Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест

Қаулы · № 140 · қабылданған 10.06.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-73161/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест Күшін жойған Қаулы ·№ 140 ·10.06.2013
06.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест

Күшін жойған Қаулы ·№ 140 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест
Атауы (қаз.)
Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
140
Қабылданған күні
10.06.2013
Көрсетілген редакция
06.05.2016 73161_95966.kaz
Соңғы өзгеріс
06.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13LE004467
ЭКБ идентификаторы
73161
Редакция идентификаторы
73161_95966
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:58

0 Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

2 2. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына бес проценті мөлшерінде квотасы белгіленсін.

3 3. Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарын бір проценті мөлшерінде квотасы белгіленсін.

4

4. "Қармақшы ауданында мүгедектер мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2011 жылғы 20 маусымдағы N 16 аудан әкімдігі қаулысының (облыстық Әділет департаментінде 2011 жылғы 11 шілдеде N 10-5-161 тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінде 2011 жылы 30 шілдеде N 66 ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақовқа жүктелсін.

6 6. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы