Құжат мәтініне өту

Об утверждении базовой структуры местного государственного управления Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 608 · қабылданған 18.06.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-73054/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении базовой структуры местного государственного управления Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 608 ·18.06.2013
05.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении базовой структуры местного государственного управления Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 608 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении базовой структуры местного государственного управления Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
608
Қабылданған күні
18.06.2013
Көрсетілген редакция
05.05.2025 73054_757056.kaz
Соңғы өзгеріс
05.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000608
ЭКБ идентификаторы
73054
Редакция идентификаторы
73054_757056
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:56

0 Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымы бекітілсін.

2 2. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкiмдерiне әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әлеуметтiк-экономикалық даму ерекшелiктерiн ескере отырып, жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымын жылына 1 реттен көп емес, мына:

1 1) қажетті құрылымдық бөлімшелерді құру;

2 2) осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымымен көзделген құрылымдық бөлімшелерді қосу, біріктіру, бөлу жолымен өзгерту құқығы берілсін.

3 3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдеріне әкімшілік-аумақтық бірліктің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, облыс әкімінің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың құрылымын жылына 1 реттен көп емес, мына:

1 1) қажетті құрылымдық бөлімшелерді құру;

2 2) осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымымен көзделген құрылымдық бөлімшелерді қосу, біріктіру, бөлу жолымен өзгерту құқығы берілсін.

4

4. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері осы қаулының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тиісті құрылымдық бөлімшелерді құру, қайта ұйымдастыру кезінен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен өзге де мүдделі орталық мемлекеттік органдарды хабардар етсін.

5 5. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

6 6. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

7 7. Осы қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген кезден бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 18 маусымдағы
№ 608 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымы

1 1. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты

2 2. Сәулет және қала құрылысы басқармасы

3 3. Ішкі саясат басқармасы

4 4. Денсаулық сақтау басқармасы

5 5. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

6 6. Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

7 7. Тілдерді дамыту басқармасы

8 8. Білім басқармасы, сондай-ақ аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы аудандарда, астанада орналасқан, оған есеп беретін және оның бақылауындағы білім бөлімдері

9 9. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

10 10. Кәсіпкерлік басқармасы

11 11. Индустриялық-инновациялық даму басқармасы

12 12. Құрылыс басқармасы

13 13. Экономика және қаржы басқармасы

14 14. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

15 15. Жер қатынастары басқармасы

16 16. Дене шынықтыру және спорт басқармасы

17 17. Жастар саясаты мәселелері басқармасы

18 18. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

19 19. Дін істері басқармасы

20 20. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.01.2014 № 37 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

21 21. Ауыл шаруашылығы басқармасы

22 22. Тұрғын үй инспекциясы басқармасы*

23 23. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

24 24. Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

25 25. Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы

26 26. Цифрландыру басқармасы

27 27. Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы, сондай-ақ оған есеп беретін және оның бақылауында болатын, аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада орналасатын балалардың құқықтарын қорғау бөлімдері

1 1. Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімінің аппараты

2 2. Ішкі саясат бөлімі

3 3. Сәулет және қала құрылысы бөлімі

4 4. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі

5 5. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

6 6. Жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі

7 7. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

8

9 9. Кәсіпкерлік бөлімі

10 10. Дене шынықтыру және спорт бөлімі

11 11. Экономика және қаржы бөлімі

12 12. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

13 13. Тұрғын үй инспекциясы бөлімі

* тек республикалық маңызы бар қала, астана үшін

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 18 маусымдағы
№ 608 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1 1. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 қаулысы.

2 2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2255 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 3, 29-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасы.

3

3. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 695 қаулысы.

4

4. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 1006 қаулысы.

5

5. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 136 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 қазандағы № 1204 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 57, 820-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы.

6

6. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 874 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 61, 832-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.

7

7. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 тамыздағы № 1053 қаулысы.

8

8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 және «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1436 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 79, 1162-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасы.

9

9. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 337 қаулысы.

Қолданыстағы