қалашығы XV-XIX ғасыр, Үлкен хильвет XII ғасыр, Жұма мешіті XIX ғасыр, Шілдехана XIV ғасыр, Сегіз қырлы кесенесі XIV-XVI ғасырлар, Рәбия Сұлтан Бегім кесенесі XV ғасыр, Атаусыз кесене (сағана) XVI ғасыр, Бекініс қамалы XVI-XIX ғасырлар, Шығыс моншасы XVI-XVIII ғасырлар, Есім ханның кесенесі XVII ғасыр, Қамал қақпалары XVIII-XIX ғасырлар) құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларының
СЫЗБАСЫ
Құрылыс салуды реттеу аймағының ауданы: S = 35,4 гектар.
Қорғалатын табиғат ландшафты аймағы үшін: S = 35,4 гектар.
5 Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2013 жылғы
15 мамырдағы № 13/117-V
шешіміне 3-қосымша
Түркістан қаласының аумағында орналасқан республикалық маңызы бар тарих және мәдениет «Әулие Құмшық-ата хильветі XII ғасыр» ескерткіштерінің құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларының СЫЗБАСЫ
Құрылыс салуды реттеу аймағының ауданы: S = 0,53 гектар.
Қорғалатын табиғат ландшафты аймағы үшін: S = 0,53 гектар.
6 Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2013 жылғы
15 мамырдағы № 13/117-V
шешіміне 4-қосымша
Түркістан қаласының аумағында орналасқан республикалық маңызы бар тарих және мәдениет «Темір жол станциясы кешені 1903 жыл (вокзал, депо, тұрғын үйлер, мұздықтар)» ескерткіштерінің құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларының СЫЗБАСЫ
Құрылыс салуды реттеу аймағының ауданы: S = 10,4 гектар.
Қорғалатын табиғат ландшафты аймағы үшін: S = 10,4 гектар.