Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении требований к защите свидетельства о рождении

Қаулы · № 601 · қабылданған 17.06.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-73035/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
Об утверждении требований к защите свидетельства о рождении Күшін жойған Қаулы ·№ 601 ·17.06.2013
13.07.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении требований к защите свидетельства о рождении

Күшін жойған Қаулы ·№ 601 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении требований к защите свидетельства о рождении
Атауы (қаз.)
Туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
601
Қабылданған күні
17.06.2013
Көрсетілген редакция
13.07.2023 73035_645252.kaz
Соңғы өзгеріс
13.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000601
ЭКБ идентификаторы
73035
Редакция идентификаторы
73035_645252
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:56

0 Туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы

«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптар бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 17 маусымдағы
№ 601 қаулысымен
бекітілген
Туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптар

1. Туу туралы куәлік бланкісінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленуге тиіс.

2. Туу туралы куәлік бланкісінде екіжақты мөр болады. Туу туралы куәлік бланкісі қазақтың оюлары, өрнектері қолданылып жасалған (ауданының кемінде 30 %-ы) жиекті рамкадан және тангерлік тордан тұрады.

3. Міндетті қорғаныш элементі ретінде биіктігі 250 мкм-ден аспайтын микрошрифт, сондай-ақ гильоштық элементтер пайдаланылады. Графикалық элементтерде сызықтықтан (штрихтік) басқа бейнелік құрылымдар болмайды.

4. Туу туралы куәлік бланкісі түпнұсқа сутамғы белгісі, арнайы қорғаныш дақтары бар, ақтығы 94-96 %, құрамында мақта немесе зығыр талшығының мөлшері жоғары сапалы қағазда жасалады, тығыздығы - 100-120 г/м2. Бейнелілігі - мөрдің әр жағында кем дегенде 4 бояу пайдаланылады. Бұл ретте температураның әсерінен өзінің түсі мен қанықтығын өзгертпейтін, түрлі түсті көшірмелеуге кедергі келтіретін пастельді қоспалары бар бояулар пайдаланылуы қажет.

5. Туу туралы куәлік бланкісінде қатты мұқаба және сыртында атауы жазылған бумвинилді қаптама болуы, біржақты мөрі бар жапсырылған қосымша парақ болуы тиіс.

6. Туу туралы куәлік бланкісінде жеті мәнді нөмір болады.

Қолданыстағы